Бәйдібек ауданының 2015-2017 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті



жүктеу 324.94 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі324.94 Kb.
Бәйдібек ауданының 2015-2017 жылдарға арналған

Азаматтық бюджеті
Қазақстан Републикасында келесі деңгейдегі бюджеттер бекітіледі, орындалады және дербес бюджеттер болып табылады: республикалық бюджет, облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеттері, аудан бюджеті (облыстық маңыздағы қала).

Облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеттері, аудан бюджеті (облыстық маңыздағы қала) жергілікті бюджеттерге жатады.

2015-2017 жылдарға арналған аудан бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, 2015-2019 жылдарға арналған Бәйдібек ауданының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасына сәйкес дайындалған және аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 23 желтоқсандағы сессиясының № 33/162 шешімімен (2015 жылғы 28 қаңтардағы №34/174, 2015 жылғы 26 наурыздағы №36/190 өзгерістермен) бекітілді.

1. Бюджет үдерісінің схемасы

Бюджетті әзірлеуді ауданда стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган –экономика және қаржы бөлімі жүзеге асырады.


  1. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының жобасын 5-жылдық кезеңге әзірлеу.

  2. Бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің бюджеттік өтінімдерін аудандық бюджет комиссиясының қарауына беру.

  3. Ағымдағы қаржылық жылғы 1 қарашадан кешіктірмей мәслихатқа аудан бюджетінің жобасын енгізеді, бір мезгілде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамын, жергілікті бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.

  4. Мәслихат ауданның бюджетін облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітеді.

Бюджеттің орындалуын аудан бюджетінің орындалуы жөніндегі бюджеттің орындалуы, бухгалтерлік есептерін, бюджеттік есептерін жүргізу саласында қызмет ететін бюджеттің орындалуы жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – экономика және қаржы бөлімі жүзеге асырады.

  1. Төлемдер мен міндеттемелер бойынша түсімдер мен қаржыландыруының жиынтық жоспарын әзірлеу және бекіту.

  2. Қаржылық жыл бойы аудандық бюджетті орындау бойынша шараларды өткізу.

  3. Бюджеттік мониторинг және бюджет қаражаттарын тиімді бағалауды өткізу, бюджетті орындау туралы ай сайынғы есептер дайындау.

Аудан мәслихатына ағымдағы жылғы 1 мамырға дейін есептік қаржылық жыл үшін аудандық бюджеттің орындалуы туралы есепті ұсыну және оның бекітілуі.

2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері



Көрсеткіштердің атауы 

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018

жыл


2019 жыл

1

2

3

4

5

6

7

1

ЖІӨ, млн. теңге

16705,5

17641,0

19052,3

20385.6

21976

2

ЖІӨ-нің нақты өзгеруі, өткен жылға қарағанда %

108,3

105,6

108,0

107.0

107.8

3

Экономикалық белсенді халық саны, мың адам

27,01

28,9

30,9

33,1

35,4

4

Жұмыспен қамтылғандар саны, мың адам

25,7

27,4

29,3

31,3

33,4

5

оның ішінде жалдамалы қызметкерлер, мың адам

11,4

12,2

13,0

13,9

14,9

6

Жұмыссыздар саны, мың адам

1,34

1,30

1,25

1,20

1,15

7

Жұмыссыздық деңгейі, экономикалық белсенді халыққа шаққанда, %

4,9

4,5

4,3

4,1

4,0

8

Ең төменгі жалақы мөлшері, теңге

21364

22859

24459

26171

28002

9

Орташа айлық номиналды жалақы, теңге

62789

67184

71886

76918

82303

10

Айлық есептiк көрсеткiш, теңге

1982

2121

2269

2428

2598

11

Зейнеткерлердiң саны, адам.

4714

4758

4810

4865

4897

12

Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері, теңге

11182

11741

12328

12944

13591

13

Ең төменгі күнкөріс деңгейі, теңге

17672

18909

20232

21648

23164

2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет

Аудандық бюджет – орталықтандырылған ақшалай қор, түсімдер есебінен қалыптасады, ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының міндеттері мен қызметтерін қаржылық қамтамасыз етуге арналған.



Бәйдібек ауданының жергілікті мемлекеттік органдарының тізімі

р/с

Жергілікті мемлекеттік органдардың атауы

Ведомствоаралақ мекемелер

1

Аудан әкімінің аппараты

Қорғаныс істері жөніндегі бөлім

2

Экономика және қаржы бөлімі




3

Білім бөлімі

Ауданның 49 мектебі, «Шаян жеті жылдық саз мектебі» МКҚК, «О.Тайманов өнер мектебі» МКҚК, «Болашақ балалар лагері» МКҚК «Аружан балабақшасы» МКҚК, «Айгөлек балабақшасы» МКҚК, «Айсұлу балабақшасы» МКҚК, «Айгүл балабақшасы» МКҚК, «Бақыт балабақшасы» МКҚК, «Балдырған балабақшасы» МКҚК, «Балбөбек балабақшасы» МКҚК «Шапағат балабақшасы» МКҚК, «Шұғыла балабақшасы» МКҚК,

«Нұрсая балабақшасы» МКҚК,

«Гүлсая балабақшасы» МКҚК,

«Айсана балабақшасы» МКҚК,

«Айсұлтан балабақшасы» жекеменшік


4

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

«Жұмыспен қамту орталығы» ММ

5

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

«Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ,

«Аудандық мәдениет үйі» МКҚК,




6

Ішкі саясат бөлімі

«Жастар орталығы» МКМ, «Алғабас газеті редакциясы» МКК

7

Ветеринария бөлімі

«Бәйдібек ауданының ветеринария қызметі» МКК

8

Кәсіпкерлік бөлімі




9

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі




10

Денешынықтыру және спорт бөлімі

«Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» ММ

11

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі

«Бәйдібек Су шаруашылығы» МКК

12

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі

«Шаян қызмет» МКК, «Бәйдібек су» МКК

13

Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты




14

Ағыбет ауылдық округі әкімінің аппараты




15

Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты




16

Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты




17

Бөген ауылдық округының әкімі аппараты




18

Боралдай ауылдық округі әкімінің аппараты




19

Борлысай ауылдық округі әкімінің аппараты




20

Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты




21

Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты




22

Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты




23

Шаян ауылдық округі әкімінің аппараты




Аудан мәслихаты өкілетті орган болып табылады.

Бюджет көлемі, млн. теңге

Атауы

2014 жыл

2015жыл

2016 жыл

2017 жыл

Өз түсімдері

471,317

630,069

413,788

426,483

Субвенция

4320,549

4355,463

4405,581

4509,537

Нысаналы трансферттер

2175,500

2362,795

2111,558

6199,773

Бюджет субвенциялары (жалпы сипаттағы трансферттер) - республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер. Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін Бюджет Кодексімен бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік кепілдендірілген қызмет көрсетулерді ұсыну үшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.

2015-2017 жылдарға арналған ауданның бюджет түсімдерінің құрылымы, млн. теңге

Атауы

2014 жыл (есеп)

2015 жыл (жоспар)

2016 жыл (жоспар)

2017 жыл (жоспар)

1

2

3

4

5

түсімдер - барлығы

7089,913

7448,507

6951,999

11 156,865

Соның ішінде:













Салықтық түсімдер

446,3046

587,011

406,351

418,751

Салықтық емес түсімдер

17,7219

4,729

4,945

5,066

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

7,2914

38,329

2,492

2,666

Трансферттер түсімдері, соның ішінде:

6496,049

6718,258

6517,139

10709,310

Ағымдағы нысаналы трансферттер

949,542

1389,166







Нысаналы даму трансферттері

1225,958

953,756

2111,558

6199,773

Субвенция

4320,549

4355,463

4405,581

4509,537

бюджеттік кредиттерді өтеу

14,8039

21,072

21,072

21,072

қарыздар түсімі

99,122

43,392







бюджет қаражаттарының бос қалдықтары

8620

35716







2015-2017 жылдарға арналған аудан бюджетінің шығыстары,

млн. теңге

Атауы

2014 жыл (есеп)

2015 жыл (жоспар)

2016 жыл (жоспар)

2017 жыл (жоспар)

1

2

3

4

5

Шығыстар- барлығы

7054,197

7448,507

6951,999

11156,865

Соның ішінде:













Бюджеттік кредиттер

99,122

43,392







Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

352,6035

560,033

308,793

314,634

Қорғаныс

10,2576

10,543

11,485

11,652

Білім

4876,4315

4655,600

4318,042

5229,866

Денсаулық сақтау

0,287

0,199

0,301

0,322

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

264,1982

345,206

228,328

241,183

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

286,477

377,190

146,297

2191,035

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

483,8899

770,047

305,006

298,347

Отын-энергетика және жер қойнауын пайдалану

45,829

86,178

1345,576

2587,155

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше күзетілетін табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары.

369,1898

295,175

97,218

89,779

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

48,8066

33,446

14,110

14,183

Көлік және коммуникация

118,4996

161,021

86,196

87,919

Өзгелер

82,3115

64,851

69,548

69,691

Борышқа қызмет көрсету

0,026

0,027

0,027

0,027

Трансферттер

1,811

24,527







Қарыздарды өтеу

14,457

21,072

21,072

21,072


2015 жылда ауданның бюджет қаражаттарының негізгі бағытталуы

2014-2015 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер мен несиелер

Атауы

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

Барлығы мақсатты трансферттер мен несиелер, млн. теңге

1048664

1452431

Соның ішінде:







Бюджеттік несие

99122

43392

Білім беру нысандарында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге (Есіркеп батыр атындағы орта мектебі)




19042

Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алғаны үшін Қазақстан азаматтарына біржолғы ақша қаражатын төлеуге




1041

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге




13123

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

11760

2499

Мәдениет нысандарында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, оның ішінде:




140689

Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге

195353

186992

Сарып ауруымен ауратын ірі қара малдың санитарлық сою (30%-дан 50%-ға дейін өтеу құнын көбейту)




9609

Сарып ауруымен ауратын ұсақ малды санитарлық сою және жоюдың құнын 50% өтеу




10654

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын іске асыруға

209150

287144

Үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге

31734

95550

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге




10720

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

129299

117332

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге




800

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге

7219

6800

Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын көбейту




13990

Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іс-шараларын іске асыруға, оның ішінде

59427

46157

жалақыны ішінара субсидиялауға

17472

3450

жастар практикасына

5944

5797

кадрларды кәсіптік даярлауға

9786

15762

кадрларды қайта даярлауға

7023




кадрлардың біліктілігін арттыруға

272




жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге

18930

21148

Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделі бойынша еңбекақы төлеуге және олардың лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге

192374

247454

балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуге




16289

патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу үшін




3584

Жолдарды күрделі және орташа жөндеу (Қосбұлақ ауылына кіреберіс жолды орта жөндеу, Мәдениет ауылына кіреберіс жолды орта жөндеу)




76123

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер




79466

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге




7412

Жаңадан іске қосылатын нысандырды ұстауға, (Алмалы, Кеңсай орта мектептеріне, Жамбыл ауылындағы мәдениет үйіне)




11963

Агроөнеркәсіптік кешеннің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелерін ұстауға




4606

Химия биология кабинеттерін жабдықтауға

8194




Жұмыспен қамту 2020 жол картасы б-ша мәдениет объект жөндеу (пандус) Қаратау дворец

1006




Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру

10465




Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу

9134




Бәйменов мектебін күрделі жөндеу

51953




Аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек

5917




"Тұрақты-Қаратас" автожолының бойында орналасқан көпірді күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу

5 331,0




"Ақбастау-Тұрақты-Қаратас" 0-11 шақырым автожолын күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу

11 234,0




Шаян елді мекеніндегі Б.Қарашаұлы, М.Әуезов, Е.Шөкеев көшелерін абаттандыруға ЖСҚ-сын әзірлеу

5 000,0




Ақбастау елді мекеніндегі Оспанов көшесін абаттандыруға ЖСҚ-сын әзірлеу

4 992,0




Әлеуметтік жәрдем мен әлеуметтік қамсыздандыруға арналған бюджет шығыстары, млн. теңге

Мәдениет, спорт туризм және ақпараттық кеңістік саласында шараларды іске асыруға арналған шығыстар

Атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

1

2

3

4

5

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке арналған шығыстар, барлығы

252,677

265,680

246,394

251,522

Соның ішінде:













Спорт пен туризм жөніндегі шараларды өткізу

95,447

99,115

91,760

92,426

Мәдени-демалыс жұмыстарына жәрдем беру

94,440

107,227

98,647

101,695

Кітапханалар

47,812

43,312

38,859

39,053

Ақпараттық кеңістік

14,978

16,026

17,128

18,348

2015 жылы іске асырылатын инвестициялық жобалар

(1 203 308 тыс теңге)


1

Аудан әкімінің аппараты ғимаратының жапсарлас жайының құрылысы

28109

2

ОҚО Бәйдібек ауданы Жыланды ауылындағы 200 оқушыға арналған Комсомол атындағы мектеп құрылысы

76385

3

ОҚО Бәйдібек ауданы Борлысай ауыл округі Қошқарата ауылындағы 200 орындық орта мектептің құрылысы

81601

4

ОҚО, Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауыл округі Жүзімдік ауылындағы 150 орындық орта мектептің құрылысы

69568

5

ОҚО, Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауыл округі, Мәдениет кентіндегі 150 орындық мектеп құрылысы

200000

6

Жолғабас ауылындағы "Жолғабас" мектебінің асхана, акт залы және спорт зал жайының құрылысы

140000

7

Шаян ауылындағы 40 орындық санаторлық топқа арналған бала бақшаның құрылысы

44097

8

Жолғабас ауылындағы "Жолғабас" мектебінің асхана, акт залы және спорт зал жайының құрылысына ЖСҚ әзірлеуге

740

9

Шаян ауылындағы 40 орындық санаторлық топқа арналған балабақша құрылысына ЖСҚ әзірлеуге

560

10

Жаңаталап ауылындағы 150 орындық Жаңаталап мектебінің құрлысына ЖСҚ әзірлеуге

3000

11

Тұрақты ауылындағы 150 орындық Жүнісбеков мектебінің құрлысына ЖСҚ әзірлеуге

3000

12

Бәйдібек-ата ауылындағы 150 орындық Ақтау мектебінің құрлысына ЖСҚ әзірлеуге

3000

14

Түйетас ауылындағы 150 орындық Б. Момышұлы мектебінің құрлысына ЖСҚ әзірлеуге

3000

15

Шаян ауылындағы №1 мектептің бос тұрған 2 қабатты корпусын балабақша ашу үшін реконструкциялауға ЖСҚ әзірлеуге

600

16

Жамбыл атындағы орта мектебінің спорт залы мен оқу корпусын жалғайтын галерея құрылысына ЖСҚ әзірлеу

1400

17


Бір пәтерлі 20 коммуналдық тұрғын үйлердің құрылы

94752

18

Шаян елді мекеніндегі 40 га жерге инфрақұрылымын жүргізуге ЖСҚ дайындауға

8812

19

Шаян елді мекеніне кәріз құбырларын жүргізу және кәріз жүйесін тазалау қондырғысының құрылысына ЖСҚ әзірлеуге

15000

20

Бәйдібек ауданы, Ақтас елді мекенінің су жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеуге

3942

21

Бәйдібек ауданы, Боралдай елді мекенінің (Шығыс бөлігі) су жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеуге

1000

22

Бәйдібек ауданы, Жарықбас елді мекенінің су жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеуге

3225

23

Бәйдібек ауданы, Қаратас елді мекенінің су жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеуге

2800

24

Бәйдібек ауданы, Кеңсай елді мекенінің су жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеуге

2316

25

Бәйдібек ауданы, Қошқар ата елді мекенінің су жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеуге

2803

26

Бәйдібек ауданы, Теректі елді мекенінің су жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеуге

2800

27

Бәйдібек ауданы, Ақтас, Қошқар ата, Кеңсай елді мекендерінің магистралды суаққы құрылысына ЖСҚ әзірлеуге

9400

28

Бәйдібек ауданы, Боралдай, Теректі, Қаратас елді мекендерінің магистралды суаққы құрылысына ЖСҚ әзірлеуге

9200

29

Ақбастау ауылдық округі Ақбастау ауылындағы 150 орындық мәдениет үйінің құрылысы

36001

30

Шаян ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы

265519

31

Шаян ауылындағы жүзу кешенінің құрылысына ЖСҚ әзірлеуге

3500

32

Бейнеу-Бозай-Ақбұлақ магистралды газ құбыры арқылы №18 АГРС-нан Шаян елді мекенінен жеткізуші және ішкі газ құбыры жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу

7 829

33

Ақбастау елді мекеніне жеткізуші және ішкі газ құбыры жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу

22 604

34

ОҚО Сайрам ауданы Көмешбұлақ елді мекенінен Бәйдібек ауданы Боралдай елді мекеніне жеткізуші және ішкі газ құбыры жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу

20 384

35

Шалдар, Бекбау елді мекеніне жеткізуші және ішкі газ құбыры жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу

23 666

36

Екпінді елді мекеніне жеткізуші және ішкі газ құбыры жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу

11 695

37

Ағыбет ауылындағы ветеринария бекетінің құрылысына типтік ЖСҚ әзірлеу

600

28


Ағыбет ауылындағы уақ малдарды шомылдыруға арналған тоғыту әуіттерінің құрылысына типтік ЖСҚ әзірлеу

400











2015 жылы аудан бюджеті есебінен көрсетілетін әлеуметтік көмектер:

-Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетуге 14,746 млн. теңге;

-Кадрларды кәсіптік даярлауға 15,762 млн. теңге;

-Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 2,840 млн. теңге;

-Тұрғын үй көмегіне 3,013 млн.теңге;

-Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды 1,855 млн. теңгеге материалдық қамтамасыз етуге;



-18 жасқа дейінгі балаларға 108,812 млн.теңгеге мемлекеттік жәрдемақылар.

Тұрғын үй-коммуналдық және көліктік инфраструктураны қамтамасыз етуге арналған бюджет шығыстары , млн.теңге



2014 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы есепті бекіту үшін аудандық мәслихаттың қарауына ұсынылған.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет