Ббк 5. А 36 Пікір жазғандар


 Лизингті өлшеу қағидаттары



Pdf көрінісі
бет8/38
Дата18.05.2022
өлшемі1.63 Mb.
#457004
түріМонография
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
Лизинг КАЗ

1.4 Лизингті өлшеу қағидаттары 
Қаржы лизингі келесі функцияларды орындайды:
- заем капиталының неғұрлым тапшы түрі – ұзақмерзімді несиеге деген 
қажеттілікті қанағаттандырады. Қазіргі кезеңде ұйымдарды ұзақмерзімді 
банктік несиелендіру аса азайып кетті және бұл ұзақмерзімді активтер құрамын 
жаңалаумен және кеңейтумен байланысты олардың инвестициялық қызметін 
тежейді;
- ұйымдардың заем қаражаттарға деген мақсатты қажеттіліктерін толық 
қанағаттандырады. Ұзақмерзімді активтердің құрамын жаңалау және кеңейту 
нақты мақсаттарында қаржы лизингін пайдалану ұйымның – заем капиталының 
неғұрлым тапшы түріне – ұзақмерзімді несиеге деген қажеттілігін болдырмауға 
мүмкіндік береді; 
- несиені толық қамтамасыз етуді автоматты түрде қалыптастырады және 
бұл, оны тарту құнын төмендетеді. Ол, лизингке алынған активтің 
өтемпұлының бірте-біртелігімен байланысты, ұйымның негізгі қарызды өтеуін 
қажет етпейді; 
- ұйымның қаржылық қауқарсыздығы (банкроттығы) жағдайында, 
лизингтік төлемдердің төленбеген бөлігі мен мәміле бойынша тұрақсыздық 
таныту сомасын өтеу мақсатында несие алушының өзі жүзеге асыруы мүмкін 
лизинг затының өзі, несиені осындай қамтамасыз ету формасы болып 
табылады. Лизинг берушінің (лиссор) пайдасына лизинг алушының (рейтор) 
лизинг затын міндетті сақтандыруы, несиені осындай қамтамасыз етудің 
қосымша формасы болып саналады. Лизинг берушінің несие тәуекелі деңгейін 
төмендетуі, ұйымның қаржы ресурсының осы түрін тарту құнын сәйкесінше 
төмендету үшін алғышарттар жасайды.
- қарызға қызмет көрсетумен байланысты, төлемдер формаларының 
неғұрлым кең диапазонын қамтамасыз етеді. Оның негізгі сомасын қайтару 
және қарызға қызмет көрсету ақшалай төлемдер формасында жүзеге 
асырылатын банк несиесінен өзгешелігі, қаржы лизингі осындай төлемдерді 
басқалай формаларда, мысалы, лизинг берілетін активтердің қатысуымен 
жүргізілетін, өнімдерді жеткізу формасында жүзеге асырылады [1];
- қарызға қызмет көрсетумен байланысты, төлемдер мерзімдерінің үлкен 
икемділігін қамтамасыз етеді. Банк несиесін өтеу мен оған қызмет көрсетудің 
дәстүрлі практикасынан өзгешелігі, қаржы лизингі, лизингке берілетін активті
пайдалану сипаты мен мерзімін ескере отырып, ұйымдарға лизингтік 
төлемдерді сызбалардың неғұрлым кең диапазоны бойынша жүзеге асыру 
мүмкіндігін береді және бұл несие құралын пайдалануды неғұрлым 
артықшылықты етеді.
Өндірістік, өткізу және инвестициялық функция, лизингтің маңызды 
функциялары болып саналады.
Өндірістік функция әр түрлі салалардағы (құрылыс, жеңіл және ауыр 
өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірісі) кәсіпорындар өндірісін дамытуға оң 
ықпал етеді. Осы салалар кәсіпорындары үшін лизинг – бұл қымбат тұратын 
негізгі құралдарды сатып алу тәсілдерінің бірі.


24
Сатушы (өндірістік құралдарды жасаушы) үшін өткізу функциясы – қаржы 
лизингінің өз өнімдерін өткізу (өткізу арнасы) тәсілдерінің бірі болып 
көрінетіндігі болып табылады.
Келесілер инвестициялық функция болып саналады. Лизинг беруші, кейін 
лизингке беру мақсатында, сатушыдан мүлікті сатып ала отырып, негізінен 
өндірістік мүлікке қаражат салуды жүзеге асырады және болашақта пайда 
алуды күтеді, яғни мүліктің құны өзін-өзі ақтап қана қоймай, оған табыс 
әкеледі.
Лизинг өлшемін зерттеудегі оның маңызды тұсы келесі болып саналады: 
- мерзімділік, ақылылық, қайтарушылық – лизингті қаржыландыру 
қағидаттары; 
- инновациялық, 
үнемділік, 
мақсатты 
бағытталушылық, 
мүліктік 
жауапкершілік;
- шарттық 
қатынастар, тараптардың теңқұқылығы, қатынастардың 
еріктілігі; 
- меншік иесінен пайдаланудың мүліктік құқығымен айрықшалану, 
мүліктің меншік иесінің өзгеруі кезінде шарттың үзілмеушілігі. 
Лизингпен жасалатын инвестициялық жобаларды бағалаудың өзіндік 
ерекшелігі. Инвестицияларды қаржыландырудың әр түрлі формаларын 
пайдалану оларды талдауды және неғұрлым оңтайлы және қолайлы сызбаларды 
таңдауды болжайды. Инвестицияларды қаржыландырудың келесі негізгі 
формалары қолданылады: меншікті капитал есебінен немесе заем капиталы 
есебінен. 
Инвестициялық жобалар. Онда лизинг жағдайларында жабдықтарды сатып 
алудың баламасы қарастырылады, негізгі тиімділік көрсеткіштерін анықтау 
кезінде ерекше тәсілдемені қажет етеді. Осындай жобалар бағалаудың 
төмендегідей өзіндік ерешелігімен өзгешеленеді: 
- өзін-өзі ақтаушылықтың классикалық мерзімі, капитал шығындары мен 
айналым капиталының өсімінен қалыптасатын, жұмсалған инвестициялық 
шығындарды ескере отырып есептеледі. Жабдықтар лизингі кезіндегі 
шығындар – лизингтік төлемдер – ағымдағы шығындар болып саналады. 
Сондықтан жобаны жүзеге асырудың бастапқы кезеңдеріндегі капитал 
шығындары соншалықты көп емес немесе нөлге тең. Бұл жағдайда, есептеу, 
мысалы, инвестициялардың өзін-өзі ақтаушылық мерзімін классикалық 
әдістеме бойынша есептеу толықтай шекте дұрыс бола бермейді: бірқатар 
жобаларда ол өте аз болуы мүмкін; 
- жобаның тиімділік көрсеткіштерін есептеу үшін классикалық нұсқадағы 
ақшалай қаражаттардың таза ағыны, қаржыландырудың – меншікті және займ 
көздерін есепке алусыз, жобаның ақша ағындарының сомасы ретінде 
анықталады. Толық инвестициялық шығындардың тиімділігін анықтау 
ағындары, меншікті капитал көзқарасы тұрғысынан жобаның тиімділігін 
анықтау ағындары, сондай-ақ есептеліп шығарылады. Лизинг тетігі арқылы 
қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау үшін 
«шартты көрсеткішті» - «жиынтық дисконтталған ақша ағынын» пайдалауға 
болады. Аталмыш көрсеткіш ақша қаражатының жылыстауындағы лизингтік 


25
төлемдерді ескере отырып есептелуі мүмкін. Бұл ретте, лизинг сызбаларын, 
өзге де маңызды тұстарды пайдалану кезінде туындайтын, салық 
аударымдарын қысқартуды ескеру қажет: лизинг кезінде лизинг затына 3-ке 
дейінгі жеделдету коэффициентімен жеделдетілген өтемпұлды қолдану 
мүмкіндігі бар, бұл пайдаға және мүлікке салынатын салық бойынша 
төлемдерге түбегейлі әсерін тигізуі мүмкін (қосымша шығындар – лизинг 
кезіндегі құрастыру, жеткізу, мүлікті сақтандыру лизинг шарты бойынша 
төлемдерде ескерілуі мүмкін); несие жағдайында, бұны қалай болғанда да, 
мысалы, меншікті қаражаттан қаржыландыру керек.
Осылайша, біздің пікіріміз бойынша, талдау үшін ақша ағынын 
қалыптастыру кезінде бір уақыт кезеңіндегі нұсқаларға салыстырулар жүргізу 
қажет. Қаралатын көкжиекті (горизонтты) таңдау айқындаушы болып 
саналады. Бұл, жобаны жүзеге асыру баламаларын салыстыру үшін негіз береді. 
Мысалы, бізге не тиімдірек – меншікті/заем қаражаттары есебінен жабдықтар 
сатып алу ма немесе жабдықты лизингке алу ма деген тұрғыдан. лизингтік 
мәмілелердің елеулі саны несиелер негізінде жасалады, бұл ретте лизинг 
компаниясы өз маржасын қосады және бұл, несиемен салыстырғанда лизингтің 
тиімділігі туралы кейбір күмән туғызады. Лизинг шартының мерзімі аса жиі 
түрде жабдықтың толық өтемпұлдарының мерзімімен сәйкес келеді, ұзақ 
мерзімге несие алу қиындау. Несие шартын жасағанға қарағанда, әдетте лизинг 
шартын жасау оңайырақ, өйткені төлемдерді төлеуді қамтамасыз ету бойынша 
талап, несие бойынша қойылатын талапқа қарағанда төмен болып саналады.


26


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет