257
Мес қарынның екіншілік жіті тимпаниясы ӛңештің бітелуі
кезінде қалыптасады. Созылмалы мес қарын тимпаниясы
травматикалық ретикулит, ӛңештің қысылуында,
бауыр ауруы кезінде
ішектің жиырылуы кезінде пайда болатын ауру.
Бұзауларда мес қарын тимпониясы сүттік кезеңде, шӛпті азық
жейтін кезеңге ауысқанда жиі байқалады, ал қой мен ешкіде асқазан-
ішек жолында безоарлар мен фитоконкременттердің пайда болуынан
болады.
Жіті тимпания кезінде жануарға емдік дәрі қолданбаса, 1-2
сағаттан кейін және одан ұзақ уақытта мал ӛліп кетуі мүмкін. Ал
тез
арада емдік жәрдем кӛрсетсе, ауруды қайтаруға болады. Созылмалы
тимпония кезінде ауру 1 апта немесе айлар бойы созылуы мүмкін, бұл
жағдайда емдеу негізгі ауруға байланысты болып келеді.
Емдеуді кешіктіруге болмайды. Мес қарындағы ашыту үрдісін
тоқтату үшін ірі қара малға ішке 10-20,0 ихтиол, 10-15 мл фармалин
және 5-10 мл лизолды 1-2 л суда араластырып енгізу керек. Мес
қарындағы кӛбікті бұзу үшін ішке 200 мл тимпанол және 50 мл
сикаденді 2-5 л сумен араластырып енгізеді, сонымен қатар 150-300 мл
ӛсімдік және вазелин майын енгізеді. Газды шығару үшін 2-3 мл жаңа
сауылған сүт енгізеді және 20,0 күйдірілген магнезия тағайындайды.
Малды кекірту үшін алдынғы денесі артқы денесіне қарағанда биіктеу
орналасу керек және мес қарынның сыртынан жұдырықтап массаж
жасау керек. Сонымен қатар малды кекірту үшін қолдың кӛмегімен
тілді тарту арқылы және ақырындап биікке шығару, үстіне суық су құю,
таңдайды тітіркендіру жасауға болады.
Мес қарын тимпаниясының
ауыр түрінде зонд салады және қарынды 1:10000 калий перманганат
ерітіндісімен жуады, мес қарында троакармен тесіп, баяу түрде
жиналған газды шығарады. Мал сауыққаннан кейін белгілі бір
азықтық рацион құру керек. Мес
қарынның моторлық қызметін
қалпына келтіру үшін руминаторлық препараттар қолданған жӛн.
Кӛбікті тимпания кезінде мес қарынды тесу дұрыс нәтиже бермейді,
ӛйткені троакармен кӛбік аз күйінде ғана шығады. Кӛбікті тимпания
кезінде мес қарынды тазалау және кекірту әдістері ғана жақсы нәтиже
береді. Қажет кезде руминотомия қолданады.
Алдын алу шарасы ретінде малды
жайылымға шығарар алдында
малға аздап азық берген жӛн, малшыларға мес қарынның тимпаниясы
туралы мәлімет берген жӛн.
Достарыңызбен бөлісу: