Металдық байланыстың түзілу схемасы (М – металл): - Металдық байланыстың түзілу схемасы (М – металл):
- Me – ne- → Me+n
-
- Мұндай қабілетті металдар бос күйде де, химиялық әрекеттесу кезінде де көрсетеді. Бос күйдегі металдың белгілі физикалық қасиеттері: электр және жылу өткізгіштігі, қаттылығы, иілімділігі, созылғыштығы, өзіне тән жылтыры, т.б. бұлардың барлығы да металдық байланысқа тәуелді.
- _
- Металдық кристалл торының түйіндерінде атомдар немесе олардың иондары орналасатыны белгілі. Металдық тордағы бостау күйдегі делокальданған электрондар көптеген ядролардың арасында өзара тарту күштерін тудырып, металдық байланыс түзеді.
- Химиялық байланыстың негізгі сипаттамалары:
- байланыс энергиясы
- байланыс ұзындығы
- валенттік бұрыш
- Байланыс энергиясы – өзара байланысқан атомдарды не иондарды бір – бірінен ажырату үшін жұмсалатын энергия.
- Байланыс ұзындығы – химиялық байланыстағы
- атомдар ядроларының арасындағы қашықтық, валенттік бұрыш – байланысқан атомдар ядролары арқылы жүргізілетін жорамал сызықтар арасындағы бұрыш.
- Бұл көрсеткіштер зат молекуласының құрылысын, пішінін және беріктігін сипаттайды.
-
- Тотығу дәрежесі, тотығу саны – химиялық
- қосылысты тек иондардан тұрады деп
- қарастырғанда әр атомда болатын шартты
- зарядтың сан шамасы. Бұл ұғым молекуладағы
- атомдардың күйін сипаттау үшін қолданылады.
- Кез келген қосылысты ионды қосылыс деп
- қарастыруға болмайтындықтан, тотығу дәрежесі
- шартты түрде алынады.
-
- Барлық күрделі қосылыстағы металдар тек қана оң тотығу дәрежесін көрсетеді.
- Бейметалдар оң және теріс тотығу дәрежесін көрсете алады. Бейметалдар сутекпен және металдармен қосылыстарында үнемі теріс мәнге ие.
Достарыңызбен бөлісу: |