Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


СУ КӚЛІКТЕРІМЕН ЖАНУАРТЕКТІ ШИКІ ЗАТТАРЫН



Pdf көрінісі
бет130/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   205
index

СУ КӚЛІКТЕРІМЕН ЖАНУАРТЕКТІ ШИКІ ЗАТТАРЫН 
ТАСЫМАЛДАУЫНДА ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ 
БАҚЫЛАУ 
Жануартекті шикізаттарды ветеринарлық бақылау және 
тасымалдау тәртібі. Теңіз және ӛзен кӛлігімен әр түрлі жануарлар 
терісін, жүн, шаш, қыл және жүн тарамдарын, құрғақ және суланып-
тұздалған шектер, мамық, қауырсын, сүйек, мүйіз, тұяқ және тағы да 
басқа жануартекті шикізаттарды белгіленген нысан бойынша, 
шаруашылық 
жұқпалы 
аурулардан 
сау 
екенін 
дәлелдейтін 
ветеринарлық сертификаттары мен анықтамасы болған жағдайда 
тасымалдайды. 
Шикізатты су жолымен тасымалдау ӛзіндік ерекшеліктермен 
сипатталады, тасымалдау ережелерін сақтамау барысында кӛптеген 
ауру, соның ішінде індеттік, паразитарлық аурулар, әсіресе сібір 
жарасы туындауы мүмкін. Әсіресе Азия, Африкадан келіп түсетін 
шикізаттарды мұқият бақылау керек, себебі ол елдерде тері 
шикізатында сібір жарасының қоздырғышын анықтау үшін Асколи 
реакциясы қойылмайды. Шикізатты тасымалдау тек белгіленген үлгі 
бойынша жабдықталған жағдайда рұқсат етіледі. Ветеринарлық 
санитарлық қадағалау жүктің 5% тексерістен ӛткізеді.
Кептірілген терілерді тасымалдау (тұщы құрғақ және тұздалған 
құрғақ шикізат).Терілердің кӛп бӛлігін бүктелген күйде, кем дегенде 
80кг дейін тасымалдайды. Тюктерді жіппен екі қайтара байлайды, 
орташа штабелдермен орналастырады.
Торсық, қой терілерін, тон шикізаттарын қабылдау алдында, теріде 
ветеринарлық санитарлық қадағалаудың сібір жарасына тексерілді 
деген белгісі міндетті түрде болу керек. Ветеринарлық сертификатта 
барлығы нақты кӛрсетіліп, таңба қойылады. Жүкті дұрыс орналастыру 
үшін құрғақ тері үстіне құрғақ кип жүгін орналастырады. Балауса 
немесе мұздатылған, суланған тері шикізаттары тасымалдануға 
жіберілмейді. 
Сулы – тұздалған терілерді тасымалдау. Оларды бӛшкелерде, 
байлап және бос түрде тасымалдайды. Терілерден жағымсыз иіс 


246 
шыққандықтан, терілер салынған бӛшкелерді құрғақ жүктермен қосып 
тасымалдамайды, себебі олар бӛтен иіске сезімтал болып келеді.
Трюмдерде корпустың металл бӛлігінің түбіне тақтайдан, 
брезенттен жасалынған тӛсеніш тӛсейді. Теріні арту барысында оның 
сапасын және жағдайын анықтау қиын. Сол себепті жүкті сақтау 
жағдайларын, теріні жабдықтау тәсілдерін, кеме бӛлімдеріндегі 
желдету жүйесі туралы мәліметті арнайы журналға тіркеу керек. 
Әрбір тюкке кӛлемі 9x15см фанерлі бирканы мықтап байлайды, 
трафареттің кӛмегімен келесі мәліметтерді енгізеді; тюктердің реттік 
номері, жӛнелтуші, алушының атауы, спецификация нӛмері, шикізат 
түрі, консервілеу түрі, тері мӛлшері, тері массасы мен кӛлемі, стандарт 
нӛмері. Бирканың келесі жағын таза күйінде қалдырады, онда 
жӛнелтуші кӛліктің министрлік бекіткен белгілеулері қойылады. 
Сортсыз әр түрлі терілерді тек трюмнің тӛменгі бӛлігіне жүктейді. 
Терілерді бүктеу қажет емес, шіруге әкеледі. Әрбір ярусқа тұз сеуіп
тұздық құяды. Терінің жоғарғы қабатына кем деген 15см қалыңдықта 
тұз себеді. Теріні тасымалдау кезінде жаңбыр, теңіз суынан және 
конденсаттан сақтаған жӛн, желдету жағдайын ескеру қажет. Ауа райы 
жағдайына байланысты, рейс барысында жүк люктерін ашып қою 
керек. Сулы-тұздалған терілерді түсіргеннен кейін жүк бӛлімдерін 
жуады. Трюмды тұздан дұрыс жуу, тоттанудан сақтайды. Трюмдегі 
иісті кетіру үшін ағаш тӛсенішті кӛтеріп, барлық тақтайды жақсылап 
жуады. Сулы-тұздалған шикізатты сақтау және тасымалдау 
температурасы 1-12°С, салыстырмалы ылғалдылығы 89-90%. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет