Есеп беру формасы: Баяндама
Тапсыру мерзімі мен студенттерің білімдерін бағалау: Қыркуйек 3апта, 10 ұпай
Тақырып №3 Мұғалімнің бейнелеу өнерінен оқу – әдістемелік жұмысын жоспарлау түрлері
Мақсаты: Студенттердің өздігінен білімдерін толықтыра алу дағдыларын қалыптастыру, материалды нақты және тақырыпқа сай іздестіруін қамтамасыз ету.
Мазмұны: Білу:Мұғалімнің бейнелеу өнерінен оқу – әдістемелік жұмысын жоспарлау түрлерімен танысу.
Іскерлік:Ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып жұмыс жасай алу іскерлігін қалыптастыруДағды: Оқу әдістемелік жұмысын жоспарлауға дағдылану
Тапсырма: Слайд
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулық:
Слайд - нысандалған сәуле арқылы немесе экранда түзеп жарықка түсірілген кескінмен көретін, түссіз мөлдір негізде бейнеленген жеке позитивті құжат
Есеп беру формасы:Слайд
Тапсырманы орындау мерзімі мен студенттер білімін бағалау: Қазан 2 апта,20 ұпай
Тақырып №4 Бейнелеу өнерінен сабақтан тыс жұмыстарының түрлері әдістері
Мақсаты: Студенттердің қажетті материалдарды іздестіре алу мен негізгі қорытынды шығара алу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ шығармашылық стилде маңызды материалға шолу жасай білу және сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап беру, жүйелілік пен дәлдікті біріктіре алу қабілетін арттыру.
Мазмұны: Білу:Бейнелеу өнерінен сабақтан тыс жұмыстарының түрлері әдістерін қолдану әдістемесін таныстыру.Іскерлік: Студенттердің өздігінен іздену арқылы ақпарат жинастыру іскерліктерін қалыптатыру
Тапсырма: Реферат
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Реферат (латынша referat – баяндасын, refero – баяндаймын) – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама. Реферат ғылыми-ақпараттық сипатта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында ізденушілерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарында жасалатын баяндамалар да, ғылым кандидаты немесе докторанты дәрежесін алу үшін диссертация қорғаушының авторефераты да Рефератқа жатады..
Достарыңызбен бөлісу: |