Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2



Pdf көрінісі
бет19/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   205
index

уақытша тоқтата тұру. 


31 
Елге кіруге рұқсат ветеринариялық ілеспе құжаттардың және орны 
ауыстырылатын 
(тасымалданатын) 
объектінің 
ветеринариялық 
(ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі белгіленген кезде 
жүзеге асырылады. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық 
инспектор ветеринариялық ілеспе құжатта орны ауыстырылатын 
(тасымалданатын) объектіге «әкелуге рұқсат берілген» деген белгі 
қояды. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект межелі пунктіне 
дейін кедергісіз жіберіледі, кейіннен ол межелі пунктінде тіркеліп және 
қажет болған жағдайда оның қауіпсіздігін растау рәсімі жүргізіледі 
(сынаманы іріктеп алу және зертханалық зерттеулер жүргізу). 
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелуге 
тыйым салу келесі жағдайларда іске асырылады:  орны ауыстырылатын 
(тасымалданатын) объектінің ветеринариялық-санитариялық құжаттарға 
сәйкес болмауы белгіленген; ветеринариялық ілеспе құжаттар, уәкілетті 
орган ведомствосы берген рұқсат болмаған және объектінің 
ветеринариялық -санитариялық талаптарға сәйкестігі туралы толық 
ақпарат болмаған; объекті шығарылған елде немесе жӛнелтуші елде 
эпизоотиялық жағдай ӛзгерген (нашарлаған); объектінің әкелінетін, 
әкетілетін кӛлемі (саны) ветеринариялық ілеспе құжаттарда кӛрсетілген 
кӛлемнен (саннан) артық болған жағдайда. Онда бекетінің 
ветеринариялық-санитариялық инспекторы объектінің ветеринариялық 
ілеспе құжаттарына «әкелуге тыйым салынған» деген белгі қояды. 
Әкелуге тыйым салынған объектінің иесі оны кеден пункті аумағының 
шекарасынан тыс әкетуді немесе аса қауіпті аурулардың ену қаупі 
белгіленген жағдайда жоюды қамтамасыз етеді. 
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелуді 
уақытша тоқтата тұру келесі кездерде орын алады: орны 
ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің сынамаларын іріктеуді 
жүзеге асыру және оларды аса қауіпті ауруларды белгілеу мақсатында 
ветеринариялық 
зертханаға 
жолдау; 
ветеринариялық 
ілеспе 
құжаттардың деректерін және объектіні әкелуге, әкетуге рұқсатты 
нақтылау (растау) қажет болған; объект ӛткізілетін пункт ӛзгертілген 
(жаңа рұқсат алғанға дейін) кезде қабылданады. Тоқтатылып қойған 
объектіні орналастыру уақытша сақтау қоймаларында және/немесе 
нақтылағанға 
және/немесе 
зертханалық 
зерттеулер 
нәтижелері 
алынғанға дейін оқшаулағыштарда жүзеге асырылады. Объектінің 
қауіпсіздігін зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша расталған 
жағдайда елге кіргізуге рұқсат беріледі. Зертханалық зерттеу 
нәтижелері бойынша аса қауіпті аурулар белгіленген жағдайда әкелуге 
тыйым салынып, кейіннен жойылады. 
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің қауіпсіздік 
талаптарына сәйкес келмеуі белгіленген жағдайда кәдеге жарату үшін 
әкелуге рұқсат беріледі. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) 


32 
объектіні кәдеге жарату және/немесе ӛткізілетін (тасымалданатын) 
қауіпті объектіні жою Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2008 жылғы 
15 ақпандағы № 140 
қаулысымен бекітілген Адамның ӛмірі мен 
денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп тӛндіретін 
тамақ ӛнімдерін кәдеге жарату және жою ережесіне сәйкес жүргізіледі. 
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттау кезінде 
оның соңғы межелі пунктінде сынамаларды іріктеп алу және оның 
ветеринариялық-санитариялық сараптамасы жүзеге асырылады. ВББ-
нiң 
мемлекеттiк 
ветеринариялық-санитариялық 
инспекторлары 
мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау 
нәтижелерi 
бойынша 
орны 
ауыстырылатын 
(тасымалданатын) 
объектiлердiң экспортын, импортын, транзитiн есепке алу журналына 
тиiстi жазбаларды енгiзедi. 
ВББ-нің 
мемлекеттік 
ветеринариялық-санитариялық 
инспекторлары қызмет кӛрсету аймағында тұрған уәкілетті орган 
ведомствосының 
аумақтық 
бӛлімшесіне 
орны 
ауыстырылатын 
(тасымалданатын) объектінің Кеден одағының кедендiк шекарасымен 
тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы 
арқылы ӛткізілгені туралы, оның ішінде импорт кезіндегі соңғы межелі 
пункті туралы, экспорт кезіндегі жӛнелту пункті, жүру бағыты, 
аялдамалары, қайта тиеу, жануарларды азықтандыру (суару)
Қадағаланбайтын 
жануарлар 
Кеден 
одағының 
кедендiк 
шекарасымен 
тұспа-тұс 
келетiн 
Қазақстан 
Республикасының 
Мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына 
ӛткізілетін болса, ВББ-нің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық 
инспекторлары кӛрсетілген жануарларды одан әрі пайдалану туралы 
шешім қабылданғанға дейін оларды Қазақстан Республикасының 
ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен 
карантинге қою үшін уәкілетті орган ведомствосының тиісті шекара 
маңындағы аумағында орналасқан бӛлімшелеріне береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


33 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет