Ббк 5. А 36 Пікір жазғандар


 ЛИЗИНГ ЕСЕБІ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет9/38
Дата18.05.2022
өлшемі1.63 Mb.
#457004
түріМонография
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Лизинг КАЗ

ЛИЗИНГ ЕСЕБІ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ 
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ 
2.1 Лизингтік төлемдерді есептеу әдістемесі 
ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңға сәйкес, лизинг алушының лизинг 
берушіге шарт заты – мүлікті пайдалануға оған құқығын бергені үшін төленетін 
жалпы сома, лизингтік төлемдер болып түсіндіріледі [1]. 
ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заң негізінде лизингтік төлемдерге: лизинг 
шартының бүкіл қолданыс мерзімі ішіндегі лизингтік мүліктің өтемпұлы, 
комиссиялық сыйақы, лизинг шартында көзделген, лизинг берушінің қосымша 
қызмет көрсетулері үшін төлеу, сондай-ақ егер шартта сатып алу көзделсе
сатып алатын мүліктің құны және көрсетілген құнды лизингтік төлемдер 
құрамындағы үлестер түрінде төлеу тәртібі кіреді [1]. 
Шарт тараптары лизинг төлемін төлеу формасын белгілейді. Төлемдер 
ақшалай, өтемақылық (өнімдермен немесе лизинг алушының қызмет 
көрсетулерімен) және аралас формада жүзеге асырылуы мүмкін. 
Лизинг төлемін есептеу әдісін келісу кезінде тараптар келесі әдістерді 
таңдауы мүмкін: 

«жалпы сомасы белгіленген» әдіс, бұл кезде төлемдердің жалпы сомасы, 
тараптар келіскен мерзімділікке сәйкес шарттың бүкіл мерзімі ішінде тең 
үлестермен есептеледі;

«алғытөлеммен («аванспен») төленетін әдіс, бұл кезде лизинг алушы 
шарт жасау кезінде – талаптар келіскен мөлшерде лизинг берушіге алғытөлем 
(аванс) төлейді, ал лизингтік төлемдердің жалпы сомасының қалған бөлігі 
(алғытөлемді алып тастағандағы) есептеліп, жалпы сомасы белгіленген 
төлемдерді есептеу кезіндегі сияқты, шарттың қолданыс мерзімі ішінде 
төленеді; 

«ең төменгі төлемдер» әдісі, бұл кезде төлемдердің жалпы сомасына 
шарттың бүкіл қолданыс мерзімі ішіндегі лизингтік мүліктің өтемпұл сомасы, 
лизинг берушінің пайдаланған заем қаражаттары үшін төлеу, комиссиялық 
сыйақы және шартта көзделген, лизинг берушінің қосымша қызмет көрсетулері 
үшін төлеу, сондай-ақ егер сатып алу шартта көзделсе, сатып алынатын 
лизингтік мүліктің құны.
Лизингтік төлемдер мерзімді: жыл сайын, тоқсан сайын, ай сайын, апта 
сайын, сондай-ақ ай күндері бойынша төлем жасау мерзімдерінде жүргізілуі 
мүмкін [1]. 
Төлемдерді азайту, мысалы, егер комиссиялық сыйақы мөлшерлемесі 
тараптардың келісімімен, мүліктің өтелмеген құнына пайыздармен белгіленсе, 
сол уақытта жүргізілуі мүмкін. Егер лизинг затын сатып алу кезінде лизинг 
беруші несие ресурстарын тартқан болса, онда несиені өтеу кезінде, сондай-ақ 
пайдаланылатын несиелер үшін төлемақы мөлшері азайтылады. 
Лизингтік төлемдерді есептеу, 1-кестеде көрсетілген формулалар бойынша 
жүргізіледі. 


27
1-кесте 
Лизингтік төлемдерді есептеу 
Лизингтік төлем 
құрамы 
Лизингтік төлеуді есептеу тәртібі 
1.Өтемпұл 
аударымы (ӨА) 
ӨА=Nөа х ТҚ (2) 
мұндағы, Nөа – объектіні есепке алу (қабылдау) кезінде анықталатын, 
өтемпұл аудырымдарының нормасы (объектіні пайдалану мерзіміне 
көп байланысты), 
ТҚ – объектінің теңгерім бойынша құны, лизингтік мәміленің тікелей 
заты 
2.Пайдаланылған 
несие қаражаты 
үшін 
лизинг 
берушіге 
өтемақы
НТ =ТҚ х Нб (%) (3) 
мұндағы, НТ - (несие үшін төлем),
НҚ – лизинг объектісін сатып алуға пайдаланылған несие қаражаты, 
НбМ – несие бойынша мөлшерлеме 
n=(Қбас+Қсоң) х D (4)
мұндағы, КСn – n жылдағы пайдаланылатын несие ресурстары үшін 
төлем, 
Қб, Қс – жыл басындағы және оның соңындағы лизинг объектісінің 
қалдық құны, 
D – лизинг объектісінің жалпы құнындағы заем қаражат үлесі 
3.Комиссия 
я 
объектінің 
теңгерімдік 
құнынан, 
я 
жылдық 
орта 
қалдық құнынан 
есептелуі мүмкін 
 n ТҚ х өлшерлеме (%) (5) 
мұндағы, Кn – n жылдағы комиссия, 
ТҚ – теңгерім бойынша объекті құны, лизингтік мәміленің тікелей заты 
n (Қбас+Қсоң) х өлшерлеме (%) (6) 
мұндағы, Қбас, Қсоң – жылдың басындағы және оның соңындағы 
лизинг объектісінің қалдық құны,
мөлшерлеме К – қандай да бір базаға қатынасы бойынша есептеліп 
шығарылатын комиссия бойынша мөлшереме 
4.Лизинг 
берушінің 
қосымша 
(көмекші) 
қызмет 
көрсетулері
 Уn У1+У2+…+Уm (7) 
яғни лизинг беруші тарапынан лизинг алушыға әрбір көрсетілетін 
қызметке төлеу шығыстарының сомасы 
5. Қосымша құн 
салығы (ҚҚС) 
ҚҚ n = Вn х өлшереме ҚҚ (%) (8)
мұндағы, В – n жылдағы лизинг шарты бойынша мәміледен түскен 
түсім. 
Е с к е р т у: лизингтік есептеу негізінде авторлар құрастырды. 
 


28
Тараптардың келісуі бойынша төлемдер азаятын немесе көбейетін 
мөлшерлерде, тең үлестермен жүзеге асырылуы мүмкін. Лизингтік төлемдерді 
есептеу барысында лизингтік төлемдер құралдарын бір 9-формулаға біріктірген 
орынды болып көрінеді: 
Вn ӨАn+ n+НТn+Уn (9) 
мұндағы, ӨА – өтемпұл аударымы,
Км – пайдаланылған несие қаражаттары үшін лизинг берушіге өтемақы, 
НТn – n жылдағы несие үшін төлем, 
Уn – лизинг беруші тарапынан лизинг алушыға әрбір көрсетілетін қызметті 
төлеу шығыстарының сомасы. 
Аталмыш формула лизингтік төлемдерді есептеуді оңайлатуға мүмкіндік 
береді. 
Ұсынылған формула бойынша лизингтік төлемдерді есептеу мысалы 2-
кестеде көрсетілген. 
Бастапқы деректер: 
Теңгерім бойынша объекті құны: 100 000 000 тг. (несие қаражаттары 
есебінен толық сатып алынады) 
Пайдалану мерзімі: 5 жыл 
Шарт мерзімі: 3 жыл 
Несие бойынша мөлшерлеме: 15 % 
Лизинг берушінің комиссиясы: 10 % 
Лизинг берушінің қызмет көрсетулері: 600 000 тг. 
ҚҚС мөлшерлемесі: 12 %.
2-кесте 
Бірінші жыл үшін лизингтік төлемдерді есептеу 
Көрсеткіштер 
Төлемді есептеу (тг) 
1-ші жыл 
үшін 
төлемдер (тг) 
2-ші жыл 
үшін 
төлемдер 
(тг) 
3-ші жыл 
үшін 
төлемдер 
(тг) 





Жоба сомасы 
100 000 000/ 5 жыл 
20 000000 
20 000 000 
20 000000 
Несие үшін 
төлеу
100 000 000 + (100 млн.-
- 20 млн.) х 15/100 
27 000 000
21 000 000 
15 000 000 
Комиссия 
(100 000 000 +80 000 000) 
х х 10/100 
18 000 000
14 000 000 
10 000 000 
Қызмет 
көрсетулер 
0,6 млн./3 жыл 
200 000 
200 000
200 000
Түсім 
ҚҚС 
20 000 000 + 27 000 000 + 
+18 000 000 + 200 000
65,2 млн. х 18/100 
65 200 000
1 736 000
55 200 000
9 936 000 
45 200 000 
8 136 000 
Жыл үшін 
жиынтық ли-
зингтік төлем 
20 000 000 + 27 000 000 + 
+ 18 000 000. + 0,2 млн.+ 
+ 11,736 млн. 
76 936 000
65 136 000
53 336 000 
Е с к е р т у: құрастырған авторлар, лизингтік төлемдерді бөлу кестесін ай сайын тараптар 
тікелей лизинг шартымен анықтайды.


29
Осылайша, біздің пікірімізше, лизингтік операциялар жасау үшін лизингтік 
жобалардың әр түрлі нұсқаларын, сол нұсқаларды жасау талабын, атап 
айтқанда, лизингтік төлемдерді төлеудің өзіндік ерешелігін бағалау қажет. 
Мұнан өзге, лизинг шарты, лизинг алушының лизинг объектісін қалдық құны 
бойынша (қосымша сатып алу-сату шартын жасау арқылы) алдағы уақытта 
сатып алуын қарастыруы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет