Күкіртті алюлминий алу және оның қасиеттері
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: кәрлен отбақыраш, алюминий үгінділері, тұрғы, спирт шамы, қорғасын нитраты ерітіндісі, сүзгі қағаз.
|
Кішкене кәрлен отбақырашқа 1-2 г алюминий үгінділерін салып, қақпағын жауып, тұрғыға орналастырып, тартқыш шкафта қатты қыздырыңдар. Металға күкірт түйірін салыңдар. Егер процесс өте қарқынды жүрсе, жалынды сөндіріп, отбақырашты суыту керек. Ерітіндінің бір бөлігін суға қосыңдар. Қандай газ бөлінеді? Бөлінген газды қорғасын нитраты ерітіндісімен ылғалданған сүзгі қағазы арқылы тексеріңдер. Алюминий сульфидінің гидролизі қайтымды ма? Реакцияның бағытын көрсетіңдер. Стандартты энтропия және энтальпия шамаларын пайдалана отырып, изобаралық-изотермиялық потенциалдың шамасын есептеңдер.
22. БЕРИЛИЙ, МАГНИЙ
(Тітіркендіргіш әсері бар, денсаулыққа қауіпті()
Берилийдің қосылыстары улы! Олармен жұмыс істегенен кейін қолыңдарыңды жуыңдар. Берилийдің қосылыстарының қалдықтарын лаборантқа тапсыру керек.
ғ 84 жұмыс. Берилий және магнийдің химиялық қасиеттері
Қажетті жабдықтар мен реактивтер: магний жолағы, зімпара қағазы, сынауықтар, тұрғы, спирт шамы (немесе жанарғы), фенолфталеин, 4% тұз, күкірт және азот қышқылдары, Кипп аппараты, отбақыраш қысқыштары, кәрлен табақша, көміртек диоксиді, концентрлі сілті ерітіндісі.
|
1. Магнийдің сумен әрекеттесуі. Магний жолағының кішкене кесегін (1-2 см) зімпара қағазымен оксидтен жақсылап тазалап, 6-7 тамшы дистилденген су құйылған сынауыққа салыңдар. Сынауықты тұрғыға бекітіп, бөлме температурасында реакция жүрмейтінін байқаған соң, спирт шамымен немесе жанарғымен жаймен қыздырыңдар. Не байқалады? Сынауықты суытып, оған 2-3 тамшы фенолфталеин қосыңдар. Ерітіндінің түсі қалай өзгереді? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |