Бейорганикалық химия практикумы


Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер



бет101/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: темір үгінділері, электр плитасы, сүзуге арналған қондырғы, су жылытқышы, кристалдық йод, калий карбонаты, кәрлен табақша, Бюхнер құйғысы, кептіргіш шкаф.

Конус тәрізді құтыға 1-2 г темірдің үгінділерін немесе тотықсызданған темірді салып оның үстіне 25 мл су және йодтың есептелген мөлшерін құйыңдар. Қоспаны йод толығымен ерігенше жаймен қыздырыңдар. Әрекеттеспеген темірден сұйықтықты басқа құтыға құйып, оны қайнағанға дейін қыздырып, қайнап жатқан ерітіндіге біртіндеп 20 мл суда 7 г карбонат ерітілген сұйықты қосыңдар қосыңдар. Нені байқауға болады? Тұнба неден тұрады? Реакциялық қоспаны ерітіндінің мөлдір үлгісінде темір жойылғанша қыздырыңдар. (мұны қалай тексеруге болады?). Ерітіндінің көлемін бірқалыпты ұстап тұру керек.
Реакция аяқталғаннан кейін тұнбаны сүзіп, қабықша түзілгенше жылытқышта ерітіндіні буландырыңдар. Түзілген кристалдардың құрамы қандай? Ерітіндіні 00С дейін суытып, кристалдарды Бюхнер құйғысымен бөліп алып, оларды кептіргіш шкафта кептіріңдер. Барлық реакция теңдеулерін жазыңдар.


4. Йодтылау қышқылының синтезі және оның қасиеттерін зерттеу

Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті(



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: йод (кристалы), азот қышқылы, су жылытқышы, электр плитасы, кәрлен ыдыс, йодтылау қышқылының ерітіндісі, калий йодиді, темір (ІІ) сульфаты.

Тәжірибе тартқыш шкафта жүргізіледі!
1 г йодты кәрлен ыдыста өлшеп, азот қышқылының (тығыздығы 1,5 г/см3) есептелген мөлшерін қосыңдар. Азот қышқылының қайнау температурасы қандай? Қандай жоғарғы температурада жылытқышты қыздыруға болмайды? Йод толық ерігенше қоспасы бар ыдысты қыздырыңдар. Йод түссізденгеннен кейін ғана ерітіндіні қайнағанша қыздырып, ыдыстағы қоспа құрғақ болғанша буландырыңдар.
Бұл реакция не үшін жүргізіледі? Алынған затты сынауыққа жинаңдар. Жүргізілген реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.
Йодтылау қышқылының ерітіндісін дайындап, оны екі сынауыққа бөліңдер. Бір сынауыққа калий йодидінің ерітіндісін құйып, қандай зат бөлінетінін анықтаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Екінші сынауыққа темір (ІІ) сульфатының ерітіндісін құйыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Жүргізілген тәжірибелер йодтылау қышқылдың қандай қасиеттерін көрсетеді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет