Бейорганикалық химия практикумы


Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер



бет97/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: дала шпаты, гипс, күкірт қышқылы (конц.), мыс немесе қорғасынды сынауық, мыс немесе қорғасынды газшығаратын түтікпен жабдықталған резеңке тығын, кальций фториді, талшықтасты қағаз, электр плитасы, кальций хлориді.

Балқытқыш қышқылмен (HF ерітіндісі) және газтәрізді сутек фторидімен жасалынатын барлық жұмыстарды тартқыш шкафта жүргізу керек. Фторсутек қышқылын қолданғанда резеңке қолғап киіп жұмыс істеңдер. Фторсутек қышқылының тамшысы теріге тимеуін бақылау қажет. Зақымданған жерді сумен мұқият жуып, танниннің спиртті ерітіндісімен шайыңдар.


Қорғасын немесе мыстан жасалған сынауыққа 5 г дала шпатын және 1 г гипс салыңдар. Қоспаға 5 мл концентрлі күкірт қышқылын (96%) қосып, қорғасынды немесе мысты газшығаратын түтікпен жабдықталған резеңке тығынмен нығыздап жабыңдар. 10 мл суы бар қорғасынды, мысты немесе парафинделген шыны стақанға батырылған түтіктің ұшы судың бетіне аздап қана тиіп тұруы керек (неліктен?).
Стақан мен қорғасын сынауықтың арасына талшықтас қағазын қояды. Реакцияны жылдамдату үшін қорғасыннан жасалған сынауықты ыстық суы бар стақанға батырады. Неліктен сынауықты жанарғы жалынымен қыздыруға болмайды? Алынған балқытқыш қышқылының ерітіндісін лакмуспен сынап, балқытқыш қышқылдың мырышқа әсерін зерттеу қажет.
1 мл фторсутек қышқылының ерітіндісіне кальций хлоридінің ерітіндісін құйыңдар. Не байқалды? Жүргізген реакция теңдеулерін жазыңдар.


ғ 49 жұмыс. Шынының желінуі


1. Балқытқыш қышқылдың ерітіндісімен шынының желінуі



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: шыны пластинка, кәрлен ыдыс, парафин, пышақ немесе басқа өткір зат, 10% балқытқыш қышқылы, парафинді балқыту үшін электр плитасы.

Шыны пластинканы парафинмен қаптаңдар. Ол үшін оны кәрлен ыдыста балқыған парафинге батырып, тез шығарып аласыңдар. Пышақтың өткір ұшымен парафинделген беткі қабатқа жазу жазып көріңдер. Жазудың шетіне парафиннен шағын қоршау жасаңдар. 10% балқытқыш қышқылын парафинделген пластинкаға құйып, оны тартқыш шкаф астында қалдырыңдар. 1-2 сағаттан кейін пластинкадан ерітіндіні шайып, парафинді алып тастаңдар. Шыны неге ұшырайды? Реакция теңдеулерін жазыңдар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет