Баяндама тақырыбы: «Ж. Аймауытов: ұлттық психология» «Психология»



бет1/4
Дата24.01.2024
өлшемі35.06 Kb.
#489704
  1   2   3   4
55Ж.Аймауытов ұлттық психология ДЛЯ себя (1)


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


БАЯНДАМА


Тақырыбы: «Ж.Аймауытов: ұлттық психология»
«Психология» кафедрасының оқытушысы Паримбай Г.Ғ.

Шымкент, 2023


Ж.Аймауытов: ұлттық психология

Қазіргі таңда, Психология саласында замана талабына сай «Психология ғылымының көкжиегін классикалық психология бағытымен кеңейтуіміз керек пе?» әлде «Әр халыққа тән, индивидуалды, ұлттық психологияны зерттеп, дамытқанымыз жөн бе?» деген сұарақ жиі көтеріліп жүр. Осы орайда, біз ең әуелі «ұлттық психология дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беріп көрсек. Ұлттық психология – әр ұлт пен ұлыстың тек өзіне ғана тән тыныс-тіршілігінен туындайтын тіл, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, діннің психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін ғылым. Ұлттық психология – этнопсихологияның зерттейтін басты проблемасы. Ол негізінен ұлттық мінез, ұлттық сезім, ұлттық тіл, ұлттық намыс, ұлттық рух, ұлттық тұрпат секілді үлкен компоненттерден құралған. Ұлттық психологиясыз ұлт болмайды. Ал ұлттық психологияны дамытуда, қазақ психологтарына ғылыми зерттеуде де, шәкірт дайындауда да ұлт ұстазы болған Жүсіпбек Аймауытов тамаша үлгі.


Жүсіпбек Аймауытов – қазақ ғылымына өлшеусіз үлес қосқан ұлы қайраткер, адамның жан-жүйесін (психологиясын) қазақта тұңғыш зерттеп, оқулық жазған ғалым, ағартушы, ұлы ұстаз; 30-жылдар зобалаңының құрбаны болған суреткер, драматург, ғалым. Қазақ топырағында тұңғыш болып ұлттық психология ғылымының негізін қалаған, төлтума еңбек жазған адам.
Жалпы Ж.Аймауытовтың барлық шығармаларының негізгі идеясын мен мына бір сөзден таптым: «... қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын, баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек. Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды». Ғалымның мұраларынан түйеріміз, жаңашылдыққа ел болып жұмылған дұрыс. Бірақ, елді жаңашылдыққа жетелейтін, қоғамда ғылымның дұрыс дамуына, жастардың ғылым жолына түсуіне ықпал ететін зиялы ғалымдардың ел ішінен тәрбиеленіп шығатындығын ескерген жөн. Ұлттық санасы биік, терең білімді адам ғана ел игілігіне қызмет етеді» дей келе ғалыммен талмай жазылған зерттеу еңбектірінің ел игілігіне қызмет ететін ұрпақтың ұлттық санасын көтеру мақсатында жазғанын аңғарамыз.
Бізге Ж.Аймауытовтың көптеген көркем-әдеби шығармалары мен ғылыми еңбектері, оқулықтары белгілі. Десе де, солардың ішінде психология саласына жақыны ғалымның 1927 жылы Қызылордада баспаланған «Психология» кітабы мен 1926 жылы Мәскеуде жарық көрген «Жан жүйесі және өнер таңдау» кітаптары.
Бұл оқулықтар – мектеп мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындарының студенттеріне, оқытушыларға арналған өте құнды оқу құралдары.
Оның «Психология» еңбегі – қазақ даласында еуропалық жантану ілімінің сілемін әкелген тұңғыш еңбек болып саналады. Сол кезеңдерде ана тіліміздегі психология пәнінің терминдерін қалыптастыруда жетекшілік рөл атқарыған бұл еңбек қазақ тілінде жазылған, қанша уақыт өтсе де, өзінің құндылығын жоймаған тұңғыш оқулық. Аталмыш кітап бір жағынан ғылыми еңбек болса, ал екінші жағынан оқу құралы ретінде қолданылады.
Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология» кітабын зерттеген отандық ғалымдар оның құнды және ұрпаққа мол мұра болып қалатын дүние қалдырғанын айшықтап жазады. Және жыл сайын қатары толығып отыратын ғалымның еңбектері аясында жазылған дипломдық жұмыстар мен диссертациялар, ғылыми мақалалар бұған айқын дәлел. Осы орайда, ғалымның артында қалдырған ғылыми еңбектері жайлы педагогика ғылымдарының және психология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Жарықбаев өте көп зерттеген. Ғалым: «Жүсіпбектің тәлім-тәрбие тақырыбында жазған еңбектерінің ішінде «Психология» деп аталатын көлемді дүниесі айрықша айтуға тұрарлық. Өйткені бұл түркі тілдес халықтар тіліндегі сол кездегі бірден-бір туынды. Қырқыншы жылдарға дейін әзірбайжан, өзбек, түрікпен, қырғыз, башқұрт т.б тілдердің бірде-бірінде ұлттық психология аясында жазылған осы сынды еңбектердің болмағанын ескерсек, осы басылымның бағасы ерекше арта түседі» дейді.
Ал ендеше, ғалым Жүсіпбек жазған психология әлеміне тереңінен үңіліп көрсек:
Зерттеуші бұл еңбекте қарапайым адамға жұмбақ сияқты көрінетін психикалық құбылыстардың себептерімен, сырларымен таныстыра отырып, соған қарапайым тілмен жауап беруге ұмтылады.
Кітаптың «Психология нені сөйлейді?» дейтін бірінші тарауында бұл ғылымның екі жарым мың жылдық терең тарихына тоқталып, біраз мағлұмат береді. Адамның жан дүниесін, мінез-құлқын зерттеуді қалайша ұйымдастыруға болатынын тәптіштеп түсіндіреді. Адам психологиясын зерттеуде математиканы, оның вариациялық статистика дейтін саласын қолдануды да түсіндіріп жазып кеткен. Қазіргі психолог ғалымдарының таңқалатыны да осы. Неге десеңіздер, сол кезеңдерде психологияның математикалық статистика аталатын күрделі әдісі Қазақстан, тіпті психология біршама дамыған көршілес Ресей тұрмақ психологияның отаны саналатын Еуропаның өзінде біршама ғана ғалымдардың эксперименталды зерттеулерінде көрініс тауып сипатталып жатырған новация болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет