Пәннің мақсаты білім алушыларға әртүрлі кӛлік түрлерімен
ӛтетін бақылаудағы жүктерге ветеринариялық-санитариялық қадағалау
жүргізуді қамтамасыз ететін кешенді білім беру.
Мемлекеттік жалпыға бірдей жоғары арнайы білім стандартына
сәйкес пәнді игеру кезінде алынған білім қамтамасыз етуі керек:1)
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан ӛтетін бақылаудағы
жүктерге қажетті негізгі нормативтік құжаттарды білуі; 2) шекарадан
ӛтетін бақылаудағы жүктерге ветеринариялық-санитариялық бақылау
жүргізетін Мемлекеттік шекара мен кӛліктегі ветеринариялық-
санитариялық қызметтің құрылымын, міндеттерін, мақсатын және
құқықтарын білу; 3) шекарадан ӛтетін бақылаудағы жүктерге
(тауарларға) қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптарды білу;
4) экспорт, импорт, және транзит кезінде декларант кӛрсеткен
құжаттарды зерттеуді және олардың дұрыстығын анықтауды үйрету; 5)
Қазақстан Республикасына әр түрлі жұқпалы аурауларды кіргізбеу
мақсатында шекарадан ӛтетін жануарларды клиникалық диагностикалық
зерттеулерден ӛткізуді менгеру; 6) ҚР шекарасынан ӛтетін азық-түліктер
мен жануар тектес шикізаттарға олардың ветеринариялық-санитариялық
тұрғыдан қауіпсіз екендігін анықтайтын зертханалық талдау жүргізуді
үйрену; 7) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан ӛтетін
тауарларға құжаттар толтыруды білу; 8) шекарадан ӛтетін жануарлар,
азық-түліктер, жануар тектес шикізаттар тасымалына қатысатын кӛлік
құралдарын ветеринариялық-санитариялық ӛңдеуден ӛткізуді меңгеру;
9) мемлекеттік шакарадан ӛтетін тауарларға кедендік және шекаралық
бақылау жүргізетін тағы басқа да мемлекеттік органдармен ӛзара
байланыс жүргізуді білу.