255
Ӛңештің толық бітелуі тамыр-түйнекті азық жеуінен, кей жағдайда
азықтың құрамындағы түйіршіктер әсерінен, сонымен қатар азықты
жылдам жұтудың әсерінен болады.
Ӛңештің толық емес бітелуі бӛгде заттар мысалы: темір-терсек,
ине, шеге, сумен т.б. қатты заттарды
жұтып қоюының салдарынан
болады.
Аурудың жіті түрінде уақытында кӛмек кӛрсетсе, ӛңеште тұрып
қалған затты алса, мал сауығып кетеді. Созылмалы түрінде ӛңеш
қабынуы, некроз және ӛңештің қабырғалары жыртылуына әкеліп соғуы
мүмкін.
Ӛңештің толық бітелуінде, ӛңешке 100-150,0
вазелинді және
ӛсімдік майын енгізеді. Ӛңештің жиырылуын тӛмендету үшін атропин
ерітіндісін, платифилин және аминазинды тері астына енгізеді. Осыдан
кейін екі қолдың кӛмегімен ӛңештің сыртынан басып тұрған затты
ӛңештің кең жеріне қарай және асқазанға қарай ығыстырады. Егер бұл
әдіс кеуде бӛлігінде орналасса, оны зонд арқылы асқазанға және ауыз
қуысы
арқылы шығаруға тырысады, ол үшін қос ілмекті
(двухпетлевидный) Хохлов зондын қолдану керек. Егер іш ӛте кеуіп
кетсе, троакармен теседі. Ӛңешке үшкір және тікенекті зат түскен
болса, зондпен алуға болмайды, оны тек операция жолымен алу керек.
Алдын алу шарасы болып
малды дұрыс жұмсақ азықпен
азықтандыру керек және азық құрамына бӛгде (темір, шыны, шеге т.б.)
заттардың түспеуін қадағалау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: