Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ҚҦРЫЛЫМЫ, ҚЫЗМЕТТЕРІ



Pdf көрінісі
бет7/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   205
index

ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ҚҦРЫЛЫМЫ, ҚЫЗМЕТТЕРІ, 
МІНДЕТТЕРІ 
 
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті жүктелген 
ветеринария, 
ветеринариялық-санитариялық 
бақылауға 
және 
қадағалауға жататын тамақ ӛнімдері саласында іске асырылатын және 
бақылау-қадағалау қызметтерін жүргізетін Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Комитет қҧрамы келесі басқармаларынан тҧрады: 
1) тамақ ӛнімдері мен орны ауыстырылатын объектілер 
қауіпсіздігі басқармасынан; 
2) биологиялық қауіпсіздік басқармасынан; 
3) жануарлардың ауруларының таралуын болжау және қауіпті 
талдау басқармасынан; 
4) ветеринариялық заңнама басқармасынан; 
5) құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу 
басқармасынан; 
6) ұйымдастыру жұмысы және бухгалтерлік есеп басқармасынан 
тұрады. 
Комитеттің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, 
қалалар мен аудандарда аумақтық инспекциялары, олардың ішінде орын 
ауыстыратын 
(тасымалданатын) 
объектілеріне 
ветеринариялық-
санитариялық бақылау және қадағалау жүргізетін қажетті құралдармен 
және жабдықтармен жарақталған шекаралық және кедендік пункттерде 
(Кеден одағының кедендік шекарасымен тура келетін Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы ӛткізу пункттері) 
орналасқан ветеринариялық бақылау бекеттері бар.
Облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы, қалалар мен 
аудандардағы аумақтық инспекциялар Комитетке ведомстволық 
бағынысты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы 
заңды тұлғасы болып табылады. 
Комитеттің негізгі міндеттері және функциялары мен 
қҧқықтары 
Комитеттің негізгі міндеттері болып есептелінеді:1) реттелетін 
салада ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды 
қамтамасыз ету; 2) реттелетін салада мемлекеттік саясатты, 
стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және ӛзге бағдарламалар мен 
жобаларды қамтамасыз ету; 


11 
Комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
1) реттелетін салада стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және 
ӛзге бағдарламалары мен жобаларды іске асырады; 
2) 
ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау 
мәселелері бойынша мемлекеттің саясатын іске асырады; 
3) жануарлардың аса қауіпті ауруларын алдын алу және 
диагностика жүргізу бойынша бағдарламаны іске асырады; 
4) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға 
жататын тағамдық ӛнімдердің қауіпсіздігі саласында нормативтік-
техникалық құжаттамалар жобаларын келіседі; 
5) 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын тағам 
ӛнімдерін әзірлеу (жасау), ӛндіру (дайындау), жарату және жою
процестерінің 
(сатыларының) 
сәйкестігіне 
ветеринариялық-
санитариялық бақылау және қадағалауды ұйымдастырады және іске 
асырады; 
6) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға 
жататын ішкі сауда орындарында қауіпті тағам ӛнімдерінің сатылуын 
анықтау және жол бермеу мақсатында ветеринариялық-санитариялық 
бақылау және қадағалау мен мониторинг жасауды іске асырады; 
7) жануарлар аурулары, эпизоотиялық ошақтар пайда болған 
жағдайда олар бойынша эпизоотиялық мониторинг жүргізеді; 
8) 
тиісті 
әкімшілік-аумақтық 
бірлестік 
аумағында 
ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша 
ветеринариялық шаралар жоспарын келісуді жүргізеді; 
9) жануарлар ауруларының пайда болу және таралу және олардың 
тағамдық улану себептерін анықтайды; 
10) қолдағы бар тиісті ақпараттың негізінде экспорттаушы елдің 
ғылыми негіздемесі жеткіліксіз болған жағдайда, халықаралық 
ұйымдардан 
алынған 
ақпараттарды 
қоса 
отырып, 
уақытша 
ветеринариялық-санитариялық шараларды енгізеді; 
11) тәуекелді талдау, мал ауруларының таралуына болжам 
жүргізеді; 
12) тәуекелді талдау және бағалау кезінде адамның ӛміріне және 
денсаулығына зиянды әсер ету мүмкіншілігі бірдейлендірілетін 
жағдайда, алайда оның дәрежесін анықтауға арналған қолдағы бар 
ғылыми мәліметтердің жеткіліксіздігінде, тәуекелдікті басқару бойынша 
қажетті ветеринариялық-санитариялық шаралар қабылдайды; 
13) ветеринария саласы бойынша қолданылатын ұйымдарда 
жануарлар ауруларының қоздырғыш штаммдарының тасымалдануына 
(жеткізуін), 
сақталуына, 
қолданылуына 
және 
жойылуына 
ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүргізеді; 
14) жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тағам 
ӛнімдерін, азық, азық қоспаларын, құралдарын және аспаптарына 
қорытындылар береді; 


12 
15) жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тағам 
ӛнімдерін, азық, азық қоспаларын ӛндіруге нормативтік-техникалық 
құжаттаманы келіседі; 
16) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын 
сақтауды, қолдануды және тізімнен шығаруды, мемлекеттік сатып алуды 
ұйымдастырады; 
17) бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған 
ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса 
есептегенде, бӛлуді және сақтауды, қолдануды және тізімнен шығаруды 
бақылайды; 
18) ветеринариялық препараттарға, азық және азық қоспаларына, 
құралдарға, аспаптарға тіркеу сынақтарын жүргізеді, сонымен бірге 
ветеринариялық препараттарды, азық және азық қоспаларын 
мемлекеттік тіркеуге алады
19) жануарларды ӛсіру, жануарлардан алынатын ӛнімдер мен 
шикізатты ӛндіру, дайындау (сою), сақтау, ӛңдеу және ӛткізу жӛніндегі 
ұйымдарда, ветеринариялық препараттарды және азық және азық 
қоспаларын экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, 
ішкі сауда объектілерінде және ӛндіріс объектілерінде мемлекеттік 
ветеринариялық бақылауды және қадағалауды жүргізеді; 
20) жануарларды ӛсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын 
ӛнімдер мен шикізаттарды дайындауды (союды), сақтауды, қайта 
ӛңдеуді және ӛткізуді жүзеге асыратын, сондай-ақ ветеринариялық 
препараттарды, азық және азық қоспаларын ӛндіру, сақтау және ӛткізу 
жӛніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын ӛндіріс объектілерін 
пайдалануға тапсыру бойынша мемлекеттік комиссияға қатысады; 
21) кеден одағының мүше мемлекеттерінің ветеринария 
саласындағы құзыретті органдары кеден одағының кеден аумағына 
әкелінетін, сондай-ақ кеден одағының бір мүше мемлекетінің аумағынан 
кеден одағының екінші мүше мемлекетінің аумағына ауыстырылатын 
ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың бірыңғай 
тізіміне енгізілген тауарларды (ӛнімдерді) ӛндіруді, қайта ӛңдеуді және 
сақтауды жүргізетін отандық және шетел ұйымдары мен адамдарға 
бірлескен тексерулерді (инспекциялауды) және кейіннен зертханалық 
зерттеу жүргізу және тексерулер (инспекциялау) нәтижелерін ресімдеу 
үшін кӛрсетілген тауарлардан (ӛнімдерден) сынамалар (үлгілер) алуды 
ұйымдастырады және жүзеге асырады; 
22) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және 
қадағалау объектілерінің қауіпсіздігіне, ветеринариялық-санитариялық 
жағдайға бақылау және қадағалау жүргізеді; 
23) ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге эпизоотиялық 
жағдайдың сәйкестігіне баға беруді ескере отырып, экспорттауға, 
импорттауға және транзиттеуге рұқсат береді; 
24) 
ауыстырылатын 
(тасымалданатын) 
объектілерге 
ветеринариялық сертификатты ресімдеуді және беруді жүргізеді; 


13 
25) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және 
қадағалау объектілерді ветеринариялық-санитариялық қорытынды 
береді; 
26) Қазақстан Республикасының заңнамасында кӛзделген тәртіпте 
техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына 
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау 
жүргізеді; 
27) Қазақстан Республикасы заңнамасында және халықаралық 
шарттарда кӛзделген тәртіпте және жағдайларда ветеринариялық-
санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тауарларды 
(ӛнімдерді) ӛндіретін, қайта ӛңдейтін және сақтайтын ұйымдарды және 
тұлғаларды Тізілімге енгізу және одан шығару туралы шешім 
қабылдайды; 
28) кеден одағы және үшінші елдердің кәсіпорындарының 
тізілімін жүргізеді; 
29) жануарлар ӛсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын 
ӛнімдер мен шикізаттарды дайындауды (союды), сақтауды, қайта 
ӛңдеуді және ӛткізуді жүзеге асыратын және ветеринариялық 
препараттарды, азық пен азық қоспаларын жүзеге асыратын ӛндіріс 
объектілеріне есеп нӛмірлерін береді; 
30) кеден одағының кеден аумағына әкелінетін, сонымен бірге 
кеден одағына мүше мемлекеттің біреуінің аумағынан кеден одағына 
басқа мүше-мемлекеттің аумағына тасымалданатын ветеринариялық 
бақылауға және қадағалауға жататын тауарлардың бірыңғай тізіміне 
енгізілген тауарларды (ӛнімдерді) ӛндіруді, қайта ӛңдеуді және сақтауды 
жүргізетін ұйымдарға мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық 
бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;
31) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық 
туралы заңнамасымен кӛзделген жағдайларда, нұсқама береді және 
әкімшілік айыппұл салады, әкімшілік құқық бұзушылық жӛнінде 
хаттамалар толтырады, істерді қарайды; 
32) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден 
келетін жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының кіруі 
мен таралуынан қорғау бойынша ветеринариялық шараларды 
бақылайды және оны жүзеге асырады; 
33) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте 
(Автокӛлік ӛткізу пункттерінен басқа, кеден одағының кеден 
шекарасымен тура келетін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
шекарасы арқылы ӛткізу пункттерінде) шекаралық және кедендік ӛткізу 
пункттерінде ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастырады; 
34) ауру аз таралған немесе аурудан таза аумақтардың бӛліктерін 
анықтауды жүргізеді, осы аумақтардан экспортталатын орын 
ауыстырылатын 
(тасымалданатын) 
объектілерге 
мемлекеттік 
ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүргізеді, 
импорттаушы елдерге растау құжатын беру және Қазақстан 


14 
Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда кӛзделген 
жағдайларда, оның ӛкілдерінің осы аумақтарда инспекция жүргізуге қол 
жеткізуін қамтамасыз етеді; 
35) тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық-
санитариялық инспекторларының ұсыныстары бойынша тиісті 
әкімшілік-аумақтық бірлігінің жергілікті атқарушы органдарының 
шешімімен карантин алынғаннан кейін, ветеринария саласындағы 
Қазақстан Республикасы заңнамасымен кӛзделген жағдайлардағы 
шектеу шараларын анықтайды; 
36) ветеринариялық шараларды іске асыру бойынша ұсыныстар 
мен әдістемелік кӛрсеткіштерге келісім береді; 
37) жануарлардың аса қауіпті ауруларының шығуы тіркелген 
кӛрші 
мемлекеттердің 
шекаралық 
аумақтарынан 
Қазақстан 
Республикасының 
аумағына 
кіретін 
кӛлік 
құралдарына 
залалсыздандырудың (зарарсыздандырудың) жүргізілуіне бақылау және 
қадағалау жүргізеді; 
38) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және 
қадағалауға бақылау объектілерін тасымалдау (орын ауыстыру) үшін 
қолданылатын 
және 
қолданылған 
кӛлік 
құралдарына 
залалсыздандырудың 
(зарарсыздандырудың) 
(ветеринариялық-
санитариялық ӛңдеу) жүргізілуіне бақылау және қадағалау жүргізеді; 
39) шекара және кеден пункттерінде (кеден одағының кеден 
шекарасымен тура келетін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
шекарасы арқылы ӛткізу пункттерінде, автокӛлік ӛткізу пункттерінен 
басқа) кеден одағының кеден шекарасы тура келетін Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тасымалданатын 
объектілердің тасымалдануына (орын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде 
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау 
жүргізеді; 
40) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және 
қадағалау жүргізу туралы және ауыстырылатын (тасымалданатын) 
объектілерден импорт рұқсат етілетін ұйымдарды анықтау туралы 
шешім шығарады; 
41) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және 
қадағалауға 
жататын 
нысандардан 
диагностикалық 
немесе 
ветеринариялық-санитариялық сараптау үшін мүдде білдіретін 
адамдарға жүргізілетін зерттеулердің мерзімі жӛнінде хабарлағаннан 
кейін сынамалар алуды жүргізеді; 
42) басқа мемлекеттердің ветеринария саласындағы құзыретті 
органдарымен ветеринариялық сертификаттарды бірге әзірлеу, келісу 
және қол таңба қоюды жүргізеді; 
43) ветеринариялық-санитариялық шаралар бойынша Кеден 
одағының 
Келісімін 
және 
ветеринария 
саласында 
Қазақстан 
Республикасының басқа халықаралық шарттарын іске асыруға 
қатысады; 


15 
44) Қазақстан Республикасы заңнамасымен кӛзделген тәртіпте, 
ветеринария мәселелері бойынша ветеринария саласындағы шет 
елдердің құзыретті органдарының және халықаралық ұйымдардың 
ветеринариялық қызметтерімен ӛзара іс-әрекет жүргізеді; 
45) 
Қазақстан 
Республикасы 
ветеринария 
саласындағы 
заңнамасымен белгіленген тәртіпте ветеринариялық есепке алу және 
есептілікті жүргізеді; 
46) ветеринария саласында қызмет жүргізетін жергілікті атқарушы 
органдардың бӛлімшелерінің қызметіне бақылау және қадағалау 
жүргізеді; 
47) ауыл шаруашылығы малдарына бірегейлендіру жүргізуді 
бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; 
48) ветеринариялық ғылыми зерттеулерді, ғылыми-техникалық 
бағдарламаларды және ветеринария саласында мамандарды қайта 
даярлауды ұйымдастырады; 
49) Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы 
мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңына сәйкес реттеуші 
саладағы, тәуекелдік дәрежесін бағалау ӛлшемдерін, тексеру 
парақтарын, міндетті ведомстволық есептілік үлгілеріне қатысты 
актілерді әзірлейді; 
50) ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың қызметіне 
Қазақстан 
Республикасы 
заңнамасымен 
кӛзделген 
мӛр 
және 
мӛртабандардың үлгілерін әзірлейді және бекітеді
51) 
Қазақстан 
Республикасының 
қолданыстағы 
заңының 
шеңберінде ӛздеріне жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында, 
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар туралы 
ережелерді әзірлейді және бекітеді; 
52) ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының 
заңнамасының жеке және заңды тұлғалармен сақталуына мемлекеттік 
бақылау жүргізеді және ұйымдастырады; 
53) ветеринария саласындағы үкіметтік емес ұйымдармен ӛзара іс-
әрекетті ұйымдастырады және жүргізеді;
54) Комитеттің аумақтық бӛлімшелерінің және қарамағындағы 
ұйымдардың қызметтеріне бақылау жүргізеді; 
55) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға 
жататын ветеринария және тағам ӛнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы 
нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді; 
56) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға 
жататын ветеринария саласындағы және тағам ӛнімдерінің қауіпсіздігі 
бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында қаралған басқа 
функцияларды іске асырады. 
Негізгі міндеттерді іске асыру және ӛзінің функцияларын жүзеге 
асыру үшін Комитет ӛзінің құзыреті шегінде заңнамада белгіленген 
тәртіпте мынадай құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырады:


16 
1) ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы 
нормаларының орындалуын тексеру мақсатында заңнамалық тәртіпте 
анықталған ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау 
объектілеріне кедергісіз кіруге (қызмет куәлігін кӛрсету бойынша) және 
де ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметтері 
туралы ақпарат алуға; 
2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және 
қадағалау объектілерінен сынамалар алуды, олардың диагностикасы 
немесе 
ветеринариялық-санитариялық 
сараптамасын 
мүдделі 
тұлғаларға, оларға зерттеу жүргізу мерзімі туралы хабарлай отырып 
жүргізеді; 
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және 
қадағалау жүргізеді; 
4) ветеринариялық құжаттарды ресімдеуді және беруді іске 
асырады;
5) жануарлар және адам денсаулығына қауіп тӛндіретін 
бақылаудағы объектілерді алуды және жоюды іске асырады; 
6) ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының 
қолданыстағы заңнамасымен ұсынылған ӛкілеттіктер шегінде актілер 
шығарады; 
7) 
ветеринариялық-санитариялық 
қолайлы 
аумақта 
және 
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау 
объектілерінің қолайсыз пункттерінде жануар және адам денсаулығына 
қауіп тӛндіру анықталған кезде, оларды Қазақстан Республикасының 
заңнамасымен анықталған тәртіпте алады және жояды, зиянды ӛнімдерді 
залалсыздандыруға 
(зарарсыздандыруға) 
немесе 
қайта 
ӛңдеуді 
ұйымдастыруға қатысады және анықталған деректер туралы денсаулық 
сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлайды; 
8) соттың шешімінсіз жеке кәсіпкерлердің және заңды 
тұлғалардың қызметтерін тоқтатуға немесе тыйым салуға, айрықша 
жағдайларда үш күннен аспайтын уақытта міндетті түрде кӛрсетілген 
мерзімде сотқа талап арызын беруге; 
9) реттелетін салада әкімшілік құқық бұзушылық туралы 
хаттамалар толтырады, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес 
реттелетін салада Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылған 
жағдайда тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартады; 
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен кӛзделген тәртіпте 
сотқа талап арызбен жүгінеді және оларды қарауға қатысады; 
11) 
реттелуші 
саладағы 
Қазақстан 
Республикасының 
заңнамасымен кӛзделген басқа құқықтарды жүргізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет