159
бруцеллезге, некробактериозға,туберкулезге; құстарды (тауық) –
пуллороз, туберкулез Марек ауруына қарсы егілу керек; ит
және
мысықтарды-ет қоректілердің обасы, құтырық, гепатит, вирусты
энтерит, лептоспироз; түбітті аңдар (қара түлкі) алеут ауруына;
қояндарды – эймериозға; араларды – варроатоз, акарапидоз, браулез,
іріңді ауруға, аскофероз; балықтарды- тұқы балықтың геморрагиялық
септицемиясы,
описторхоз
Басқада
зерттеулерді
мемлекеттік
ветинспектор келісімімен атқарады.
Бруцеллез ауруы кездеспеген
шаруашылықтың малдарын, (ірі қара малдар, қой, ешкі, шошқа, түйе,
бұғыларды) бруцеллезге аглютинация реакциясы (АР), комплементті
байланыстыру реакциясымен (КБР), ал соған қоса қой ешкілерді
аллергиялық реакциямен зерттейді. Нәтижесі теріс болса, сол
жануарларды тасымалдауға рұқсат беріледі. Ал осы айтылған
малдардың 4 айға дейінгі тӛлдерін бруцеллезге зерттемейді.
Бруцеллез ауруы кездескен шаруашылықтарда ірі қара малды,
қой, ешкі, шошқа, түйе бұғыларды, олардың тӛлдерін арасына 30 күн
салып 2 рет зерттейді. Бруцелезге қарсы вакцинацияланған ірі және
ұсақ қара малдардың сау тӛлдерін
тек аудан, облыс, шаруашылық
ішінде тасымалдауға болады, тасымалдау барысында оларды бӛлек
ұстау қажет. Ветеринарлық сертификатта немесе анықтамада міндетті
түрде тӛлдердің бруцелезге қарсы вакцинацияланғанын және мерзімін
жазу қажет.
Ірі қара малды, түйелерді, шошқаларды және құстарды тері ішіне
туберкулин егу арқылы туберкулез ауруының бар жоғын анықтау
қажет. Ірі қара мал және шошқаларды 2 айлық жасынан, түйелерді 12
айлық, құстарды 6 айлық жасынан бастап зерттеуге болады.
Басқа ветеринарлық ӛңдеулер ӛнімді сату кезінде жүргізіледі.
Жануарларды тексерістен ӛткізгеннен кейін 30 күн ӛтсе, қайтадан
зерттеулер әдістері ӛткізіледі.
Аусыл ауруымен ауырып шыққан, ауру малмен қатынаста болған
жануарларды тек 12 айдан кейін (яғни ауру кездескен бекеттен оқшау
алынған
уақытта)
тасымалдауға
болады.
Аусылға
қарсы
вакцинацияланған
жануарларды,
аусыл
ауруы
кездеспеген
шаруашылықтан, 21 күннен кейін тасымалдауға болады.
Қойлар міндетті түрде креалинді негізінде жасалған қышымаға
қарсы гексахлоран ерітіндісінде немесе басқа препараттарда ӛнделінуі
керек.
Ірі қара малды тасымалдау алдында «бұзаутаз»
трихофития
ауруына қарсы ЛТФ-130 вакцинасын егеді. Осы ауруға шалдыққан
малдарды тасымалдауға болмайды.
Соңғы жылдары түбітті жануарлар жиі тасымалданады,
сондықтан кӛліктік ветеринарлық қадағалау олардың етқоректілер
160
обасына қарсы вакцинациялануын және күзендерді ботулизмға қарсы
вакцинациялануын тексеру қажет.
Шошқаларды алдыңғы жыл мерзімінде аурумен ауырса да,
ауырмаса да 10 күннен кем емес аралықта тасымалдау алдында «оба»
және «тілме» ауруына қарсы вакцинациялау керек.
Табындық жануарларды тасымалдау алдында капрологиялық
зерттеулер ӛткізеді, яғни ірі қара және ұсақ малдарды –фасциелез,
дикроцелиоз, диктиокаулез, монезиоз, шошқаларды аскаридоз және
метастронгилез, жылқыларды – параскаридозға, құстарды –аскаридозға
және гетероакидозға тексереді.
Жӛнелтуші жануарларды клиникалық тексерістен ӛткізу керек.
Жануарлардың дене қызуы тӛмен не
жоғары болса, әлсіз және арық,
соған қоса жануарларда әртүрлі жарақаттар болса, тасымалдауға рұқсат
берілмейді. Тасымалдау кезінде жануарларды күтіп бағып, жұмыс істей
білетін жол серіктерін дайындау керек.
Тасымалдау алдында жануарлар санына, тасымалдау уақытына,
қашықтығына байланысты азықтар мен суды, тӛсеніштерді, суаратын
ыдыстарды, шелектерді, күректерді т.б. есептеп дайындап қою керек.
Шӛп пен сабанға №3 ветеринариялық сертификат немесе анықтама
беріледі, анықтамада азықтардың сапасы мен зертханалық нәтижелері
жазылады. Жӛнелтуші, жануарларды тиеу орнына апарар алдында, 3
күн ішінде тасымалдауға рұқсат беретін ветеринарлық сертификатты
немесе анықтаманы алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: