Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2



Pdf көрінісі
бет144/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   205
index

Ас тұзымен улану. Ас тұзы жіңішке ішекте сорылады. Организмде 
токсикалық мӛлшерде ол бірвалентті, еківалентті катиондардың 


261 
теңділігін, ұлпаларда осмостық қысымды, жасушалардың тыныс алу 
үрдісін бұзады, осы үрдістер салдарынан үлпаларда оттегі тапшылығы 
пайда болады. 
Малдар кӛбінесе азық құрамында ас тұзының кӛп болу себебінен 
улануға ұшырайды, әсіресе шошқа улануға коп шалдығады. Азық 
құрамындағы 1,5% кӛп ас тұзы малдың улануына әкеп соғады. 
Емдеу. Азық құрамын бақылайды; тамыр ішіне кальций хлорид, 
глюкоза, күйзеліс кезінде тері астына кофеин, коразол енгізеді. Азық, 
жем құрамындағы ас тұзын мұқият қадағалап отыру қажет. 
Нитрат пен нитритпен улану. Нитрит және нитратпен улану 
кӛзі болып, азоттық тыңайтқыштар, оларға жататындар нитрит 
аммонийсі; натрий нитраты; калий нитраты және піскен қызылшаны 
баяу суыту. 
Нитраттарда токсикалық қасиет кӛп емес, бірақ олар кӛптеп 
жиналған кезде жоғарғы токсинді нитритке айналып кетеді. Нитриттің 
токсикалық қасиеті бірден қан айналым орталығын салдандырады, 
осының салдарынан қан қысымы тез тӛмендеп кетіп, жануар ӛлімге 
ұшырайды. Осымен қатар нитриттер қандағы гемоглобиннің
метгемаглобинге айналуына себеп болады және ұлпаларда оттегі 
тӛмендеуінің салдарынан ұлпа аноксияға ұшырайды. 
Емдеу үшін тамыр ішіне 1% метилен кӛгін 5-10 мг/кг мӛлшерде 
енгізеді, ішке сүт қышқылын, асқазанды сумен шаяды, тері астына 
кофеин, коразол егеді. 
Малдарды минералды тыңайтқыштан қадағалау керек, су мен 
азықтың сапасын тексереді, ӛйткені жерді азот тыңайтқыштармен 
ӛңдегенде су мен азық улануы мүмкін. 
Күнжара үлпектерімен улану. Күнжара үлпегінің құрамында 
госиппол деген улы зат бар. Күнжараны азық ретінде кӛп мӛлшерде 
ұзақ уақыт қолданғанда мал уланады. 
Рационда кальций тұзы, дәрумендердің жетіспеуі улануды 
тездетеді. Күнжараға барлық мал, әсіресе жас малдар сезімтал. Жас 
тӛлдер анасын емгенде, сүтпен де улануы мүмкін. Күнжарамен 
азықтандырғаннан 10-30 күннен кейін де малдар улануы мүмкін. 
Рационнан күнжара үлпектерін алып тастау керек. Асқазанды 3-5% 
калий перманганат ерітіндісімен, натрий бикарбонаты ерітіндісімен 
жуады, ішке түз әлсіздеткіштерін қолданады, 5-10% бикарбонат 
ерітіндісімен клизма қояды, тамыр ішіне глюкоза енгізеді ал тері 
астына 
кофеин, 
камфара 
егеді. 
10-20 
күн 
күнжарамен 
азықтандырғаннан кейін арасына 2 апта үзіліс жасап отыру қажет
ойткені госиполдың кумуляция қасиеті бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет