Бейорганикалық химия практикумы


Құрғақ сутек фторидімен шынының желінуі



бет98/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

2. Құрғақ сутек фторидімен шынының желінуі



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: кальций фториді, күкірт қышқылы, шприцтер, шыны, кальций сульфаты, қорғасын қондырғы, қорғасын қақпақ.

Қорғасын ыдысқа 1 г кальций сульфаты мен 5 г кальций фторидінің қоспасын саласыңдар. Жазуы бар парафинделген шыны пластинканы жазуы төмен қарайтындай етіп, қорғасын



ондырƒыƒа орнатыœдар. Кальций фторидҢне 5 мл концентрлҢ к‰кҢрт ышылын Ғйып, орƒасын апапен т‰тҢктҢ жабыœдар. БҢр саƒаттан кейҢн ысышпен пластинканы шыƒарып, оны мҒият сумен жуып, парафиннен тазартады. Фторсутекпен желҢнген шыныныœ беткҢ абатыныœ



43-сурет.
Шынының құрғақ сутек фторидімен желінуі

алдыңғы алынғандардан айырмашылығы қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар. Құрғақ фторсутекпен және балқытқыш қышқылдың ерітіндісімен шынының желінуіндегі айырмашылықты қалай түсіндіруге болады?


ғ 50 жұмыс. Сутек йодидін алу және оның қасиеттері



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: газшығаратын түтігі бар сынауық, тамшылағыш құйғы, йод кристалы, қызыл фосфор, лакмус, мырыш, магний, натрий ацетаты, қорғасын ацетаты, мәрмәр, күміс нитраты, фосфор қышқылы (60%).

1. Тартқыш шкафтың астында 44-суреттегідей құрылғы жинаңдар. Сынауыққа 1-2 г йод және 0,5 г қызыл фосфор салыңдар. Тамшылағыш құйғыға (2) бірнеше мл су, сынауыққа (4) 3-5 мл су құйыңдар. Газшығаратын түтіктің ұшы қабылдағыш суының беткі қабатына жақынырақ болуы керек. Неліктен оны суға батыруға болмайды? Тамшылағыш құйғыдан судың бір тамшысын тамызып, не болатындығын



бақылау керек. Қарқынды жүретін реакция аяқталғаннан кейін (2) тамшылағыш құйғыдан тағы да су тамызуға болады. Барлық су сынауыққа (1) өткенде, сынауықты қыздыру қажет. Қандай газ бөлінеді? Оның суда ерігіштігі қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар.

44-сурет. Сутек иодидін алуға арналған құрылғы

Алынған ерітіндіні лакмуспен
сынаңдар. Оның металға (мырыш, магний) әсерін

зерттеңдер. Үш сынауыққа 1 мл-ден сутек йодидін құйып, бірінші сынауыққа натрий мен қорғасын ацетатының ерітіндісін, екіншісіне 1-2 тамшы күміс нитратының ерітіндісін, үшіншісіне мәрмәрдің (кальций карбонаты) кішкене бөлігін салыңдар. Осы тәжірибелерде жүретін барлық процестер үшін реакция теңдеулерін жазыңдар.
2. Сынауыққа калий йодидін аздап салып, оған концентрлі фосфор қышқылын (60%) қосып, жаймен қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеуін жазып, оның қалай өтетіндігін түсіндіріңдер.
Фосфор қышқылын күкірт қышқылымен алмастыруға бола ма? Сәйкес тәжірибе жасап, реакция теңдеуін жазыңдар.
Галогенсутектердің ішінде қайсысы күштірек тотықсыздандырғыш болып табылады? Галогенсутектерді олардың беріктігі бойынша қатарға орналастырыңдар. Галогенсутектердің молекулаларының тұрақтылығының олардың иондық және атомдық радиустарына байланысты өзгеруін түсіндіріңдер. Галогенсутектер молекулаларының диполінің шамалары қандай? (Оқулықтан қараңдар).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет