Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2



Pdf көрінісі
бет146/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   205
index

Кенепшӛп күнжарасымен улану. Кенепшӛп күнжарасының 
піспеген егістік ұрықтары улы болады, кенепшӛп күнжарасын ұзақ 
сақтауға болмайды, ӛйткені ол тез зеңденіп кетеді. Улану кӛріністері: 
бұлшық еттері дірілдейді, салданады, жалпы әлсіздік, тамыр соғуы 
жілейді, күйзеліс байқалады. 
Ішке тұз әлсіздеткіштер, танин, тамыр ішіне глюкоза, натрий 
тиосульфат енгізеді, тері астына коразол, кофеин егеді. 
Кенепшӛп күнжарасын кӛп мерзімде сақтауға болмайды. Буаз және 
жас малдарға конопля күнжарасын аз мӛлшерде абайлап беру керек. 
Қызылшамен улану. Шошқалар сезімтал. Пісірген, буланған 
қызылшаны малға азық ретінде қолданғанда улану пайда болады. 
Қызылшаны пісіргеннен кейін 5-6 сағат ӛткен соң оны азық ретінде 
қолдану қауіпті, ал 12 сағат ӛткеннен кейін ол улы болып кетеді. 


263 
Пісірілген қызылшада динитрофицирлі бактериялар тез дамиды, 
осының салдарынан калий силитрасы қалыптасады, соңында ол 
нитраттар мен тотықтырғыштарға айналады. 
Құлақ қан тамырына 0,5 мл 1кг тірі салмақ есебімен 2% метилен 
кӛгі, глюкоза ерітіндісін енгізеді, ішке сүт береді, тері астына кофеин, 
коразол егеді. 
Алдын алу шарасы ретінде піскен қызылшаның ұзақ мерзімде, ұзақ 
суытуға болмайды, қызылшаны жақсылап пісірген дұрыс. 
Картоппен улану. Кӛбіне шошқа, ал жылқы мен ешкі сирек
улануы мүмкін. Улану картоптан гликоалкалоид соланин жиналу 
салдарынан болады. Картоп ӛсінділері, піспеген картоп, үлкен түйінді 
картоптар ӛте қауіпті болып келеді. 
Асқазанды жуады, ішке әлсіздеткіш танин, сілекей шӛптер береді, 
тамыр ішіне глюкоза береді, тері астына кофеин, коразол, камфара 
енгізеді. Картопты қайнатқаннан кейін сумен жақсылап жуады
ӛсінділерін алып тастау қажет. 
Сірнемемен улану. Сірнені сақтаған кезде тез ашып, жағымсыз 
қасиеттерге ие болады. Сірне құрамында аз мӛлшерде калий натрий 
сілтісі бар, сондықтан ол асқазанды, ішек-қарын жолдарын, бүйректі 
тітіркендіреді. 
Сірнемен улануға торайлар шалдығады, ӛйткені онда кальций мен 
фосфор жетіспеуінен болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет