Кальций гидридін алу.
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті.
Абайлаңдар! Газ күйіндегі сутекпен жұмыс. Сақтандырғыш көзілдірік киіңдер.
Ескерту: Тәжірибені оқытушымен бірігіп жүргізіңдер.
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: Кипп аппараты, қиын балқитын түтік (кварц), темір немесе кәрлен қайықша, кальций жоңқасы, шынымақта, спирт шамы немесе газ жанарғысы, U-тәрізді түтік, шайғыш шынысауыт, кристаллизатор, мырыш, концентрлі тұз қышқылы, калий перманганатының 10% ерітіндісі, концентрлі күкірт қышқылы, фосфор (V) оксиді.
|
62 суреттегідей құрылғы жинаңдар. Кипп аппаратына тұз қышқылының жеткілікті мөлшерін құйып, сутек алуға дайындаңдар. (Сутек қарқынды бөлінуі керек!) Бір шайғыш шыны сауытқа калий перманганатының қышқылдан-ған ерітіндісін, екіншісіне күкірт қышқылының 96% ерітіндісін құйыңдар.
|
62-сурет. Кальций гидридін
синтездеуге арналған құрылғы
|
U-тәрізді түтікті фосфор ангидридімен араластырылған шыны мақтамен толтырыңдар. Кварц түтікке (І) талшық муфта кигізіп, құрылғы ұшындағы газ өткізгіш түтікке қысқышы бар резеңке түтікті жалғаңдар. Аспаптың герметикалығын (оқытушының қатысуымен!) тексеріңдер. Ол үшін резеңке түтікті қысқышпен жауып, Кипп құралғысының шүмегін ашыңдар. Шайғыш шынысауыт арқылы сутектің көпіршіктері өтпеуі керек.
Темір немесе кәрлен қайықшаға (2) 1-2 г кальций металын (одан көп емес) салыңдар да, қайықшаны реакциялық түтіктің (І) орта бөлігіне орналастырып, қайтадан аспаптың герметикалығын тексеріңдер (оқытушының қатысуымен!). Қысқышты ашып аспаптан ауаны сутек ағыны арқылы ығыстырып шығарыңдар. Тазалағын тексеру үшін сутекті судың астында жинаңдар. Аспаптан бөлінетін сутектің тазалығына әбден көз жеткізгеннен кейін қысқышты жауып, Кипп аппаратының шүмегін толық ашыңдар (газдың бірде-бір көпіршігі шайғыш шынысауытқа өтпеу керек!). Алдымен бүкіл түтікті газ жанарғысымен жылытып, сонан соң талшықтас муфтасы арқылы түтіктің кальций металы бар қайықша орналасқан жерін қыздырыңдар (газ жанарғыны қолдарыңда ұстап тұрғандарың дұрыс). Кальцийдің сутекпен әрекеттесуі 5000 С жақын температурада басталады, шайғыш шынысауыт арқылы сутектің ағыны өте бастайды. Реакция қарқынды жүре бастағанда аспапты сутек қысымында қалдырып, жанарғыны алып тастаңдар. Сутектің сіңірілуі тоқтағаннан кейін (оны қалай анықтауға болады?) аспапты бөлме температурасына дейін суытыңдар. Түтіктен қайықшаны шығарып алып, түзілген заттың түсін анықтаңдар. Кальций гидридінің суға әсерін байқаңдар. Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |