Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


ГЛОССАРИЙ  338  ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБМЕТТЕР ТІЗІМІ



Pdf көрінісі
бет5/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   205
index

ГЛОССАРИЙ 
338 
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБМЕТТЕР ТІЗІМІ 
343 
 
 
 
 
 
 
 
 



АЛҒЫСӚЗ 
 
Казіргі 
таңда 
Қазақстан 
Республикасында 
жануарларды, 
жануартекті ӛнімдер мен шикізаттарды экспорттау және импорттау 
кӛлемі ӛсуде. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының шекара 
және 
кӛліктегі 
мемлекеттік 
ветеринарлық 
инспекторларының 
жауапкершілігі артуда. Ветеринарлық инспекторлардың міндеттері: 
аурудан сау емес шаруашылықтан ӛнімді шығармау; тасымалдау 
барысында жұқпалы аурулардың пайда болуына және таралуына қарсы 
алдын алу шараларын жүргізу; ақауы бар еттерді, ет, сүт ӛнімдерін және 
жануартекті шикізаттарды жібермеу; тасымалдау кезінде ҚР 
ветеринария туралы заңдылық ережелерін ұстануға; вагон, автокӛлік 
және кеме кӛліктерімен ӛнімдерді тасымалдау кезінде дезинфекциялық 
жұмыстарды сапалы жүргізу. Кӛліктің барлық түрлерімен жануар, ӛнім 
және жануартекті шикізаттарды тасымалдау кезіндегі басты мәселе - 
аурулардың таралуының алдын алу жұмыстарын жүргізу, тасымалдау 
барысында ветеринарлық-санитарлық талаптарды міндетті түрде 
орындау жатады. Барлық аталған міндеттер ҚР аумағына шетелден 
жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының ӛтуінен сақтайды, бұл 
жұмысты 
шекарадағы 
ветеринарлық 
бекеттің 
ветеринарлық 
инспекторлары жүзеге асырады. Бұл жағдайда ҚР кӛліктегі 
ветеринарлық қызметтің транзит және республика ішінде ішкі 
тасымалдау мен ветеринарлық-санитарлық қадағалау жұмыстарын 
дұрыс ұйымдастыру маңызды болып табылады. 
Ветеринарлық-санитарлық 
қадағалау 
негізіне 
ветеринарлық 
санитария ғылымын оқу барысында алынған білім жатады, себебі 
зертханалық және ӛндірістік зерттеулер тәжірибесінің негізі патогенді 
немесе шартты патогенді микроорганизмдер жануар ауруларын 
тудыратын 
және 
ӛнімдермен 
жануартекті 
шикізаттардың 
жарамсыздығына әкелетін компоненттерді жақсы білу шарт. 
Мемлекеттік қадағалау - бақылау және қадағалау түсініктерінен 
құралады.
Бақылау - ол сарапшылардың бақылау жұмыстары, яғни зерттеу,
сараптау жұмыстарын жүргізу. Қадағалау - мемлекеттік ветеринарлық 
инспекторлардың базар, сауда орталықтарында, кӛлік, шекарада, ет және 
сүт ӛндірістерінде мемлекеттік ветеринарлық бақылау жүргізу, 
ұйғарымдарды ресімдеу, жауапкершілікке тарту сынама үлгілерін алу.
Қандай мемлекеттік қызмет болмасын, ӛзіне қатысты тарихымен 
ерекшеленеді. ҚР кӛліктегі ветеринарлық қызметінің де тарихы бар. 
Шекара және кӛліктегі ветқадағалау және бақылау қызметінің дамуы 
тікелей сыртқы саясат және сауда байланыстарының дамуымен 
байланысты. Мұнда ең бастысы - мемлекетпен қандай дәрежеде 
ынтымақта және территориялары қаншалықты жақын болып табылғаны 
ескеріледі. 



Қазан тӛңкерісіне дейін Қазақстанда темір жол жүйесі толық 
дамыған, жануар және жануартекті шикізаттар Ресейдің ӛнеркәсіп 
орталықтарына айдалып тасымалданған. Қазақстанда бұл кезде 150 ірі 
жәрмеңкелер, сауда орталықтары болған, бұл орталықтарға шалғайдағы 
аудандардан грунт жолдармен мал және мал ӛнімдерін жеткізген. Негізгі 
орталықтар болып Орынбор, Орал, Қостанай, Петропавл, Ақмола, 
Павлодар, Семей, Алматы, Жамбыл және Шымкент қалалары саналған. 
Қазақстанның грунт жолдары орталық және оңтүстік Ресей, Орал, Сібір, 
Орта Азия және Қытаймен байланысқан. Бұл кезде темір жол кӛлігінде 
ветеринарлық қадағалау қызметі мүлдем болмаған. 
Кеңес Одағы жылдарында темір жол құрылысы жылдан жылға 
дамыды, жануарларды және жануар текті шикізаттарды тасымалдау 
кӛлемі ұлғая түсті. 
Жануар, құс, ет және жануартекті шикізаттарды тасымалдау, 
аурудың алдын алу, алдын ала хабарлау, қоршаған ортаны зоонозды 
аурулардан сақтау үшін темір жолдарда ветеринарлық қызмет 
ұйымдастырылды. Алғашқыда бірнеше кӛліктегі ветеринарлық-
санитарлық орындар ашылды, яғни Орынбор-Ташкент темір жолы, 
кейін Қарағанды-Петропавловск-Қостанай, 1930 жылдары Түркістан-
Сібір темір жолы. 
1933 жылға дейін темір жолдағы ветеринарлық қызмет КСРО 
Министрлік жүйесінде болатын. Кейін КСРО Ауыл шаруашылығы 
министрлігіне орталықтандырылды. 1936 ж Қазақ темір жолы 6 мың 
қашықтыққа созылды. Сол кезде онда 30 кӛліктегі ветеринарлық-
санитарлық аймақтар болған. Қазақстанда темір жол кӛлігінде 
ветеринарлық қызметті ұйымдастырған - Республиканың ветеринарлық 
дәрігері С.Т.Поветкин, ол кӛліктегі ветеринарлық қызметтің бастығы 
лауазымын 23 жыл атқарған. 
1936 жылдан бастап Қазақ темір жолымен жануар, ет және жануар 
текті шикізат ӛнімдері ұйымдастырылған тәртіппен тасымалданған, 
жылдан-жылға тасымалдау кӛлемі ұлғайды. 1940 жылдары арту, түсіру 
және транзитте 1 млн 575 мың жануар, ет және ет ӛнімдері 46796 тонна, 
жануартекті шикізаттар-54283 тонна кӛлемінде бақылаудан ӛткізілді. 
1940 жылдары тасымалданған жануарлар арасында індеттік жағдайы 
бойынша 50302 жануар және шикізат ӛнімдері тасымалданған вагондар 
жуылып, дезинфекция жұмыстары жүргізілді. 
Қазақстан темір жолында барлығы 41 кӛліктегі ветеринарлық – 
санитарлық бӛлім жұмыс жүргізді, соның ішінде 5 бақылау – транзит, 12 
транзит және 24 – линиялық. Екінші және үшінші категория бойынша 
темір жол вагондарын ветеринарлық-санитарлық ӛңдеу үшін Жаңа 
Семей стансасында ірі дезжуғыш станция салынды.
Ал 1963 жылы жалпы Қазақстан темір жолында арту, түсіру, 
транзит кезінде 7 млн барлық мал түрі, 250 мың сом ет ӛнімдері және 
400 мың сом жоғары жануартекті шикізаттар ветеринарлық бақылаудан 
ӛткізілді. 1965 жылы жануарларды тасымалдау кӛлемі 1940 жылы 



салыстырғанда 4,7 есе, ет – 5 есе, жануартекті шикізат – 7,4 есе ӛсті. 
1965 жылы тазартылған, жуылған, дезинфекцияланған 158 мың. темір 
жол вагондары, соның ішінде 2-ші және 3-ші категория бойынша 7021 
вагон, 1940 жылмен салыстырғанда 3 есе кӛрсеткішке жоғарылаған. 
Кеңес Одағының ыдырауы, Қазақстан Республикасының қалыптасуы, 
Алматы, Батыс-Қазақстан ветеринарлық қызмет негізінде шекара және 
кӛліктегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалауда Шығыс – аймақтық 
басқармасы ұйымдастырылды.
1992 жылы ҚР АШМ бұйрығымен шекара және кӛліктегі 
мемлекеттік ветеринарлық қадағалау басқармасы құрылды, 1994 жылы 
шекара және кӛліктегі мемлекеттік бас ветеринарлық қадағалау 
басқармасы деп аты ӛзгертілді. Бұл қызметті К.Д. Дәулетбаев басқарды. 
«Шекарадағы және кӛліктегі ветеринариялық-санитариялық 
бақылау» пәні «Ветеринариялық-санитария мамандығының негізгі 
саласы болып табылады. Бұл пәннің негізгі міндеттері- импортттау, 
эспорттау, транзит және ел іші тасымалы кезінде әр түрлі жұқпалы және 
т.б. аурулардың алдын алу жолдарын, елімізге басқа шет елдерден келуі 
мүмкін жұқпалы аурулардан қорғау және оларды байқала қалған 
жағдайда сыртқа шығармауды үйрететін пән. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет