Есеп беру формасы:Реферат
Тапсырманы орындау мерзімі мен студенттер білімін бағалау: Қазан
3 апта, 15ұпай
Тақырып №5 Натураға қарап сурет салу әдістері.
Мақсаты: Студенттердің өздігінен білімдерін толықтыра алу дағдыларын қалыптастыру, материалды нақты және тақырыпқа сай іздестіруін қамтамасыз ету.
Мазмұны: Білу:Натураға қарап сурет салу әдістеріне талдау жасау.натюрмортпен жұмыс.
Іскерлік:Теориялық тәжірибеде алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу.Дағды: Натураға қарап сурет салу әдістеріне дағдылану
Тапсырма: Кесте
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Кесте (таблица; table) — мәліметтерді жолдар мен бағаналар қиылысында орналастыру арқылы ұсыну тәсілі. Әдетте, кестенің бірінші жолы бағаналардың тақырыптарымен толтырылады. Бағаналардағы мәлімет типтері әр түрлі болуы мүмкін, бірақ бір бағанада орналасатын мәліметтер бір типті болуы қажет. Кесте мәлімдемелік мәліметтер базасының негізі болып саналады.
Кесте жолдары жазба, ал бағаналары өріс деп аталады
.Есеп беру формасы:Кесте
Тапсырманы орындау мерзімі мен студенттер білімін бағалау: Қараша 1апта,10 ұпай
Тақырып №6 Бейнелеу өнері сабақтарындағы сәндік құрастыру қызметтері
Мақсаты: Студенттердің қажетті материалдарды іздестіре алу мен негізгі қорытынды шығара алу дағдыларын қалыптастыру.
Мазмұны: Білу::Бейнелеу өнері сабақтарындағы сәндік құрастыру қызметтерін анықтап, талдау жасау.Іскерлік:Дербес жұмыс жасай алу іскерлігін қалыптастыру.Дағды: Сәндік құрастыру қызметтеріне дағдылану Тапсырма: презентация
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Конспектілеу - мәтіннің ең маңызды жағдайларын барынша қыска етіп жазбаша баяндау. Конспектілеу арқылы жинақталған білім баяндама, реферат дайындағанда пайдаланылады.
Конспект дайындауға байланысты түрлі жаднама бар. Солардың бірі мынадай:
1) Конспектілеу алдында шығарманы мұқият оқып, жоспарын құру; 2) Конспектілеуді бастағанда автордың (немесе жинақ редакторының) дәл аты-жөнін, жұмыстың толық атын, шыққан жері мен уақытын көрсету; 3) Ғылыми еңбектің тарау, бөлім, параграфы барлық кезде де дәл көрсетілуі тиіс; 4) Мәтін қысқа мазмұндалады, бірақ негізгі ойлар мен далелдер толық жазылуы тиіс; 5) Конспекгілегенде цитата қолданылуы керек; 6) Конснектілеу барысында түрлі шартты белгілер жүйесін қолдану керек, олардың конспект бойынша жауап бергенде көмегі көп.
Оқушылар осылайша құжаттарды тұтастай немесе фрагменг түрінде конспектілеуді, сол бойынша тарихи тұлғалар, оқиғалар мен құбылыстарға баға беріп, құжатпен дербес, шығармашылық жұмыс жасауға үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |