Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормалары



бет14/30
Дата13.06.2016
өлшемі3.65 Mb.
#131450
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30

Ескертпелер:

* Ұшу-техникалық киім-кешек алатын авиацияның жеке құрамына осы норма бойынша жылы заттар берілмейді.

Корабльдерде қызмет өткеретін Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамына осы норма бойынша жылы заттар берілмейді.

** Төсек орын керек-жарақтарымен:

әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілер, әскери оқу орындарының курсанттары, Кадет корпусының және «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері казармаларға орналастырылған кезде, ал матростар мен старшиналар одан басқа корабльдерге орналастырылған кезде;

жиындарға шақырылған запастағы әскери міндеттілер мен жоғары оқу орындарының студенттері;

офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер казармаларға, корабльдерге орналастырылған кезде және тәуліктік (жауынгерлік) кезекшілікті атқару орындарында;

сарбаздар мен сержанттар жауынгерлік кезекшілікті атқару орындарында;

әскери қызметшілер полигондарға, шатырлы лагерьлерге, оқу-жаттығу орталықтарына және қосалқы әуеайлақтарға орналастырылған кезде;

әскери қызметшілер мен талапкерлер әскери оқу орындарына, оқу орындарының әскери факультеттеріне түсу емтихандарын тапсырған кезде;

әскерге шақырылушылар аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) жергілікті әскери басқару органдарының әскерге шақыру пункттеріне орналастырылған кезде қамтамасыз етіледі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде қауырсыннан жасалған жастықтар теңіз деңгейінен 1500 метр және одан жоғары биіктікте орналасқан аудандардағы шекаралық бекеттердің, уақытша шекаралық бекеттердің, шекара заставаларының (оқу-жаттығудан басқа), шекара комендатураларының, жеке бақылау-өткізу пункттерінің, бақылау-өткізу пункттерінің, шекара қызметі теңіз бөлімдері корабльдерінің, катерлерінің офицерлері, келісімшарт бойынша әскери қызметшілері, әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілері, сондай-ақ әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілері үшін беріледі, оларды силикон жастықтарға ауыстыруға рұқсат етіледі; шекаралық бақылау жасақтарының, жеке бақылау-өткізу пункттерінің, бақылау-өткізу пункттерінің әскери қызметшілеріне, сондай-ақ орталық аппаратты күзету және қамтамасыз ету бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне қой терісінен тігілген қысқа тон орнына погондары бар астары қырқылған қой терісінен тігілген пальто беріледі; 1500 метр және одан жоғары биіктікте орналасқан аудандарда әскерге шақыру бойынша сарбаздар, сержанттар үшін жартылай жүн көрпе 1 данадан 6 жылға қосымша беріледі.

Климаты суық және қалыпты аудандарда және оларға теңестірілген аудандарда әскери қызметшілерге бүркеніш түсті жүн свитер 2 жылға қосымша беріледі.

Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.

Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.

1. Теріден тігілген қысқа тон климаты суық аудандарда жеке құрамның тізімдік санының 50 пайызына, ыстық және қалыпты – 30 пайызына беріледі.

Арнайы киіммен жабдықтау нормалары бойынша теріден тігілген костюм, десанттық астары жылы күртеше мен шалбар алатын әскери қызметшілерге, сондай-ақ Аэроұтқыр әскерлерінде офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қой терісінен тігілген қысқа тон берілмейді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде және Президентінің Күзет қызметінде қой терісінен тігілген қысқа тон орнына иленген былғарыдан тігілген күртеше берілуі мүмкін.

2. Табаны резеңке пима климаты суық аудандарда жеке құрамның тізімдік санының 50 пайызына беріледі.

Климаты қалыпты және ыстық аудандарда табаны резеңке пима тек далалық оқу-жаттығу шығуларын қамтамасыз ету үшін жеке құрамның тізімдік санының 50 пайызына беріледі. Пиманы кию мерзімі климаты қалыпты ауданда – 4 жыл, климаты ыстық ауданда – 5 жыл.

Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілеріне барлық климатты аудандарда жеке құрамының тізімдік санының 100 пайызына беріледі.

Шекаралық бақылау жасақтарының, жеке бақылау-өткізу пункттерінің, бақылау-өткізу пункттерінің әскери қызметшілеріне пима орнына іші тері етік беруге рұқсат етіледі.

3. Астары теріден тігілген биялай жеке құрамының тізімдік санының 100 пайызына беріледі. Әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерге астары теріден тігілген биялай 1 жылға беріледі.

4. Астары бар ұйықтауға арналған қап пен жылу-оқшаулау (каримат) кілемшесі Республикалық ұланның әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттары мен сарбаздарына оқу-жаттығулар, далалық шығулар мен арнайы іс-шаралар өткізу кезінде мүкәммалдық мүлік ретінде беріледі.

5. Арнайы іс-шараларға қатысатын әскери қызметшілерге беріледі. Республикалық ұланда тері унты орнына барлық климаттық аудандарда іші теріден тігілген етік беруге рұқсат етіледі.

6. Іші жылы резеңке етік уақытша шекаралық пункттердің, шекаралық пункттердің, шекара заставаларының (оқу-жаттығудан басқа), шекара комендатураларының әскери қызметшілеріне беріледі. Іші жылы резеңке етік болмаған кезде резеңке етік пен тері ұйық беруге рұсат етіледі.

7. Металл құты орнына климаты ыстық аудандарда полиэтиленді құты 2 жылға беруге рұқсат етіледі. Аэроұтқыр әскерлерінде құрастырылған қолбақыр 1 дана 4 жылға және қолбақырға тыс 1 дана 2 жылға беріледі.

8. Жиындарға шақырылған офицерлерге, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар мен сарбаздарға, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар мен сарбаздарға, әскери оқу орындарының курсанттарына, Кадет корпусының және «Жас ұлан» РМ тәрбиеленушілеріне, әскери міндеттілерге және жоғары оқу орындарының студенттеріне беріледі.

9. Жүн маска-малақай климаты суық аудандарда жеке құрамының тізімдік санының 100 пайызына, қалыпты – 50 пайызына, ыстық – 30 пайызына беріледі.

10. Мүліктің осы заттарымен қамтамасыз ету тәртібін әскери қызметшілердің міндеттерді орындауына байланысты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі және басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бірінші басшылары айқындайды.

11. Жиындарға шақырылған офицерлерге, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар мен сарбаздарға, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар мен сарбаздарға, әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) курсанттарына, Кадет корпусының және «Жас ұлан» РМ тәрбиеленушілеріне, әскери міндеттілерге және жоғары оқу орындарының студенттеріне беріледі.

12. Көрпе тысы, мақта-мата жапқыш тәрбиеленушілер үшін беріледі.

Республикалық ұланда және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде төсек орын керек-жарақтары:

жартылай жүн көрпе 1 дана 1 жылға;

мақта-мата жапқыш 1 дана 2 жылға беріледі.

13. Әскери бөлімдер мен мекемелерге есептен шығарылған заттай мүліктің заттарынан матрац астарын және кереует жанына төселетін кілемшелер жасауға рұқсат етіледі.

Автомобиль техникасына қызмет көрсететін әскери қызметшілерді, жауынгерлік машиналар экипаждарының, штаттық өрт сөндіру командаларының және арнайы жөндеу бөлімдерінің әскери қызметшілерін арнайы киіммен

(мүкәммалдық мүлік) жабдықтаудың

№ 17 нормасы *




Р/с




Заттар атауы

Бір адамға заттар саны

Кию мерзімі

Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе №

1

Белгіленген түсті костюм (күртеше мен шалбар)

1 жиынт.

1 жыл

1

2

Керзіден тігілген қолғап

1 жұп

1 жыл

-

3

Белгіленген түсті астары жылы костюм (күртеше мен шалбар)

1 жиынт.

2 жыл

2

4

Мақта-мата фуражка (берет)

1 дана

1 жыл

-

5

Жұмысқа арналған трикотаж қолғап

1 жұп

3 мес.

-

6

Резеңке етік

1 жұп

2 жыл

3

7

Резеңкеленген алжапқыш

1 дана

1 жыл

3

8

Резеңке қолғап

1 жұп

1 жыл

3

9

Май-бензинге төзімді костюм (күртеше мен шалбар)

1 жиынт.

2 жыл

3

10

Шуға қарсы құлаққап

1 дана

3 жыл

3

11

Қорғаныш көзілдірігі

1 дана

4 жыл

3

12

Қиын тұтанатын жасанды былғарыдан тігілген костюм (күртеше мен шалбар)

1 жиынт.

5 жыл

4

13

Жүн дулыға астары

1 дана

3 жыл

4

14

Кенептен тігілген биялай

2 жұп

1 жыл

4

15

Дулыға

1 дана

10 жыл

4

16

Өрт сөндіру құтқару белбеуі

1 дана

3 жыл

4

Ескертпелер:

* Осы норма бойынша:

танктердің, жаяу әскерлер (десант) жауынгерлік машиналарының, броньды транспортерлер, броньдалған шынжыр табанды транспортер-тартқыштар және олардың негізіндегі машиналар, өздігінен жүретін-артиллериялық және зениттік өздігінен жүретін құрылғылар экипаждарының құрамына кіретін, жөндеу бөлімдері, көрсетілген әскери техника мен қару-жарақты жөндеу бойынша тікелей жұмыс істейтін бөлімшелер мен зауыттардың әскери қызметшілері;

әскери оқу орындарының және танк әскерлері оқу-жаттығу бөлімдері мен бөлімшелерінің курсанттары тізімдік санының 30 пайызы, ал мақта-мата костюммен және астары жылы мақта-мата костюммен 10 пайызы;

жүргізуші әскери қызметшілер, механик-жүргізушілер, трактористер мен механиктер, автомобильдерде, тракторларда, транспортерлерде, шынжыр табан және олардың негізіндегі басқа да машиналарда жұмыс істейтіндер, автомобильді жүргізіп сынайтындар, автомобильді жүргізуді үйретумен айналысатындар және жөндеу бөлімшелерінде, бөлімдері мен мекемелерінде автомобиь техникасын жөндеу бойынша тікелей жұмыс істейтіндер;

автомобиль қызметі әскери оқу орындарының курсанттары тізімдік санының 20 пайызы;

тиейтін жүргізуші әскери қызметшілер мен краншылар;

УАЗ автомобильдерінде жұмыс істейтін жүргізушілерден басқа, жеңіл автомобильдердің жүргізуші әскери қызметшілері арнайы киіммен осы норма бойынша қамтамасыз етілмейді;

штаттық өрт сөндіру командаларының әскери қызметшілері қамтамасыз етіледі.

Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.

Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.

1. Жауынгерлік машиналарды жөндеу бойынша тікелей жұмыс істейтін жөндеу бөлімдерінің, бөлімшелері мен зауыттардың әскери қызметшілеріне қорғаныш түсті костюм орнына май-бензинге төзімді костюм беріледі.

2. Белгіленген түсті астары жылы костюм әскери оқу орындарының курсанттарына оқу мерзіміне беріледі. Температурасы +18 С және одан жоғары жылытылатын үй-жайларда техниканы жөндеу бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшілерге белгіленген түсті астары жылы костюм берілмейді.

3. Моторларды бөлшектеу, жуу және сынау, машиналарды ағымдағы жөндеу мен алдын алу жөніндегі жұмыстармен ұдайы айналысатын әскери қызметшілерге беріледі.

4. Өрт сөндіру командаларының әскери қызметшілеріне беріледі. Офицерлерге қиын тұтанатын жасанды былғарыдан тігілген костюм орнына кенептен тігілген плащ, ал өрт сөндірушілерге – кенептен тігілген костюм (күртеше мен шалбар) беруге рұқсат етіледі. Көрсетілген заттардан басқа, әрбір өрт сөндіру автомобиліне жылудан қорғайтын костюм 2 жиынтықтан, резеңке етік пен қолғап 2 жұптан (мерзімсіз) беріледі.

Катерлердегі және суүсті (күзет) корабльдеріндегі, теңіз бөлімдері шолу жасау топтарының

әскери қызметшілерін арнайы киіммен (мүкәммалдық мүлік) жабдықтаудың

№ 18 нормасы


Р/с




Заттар атауы

Бір адамға заттар саны

Кию мерзімі

Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе №

1

Белгіленген түсті капюшон жағасы бар астары жылы су өткізбейтін матадан тігілген күртеше мен шалбар

1 жиынт.

3 жыл

-

2

Белгіленген түсті жүн свитер

1 дана

3 жыл

-

3

Белгіленген түсті мақта-мата костюм

1 жиынт.

1 жыл

1

4

Дауылға киетін резеңкеленген костюм (күртеше мен шалбар)

1 жиынт.

2 жыл

-

5

Ұзын былғары қолғап

1 жұп

3 жыл

3

6

Белгіленген түсті іші жылы қолғап

1 жұп

1 жыл

2

7

Резеңке қолғап

1 жұп

1 жыл

2

8

Іші теріден тігілген биялай

1 жұп

2 жыл

3

9

Кенеп биялай

1 жұп

3 ай

4

10

Резеңке етік

1 жұп

2 жыл

5

11

Авиациялық планшет

1 дана

5 жыл

6

12

Далалық белбеу

1 жиынт.

6 жыл

2

13

Жүзетін броньды көкірекше

1 дана

5 жыл

2

Ескертпелер:

Әскери-теңіз күштерінің мамандарын даярлау жөніндегі оқу-жаттығу орталығында шағын катерлердің жүргізушілері бағдарламасы бойынша оқитын курсанттарды қамтамасыз ету үшін әрбір катерге су өткізбейтін матадан тігілген костюм 5 жиынтықтан 6 жылға, қара көк түсті мата-матадан тігілген костюм 5 жиынтықтан 1 жылға және резеңке етік 5 жұптан 2 жылға беріледі.

Әскери-теңіз күштерінің мамандарын даярлау жөніндегі оқу-жаттығу орталығында шағын катерлердің жүргізушілері бағдарламасы бойынша оқитын курсанттарды қамтамасыз ету үшін әрбір катерге түкті шұғадан тігілген астары бар су өткізбейтін матадан тігілген костюм 5 жиынтықтан 6 жылға, қара көк түсті мата-матадан тігілген костюм 5 жиынтықтан 1 жылға және резеңке етік 5 жұптан 2 жылға беріледі.

Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.

Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.

1. Мақта-матадан тігілген костюм офицерлер құрамына және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге беріледі. Әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерге жұмысқа арналған көйлек беріледі.

2. Корабльдер мен катерлердің шолу жасау топтарының әскери қызметшілеріне беріледі.

3. Былғары қолғап жоғары командалардың жеке құрамына беріледі, астары теріден тігілген биялай барлық жеке құрамға беріледі.

4. Кенеп биялай төмен және швартов командаларының матростары мен старшиналарына беріледі.

5. Резеңке етік барлық климаттық аудандарда корабльдер командаларының 100 пайыз жеке құрамына беріледі. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі шекара заставаларының катерлерінде іші жылы резеңке етік беріледі. Іші жылы резеңке етік болмаған кезде резеңке етік пен тері ұйық етікті кию мерзіміне беруге рұқсат етіледі.

6. Авиациялық планшет тек штурмандық рубкасы жоқ катерлердің командирлеріне беріледі.

Бекеттік киіммен және киім-кешекпен жабдықтаудың (мүкәммалдық мүлік)

№ 19 нормасы *




Р/с



Заттар атауы

Бір адамға заттар саны

Кию мерзімі

Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе №




  1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері үшін










1

Қой терісінен тігілген тұлып (немесе қысқа тон)

1 дана

6 жыл

-

2

Кенеп плащ

2 дана

3 жыл

-

3

Табаны резеңке пима

2 жұп

3 жыл

-

4

Жүн дулыға астары

2 дана

3 жыл

1

5

Белгіленген түсті мақта-мата фуражка

1 дана

1 жыл

2

6

Белгіленген түсті жазғы мақта-мата костюм

1 жиынт.

1 жыл

2

7

Белгіленген түсті астары жылы костюм

1 жиынт.

2 жыл

2

8

Былғары жабдық

1 жиынт.

5 жыл

2

9

Белгіленген түсті плащ-шатыр

1 дана

6 жыл

2

10

Белгіленген түсті футболка

2 дана

1 жыл

3

11

Тері унты

1 жұп

2 жыл

3, 4




2. Республикалық ұланның әскери қызметшілері үшін










12

2.1. Бекеттік киім










13

Погондары бар астары табиғи теріден тігілген астары жылы күртеше мен шалбар

1 жиынт.

4 жыл

5

14

Бекеттік тұлып

2 дана

4 жыл

6

15

Тері унты

2 жұп

3 жыл

4

16

Табаны резеңке пима

2 жұп

3 жыл

-

17

Плащ-жамылғы

2 дана

3 жыл

-

18

Тері биялай

1 жұп

1 жыл

5

19

Резеңке етік

2 жұп

1 жыл

-

20

Жүн дулыға астары

2 дана

3 жыл

-




2.2. Киім-кешек










21

Жүн фуражка

1 дана

2 жыл

-

22

Қаракөлден тігілген құлақшын

1 дана

2 жыл

-

23

Погондары және қаракөлден тігілген жағасы бар сұрғылт түсті шинель

1 дана

2 жыл

-

24

Белгіленген түсті салтанатты кашне

1 дана

2 жыл

-

25

Жүн пуловер

1 дана

2 жыл

-

26

Погондары бар жүн мундир

1 дана

2 жыл

-

27

Балағы етікке салынатын жүн шалбар

1 дана

2 жыл

-

28

Іші жылы құрым етік

1 жұп

2 жыл

-

29

Құрым етік

1 жұп

2 жыл

-

30

Погондары бар белгіленген түсті сыртынан киетін салтанатты жейде

1 дана

1 жыл

-

31

Белгіленген түсті галстук

1 дана

1 жыл

-

32

Белгіленген түсті мақта-мата салтанатты қолғап

1 жұп

1 жыл

-

33

Белгіленген түсті жартылай жүн салтанатты қолғап

1 жұп

1 жыл

-

34

Тоғасы бар салтанатты белдік белбеу

1 дана

2 жыл

-

35

Белгіленген түсті аксельбант

1 дана

5 жыл

-

Ескертпелер:

* Осы норма бойынша әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) сыртқы қарауыл және өрт сөндіру бекеттерінің әскери қызметшілері және теміржол және су жолдары бойынша жүкке ілесіп жүретін қарауылдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзету жөніндегі қызметті атқаратын әскери қызметшілері қамтамасыз етіледі.

Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.

Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.

1. Дулыға астары климаты суық аудандарда, ал жүкке ілесіп жүретін қарауылдардың жеке құрамына климаты қалыпты аудандарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзету жөніндегі қызметті атқаратын әскери қызметшілеріне беріледі.

2. Тек Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери полициясы мен патрульдік-бекеттік қызмет жедел ден қою бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне беріледі.

3. Тері унты орнына тері етік беруге рұқсат етіледі.

4. Республикалық ұланда погондары мен астары жылы шалбары бар астары табиғи теріден тігілген күртеше мен тері биялай қарауылдың барлық жеке құрамына беріледі.

5. Бекеттік тұлып орнына армиялық қысқа тон немесе астары қырқылған пальто беруге рұқсат етіледі.

Емдеу мекемелері мен бөлімшелерін заттай және санитарлық-шаруашылық мүлкімен

(мүкәммалдық мүлік) жабдықтаудың

№ 20 нормасы *



Р/с




Заттар атауы

Бір кереуетке заттар саны

Кию мерзімі

Бір кереуетті ұстау нормасы

Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе №




1. Сырт киім мен киім













1

Госпитальдық берет

1 дана

2 жыл

2 дана

-

2

Жазғы госпитальдық костюм (күртеше мен шалбар)

2 жиынт.

1 жыл

2 жиынт.

-

3

Іш киім

2 жиынт.

1 жыл

4 жиынт.

1

4

Мақта-мата майка

2 дана

1 жыл

4 дана

-

5

Мақта-мата трусы

2 дана

1 жыл

4 дана

-

6

Медициналық мақта-мата халаты

1 дана

1 жыл

2 дана

2

7

Мақта-мата сүлгі

4 дана

1 жыл

4 дана

3

8

Түкті сүлгі

4 дана

1 жыл

2 дана

-

9

Процедуралық түкті сүлгі

2 дана

1 жыл

2 дана

-

10

Мақта-мата ұйық

6 жұп

1 жыл

6 жұп

-




2. Төсек орын керек-жарақтары













11

Сыртқы жастық тысы

3 дана

1 жыл

6 дана

1, 3

12

Қауырсыннан жасалған жастық

2 дана

10 жыл

2 дана

-

13

Мақта-мата ақ жайма

4 дана

1 жыл

6 дана

1, 3

14

Көрпе тысы

3 дана

1 жыл

5 дана

-

15

Мақтадан жасалған матрац

1 дана

4 жыл

1,5 дана

-

16

Жүн көрпе

1 дана

4 жыл

1,5 дана

-

17

Мақта-мата көрпе (жапқыш)

1 дана

2 жыл

1,5 дана

-




3. Жылы заттар













18

Белгіленген түсті жүн малақай

1 дана

3 жыл

1 дана

-

19

Жылы астары бар жүн халат

1 дана

5 жыл

1 дана

-

20

Госпитальдық астары жылы костюм (күртеше мен шалбар)

1 жиынт.

1 жыл

1 жиынт.

-

21

Госпитальдық бәйкі халат

1 дана

2 жыл

1 дана

-

22

Ұйықтауға арналған қап

1 дана

4 жыл

1 дана

4

23

Заттарды сақтауға және залалсыздандыруға арналған қап

1 дана

5 жыл

1 дана

5




4. Аяқ киім













24

Пима

1 жұп

5 жыл

1 жұп

-

25

Пимаға арналған галош

1 жұп

3 жыл

1 жұп

-

26

Госпитальдық туфли

3 жұп

1 жыл

1 жұп

-

Ескертпелер:

* Осы норма бойынша әскери госпитальдар мен клиникалар, жеке медициналық батальондар мен роталар, лазареттер мен медициналық пункттер, әскери санаторийлер, демалыс үйлері, профилакториялар қамтамасыз етіледі.

Дәрігерлердің (емхана дәрегерлерінің) кабинеттері мен емдеу-диагностика бөлімшелері (кабинеттер), физиотерапевтік бөлімшелер (кабинеттер), медициналық пункттер бір кереуетке: 1 жастық 6 жылға, 3 ақ жайма 1 жылға, 2 сыртқы жастық тысы 1 жылға есебінен қамтамасыз етіледі.

Клиникаларда дәрігерлерге тиесілі мақта-мата сүлгіні айына 50 м қағаз сүлгімен ауыстыруға рұқсат етіледі.

Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.

Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.

1. Госпитальдардың инфекциялық, хирургиялық және жара бөлімшелері үшін 1 жылға 3 жиынтық іш киім, 3 сыртқы жастық тысы және 4 ақ жайма қосымша беріледі.

2. Медициналық мақта-мата халат госпитальдар мен лазареттерде науқастанғандарға келетін адамдар үшін штаттық кереует санының 30 пайызына беріледі.

3. Операциялық және тану қажеттіліктері үшін қосымша штаттық кереует санының:

мақта-мата сүлгі 4 данадан 1 жылға 50 пайызына;

сыртқы жастық тысы 3 данадан 1 жылға 10 пайызына;

ақ жайма 4 данадан 1 жылға 50 пайызына беріледі.

4. Ұйықтауға арналған қаптар тек туберкулез госпитальдарына, клиникаларына және госпитальдардың туберкулез бөлімшелеріне, сондай-ақ әрбір штаттық санитарлық автомобильге 2 данадан беріледі.

5. Заттарды сақтау мен залалсыздандыруға арналған қаптар штаттық кереует санының 100 пайызына беріледі.

Госпитальдардың гинекологиялық бөлімшелерін заттай және санитарлық-шаруашылық мүлікпен

(мүкәммалдық мүлік) жабдықтаудың

№ 21 нормасы




Р/с




Заттар атауы

Бір кереуетке заттар саны

Кию мерзімі

Бір кереуетті ұстау нормасы

Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе №

1

Мақта-мата әйелдер көйлегі

6 дана

3 жыл

6 дана

-

2

Мақта-мата трико

4 дана

1 жыл

4 дана

-

3

Ақ жайма

5 дана

2 жыл

6 дана

-

4

Көрпе тысы

5 дана

2 жыл

6 дана

-

5

Сыртқы жастық тысы

6 дана

2 жыл

8 дана

-

6

Мақта-мата сүлгі

4 дана

2 жыл

4 дана

-

7

Түкті сүлгі

2 дана

2 жыл

3 дана

-

8

Госпитальдық астары жылы әйелдер халаты

2 дана

3 жыл

2 дана

-

9

Жартылай жүн көрпе

1 дана

4 жыл

1,5 дана

-

10

Жазғы көрпе (жапқыш)

1 дана

5 жыл

1 дана

-

11

Мақтадан жасалған матрац

1 дана

5 жыл

1,5 дана

-

12

Қауырсыннан жасалған жастық

2 дана

10 жыл

2 дана

-

13

Госпитальдық туфли

1 жұп

1 жыл

1 жұп

-

14

Мақта-мата ұйық

3 жұп

1 жыл

8 жұп

-

15

Госпитальдық әйелдер халаты

-

2 жыл

3 дана

-

16

Мақта-мата орамал

2 дана

1 жыл

2 дана

-

Ескертпелер:

Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.

Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.

Қан құю станциялары мен бөлімшелерін заттай және санитарлық-шаруашылық мүлікпен

(мүкәммалдық мүлік) жабдықтаудың

№ 22 нормасы *




Р/с




Заттар атауы

Бір станцияға (бөлімшеге) заттар саны

Кию мерзімі

1

Медициналық мақта-мата қалпақ**

50 дана

1 жыл

2

Медициналық мақта-мата халат

150 дана

2 жыл

3

Хирургтерге арналған мақта-мата жейде**

50 дана

1 жыл

4

Хирургтерге арналған мақта-мата шалбар**

50 дана

1 жыл

5

Хирургтерге арналған мақта-мата бахила

100 жұп

1 жыл

6

Мақта-мата ақ жайма

150 дана

1 жыл

7

Сыртқы жастық тысы

150 дана

1 жыл

8

Мақта-мата сүлгі

500 дана

1 жыл

9

Госпитальдық туфли

30 жұп

1 жыл

10

Заттарды сақтауға және залалсыздандыруға арналған қап

50 дана

3 жыл

Ескертпелер:

* Норма жылына саны 3000 адамға дейін донордан қан алуды (оның ішінде афрезді) қамтамасыз ететін қан құю станциясына (бөлімшесіне) есептелген. Өткізу қабілеті арттырылған кезде әрбір келесі 3000 донорға заттарды беру нормасы 20 пайызға арттырылады.

Әрбір станцияға (бөлімшеге) 4 жиынтық төсек орын керек-жарақтары (жартылай жүн көрпе, көрпе тысы, матрац, қауырсын жастық) қосымша беріледі, ал жылдың суық уақытында далада жұмыс істейтін әскери қызметшілерге галошы бар пима, жылы көкірекше, астары теріден тігілген биялай мен кенептен тігілген биялай беріледі.

** Хирургтерге арналған медициналық қалпақтар, жейде мен шалбар плазма донорлары үшін беріледі және біріктірілген базалар мен қоймаларда жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.

Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.

Медициналық және ветеринарлық бөлімдердің, мекемелер мен бөлімшелердің әскери қызметшілерін арнайы киіммен

(мүкәммалдық мүлік) жабдықтаудың

№ 23 нормасы




Кому выдается

Заттар атауы

Бір адамға заттар саны

Кию мерзімі

Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе №

Бөлімшелердің, бөлімдер мен мекемелердің орта және кіші медициналық персоналына

1. Медициналық мақта-мата қалпақ

3 дана

2 жыл

-

2. Медициналық мақта-мата халат

3 дана

2 жыл

-

3. Мақта-мата сүлгі

2 дана

1 жыл

-

4. Госпитальдық туфли

1 жұп

1 жыл

1, 6

5. Хирургтерге арналған мақта-мата жейде

2 дана

1 жыл

2

6. Хирургтерге арналған мақта-мата шалбар

2 дана

1 жыл

2

7. Хирургтерге арналған мақта-мата бахила

2 жұп

1 жыл

2

8. Мақта-мата хирургиялық халат

4 дана

2 жыл

2

9. Резеңкеленген алжапқыш

1 дана

1 жыл

3, 4, 5, 6, 8

10. Қорғаныш көзілдірігі

1 дана

тозғанға дейін

4, 6, 7

11. Резеңке қолғап

1 жұп

3 жыл

3, 4, 5, 6

12. Резеңке етік

1 жұп

2 жыл

3, 6, 8

13. Жеңқап

1 жұп

2 жыл

4, 6

14. Респиратор

1 дана

2 жыл

3, 4, 6

15. Резеңке галош

1 жұп

1 жыл

5

16. Обаға қарсы халат

1 дана

1 жыл

6

17. Обаға қарсы комбинезон

1 дана

1 жыл

6

18. Обаға қарсы дулыға астары

1 дана

1 жыл

6

19. Іштен киетін жейде

2 дана

1 жыл

6

20. Іштен киетін кальсон

2 дана

1 жыл

6

21. Оқшауландыратын костюм

1 жиынт.

2 жыл

7

22. Мақта-мата ақ жайма

3 дана

1 жыл

8

Ескертпелер:

Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.

Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.

1. Стационардағы және бокстардағы кезекшілік үшін беріледі.

2. Хирургиялық бейінді бөлімшелердегі және ветеринарлық лазареттердегі хирургтер үшін беріледі.

3. Зарарсыздандыру жөніндегі жұмыстармен айналысатын персоналға беріледі.

4. Резеңкеленген алжапқыш, резеңке қолғап, жеңқап, көзілдірік және респиратор тек өлшеп ораумен айналысатын әскери қызметшілерге және қышқылдармен және улы заттармен жұмыс істейтін фармацевтерге беріледі.

5. Сумен емдеу кабинеттерінде, бөлімшелерінде және қабылдау бөлімшелерінің душтарында жұмыс істейтін персоналға беріледі.

6. Өте қауіпті инфекцияларға қарсы күрес жөніндегі бөлімшелерде, бөлімдер мен мекемелерде жұмыс істейтін дәрігерлерге, кіші медициналық және ветеринарлық персоналға беріледі.

7. Залалсыздандыру жұмыстарын орындау үшін ветеринарлық қызметкерлерге беріледі.

8. Ветеринарлық лазареттердің персоналына беріледі.

Штаттық коменданттық бөлімдер мен бөлімшелердің әскери қызметшілерін, әскери полиция инспекторларын арнайы киіммен (мүкәммалдық мүлік) жабдықтаудың

№ 24 нормасы *




Р/с




Заттар атауы

Бір адамға заттар саны

Кию мерзімі

Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе №

1

Дулыға

1 дана

10 жыл

-

2

Астары қырқылған теріден тігілген күртеше

1 дана

5 жыл

-

3

Погондары мен алмалы-салмалы астары жасанды былғарыдан тігілген күртеше

1 дана

3 жыл

-

4

Алмалы-салмалы астыры жылы жасанды былғарыдан тігілген шалбар

1 дана

3 жыл

-

5

Жасанды былғарыдан тігілген ақ қолғап

1 жұп

2 жыл

-

6

Жасанды былғарыдан тігілген қолғапқа ақ білек

1 жұп

3 жыл

-

7

Керзі қолғап

1 жұп

1 жыл

-

8

Жасанды былғарыдан тігілген иық бауы бар ақ түсті белдік белбеу

1 жиынт.

3 жыл

-

9

Тері унты

1 жұп

3 жыл

-

10

Реттеушінің таяқшасы

1 дана

3 жыл

-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет