Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2



Pdf көрінісі
бет156/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   205
index

Хлорлы әк - тұз қышқылының және хлорат қышқылы тұздарының 
қоспасы, ол гипохлориттан, хлоридтан және кальций гидрототығынан 
тұрады. Ақ түсті ұнтақ зат, ӛткір иісті, тығыздығы 0,65-0,9 г/м
3

Зауыттан шыққан кездегі хлордың құрамы 30-38% болса, ұзақ уақыт 
немесе дұрыс сақталмағанда, ол 25% одан тӛменге дейін кемиді. 
Хлорлы әкті-жаңа сӛндірілген әкті хлормен қанықтыру арқылы 
зауыттарда алады. Ауа, күн сәулесі, жылу мен ылғал, органикалық 
қоспалар (ағаш ұгінділері, кӛмір шаңы, майлар), каталитикалық 
әсердегі металдар болғанда жарылуы мүмкін. 


273 
27-Кесте. Хлорлы әк үшін МемСТ 1692-58 бойынша қойылатын 
талаптар. 
Құрамы,% 
Маркалар 
А 
Б 
В 
Белсенді хлор 
35 
35 
32 
Жалпы 
және 
белсенді 
хлордың 
арасындағы 
айырмашылығы 



Ылғалдылық, % 

10 
Нормасы жоқ 
Сақтау 

Нормасы жоқ 
Нормасы жоқ 
Осы аталған белсенді хлордың хлорлы әктегі мӛлшері оны 
дайындағаннан кейін сол уақытта болады. Сақтау және тасымалдау 
процестерінде, кӛбінесе ережелерді бұзғанда, хлорлы әк тез ыдырайды. 
Ветеринарлық тәжірибеде дезинфекция үшін құрамында белсенді 
хлоры бар 25% хлорлы әк қолданады. 
Хлорлы әкті сақтайтын бӛлмелер жақсы желдетілуі тиіс, құрғақ, 
салқын болуы керек. Әрбір ыдыста сертификат, жасалған күйі, белсенді 
хлордың мӛлшері жазылуы тиіс. Жанармаймен, ӛртқауіпті заттармен 
және жарылатын заттармен бірге тасымалдауға болмайды. 
Хлорлы әк тек қана таза микроб культурасында емес, органикалық 
ортаға 
да 
ӛзін 
белсенді 
дезинфектант 
ретінде 
танытты. 
Микрооргнизмдердің кӛбі алғашқы 30-60 минут ішінде ӛледі. Құрғақ 
хлорлы әк әлсіз белсенді болады. Микробтарға қарсы әсері кӛбінесе 
ерітінді түрінде қолданғанда жақсы кӛрінеді, ол белсенді хлор 
концентрациясына байланысты. Вегетативті микроорганизмдер үшін 
спораларға қарағанда концентрациясы 2-3 есе аз болу керек. 
Хлорлы әктің ерітіндіге әсер ету механизмі ортаның химиялық 
құрамына байланысты: қышқылды ортада HCL O+HCL=H
2
O+CL
2
;
орташа және сілтілі ортада HCL O=HCL+O. Белсенді хлор және оттегі 
микроб жасушамен қосылғанда, оның функциялары бұзылады. 
Тәжірибеде кӛлікті дезинфекциялық жұмыстардан ӛткізгенде 
хлорлы әкті ұнтақ және әлсіз ерітінді түрінде қолданылады. 
Хлорлы әк ұнтағы әлсіз белсенді, бірақ ылғал болғанда белсенділігі 
жоғарылайды. 25% белсенді хлоры бар препарат түрінде қолданылады. 
Құрамында әртүрлі белсенді хлоры бар ағарған хлорлы әк 
ерітіндісі жануар және жануартекті ӛнімдерді тасымалдағаннан кейін 
кӛліктерді залалсыздандыру үшін қолданылады. Бұл ерітінділер 
қабырғаға жабысқан әртүрлі вирустар мен спораларды жояды. Хлорлы 
әктің ағарған ерітіндісін дезинфекция үшін пайдаланғанда, оның 
температурасы 25
0
С-тан жоғары болмауы шарт. 


274 
Ағарған хлорлы әктің ерітіндісін дайындау үшін ағаштан жасалған 
ыдысқа суды ½-
1
/
3
бӛлікке дейін құйып қажет мӛлшерде әкті қосып
жақсылап араластырып, суды белгілі кӛлемге дейін толтырады. Оны бір 
тәулікке дейін тұндырады, үстіңгі мӛлдір сұйығын басқа ыдысқа құйып 
алады. Ерітінді қолдануға дайын. Жұмыс ерітіндісін дайындау үшін, 
хлорлы әктің қажетті салмағын келесі ӛрнек арқылы есептейді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет