Бейорганикалық химия практикумы


Тұздар қоспасынан аммоний тұздарын аластау



бет110/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

4. Тұздар қоспасынан аммоний тұздарын аластау. NH4Cl, NaCl, KCl тұздарының ерітінділерінің әрқайсысынан 10 мл-ден алып араластырыңдар. Қоспадағы аммоний ионын анықтаңдар. Ол үшін сынауыққа 3 тамшы ерітінділер қоспасын алып, оған 2 тамшы сілті ерітіндісін қосып, сынауықтың үстіне дымқыл қызыл лакмус қағазын қойып, су жылытқысында қыздырыңдар. Лакмус қағазының көгеруі аммоний тұзының бар екендігін көрсетеді. Аммоний тұзын аластау үшін 10 тамшы тұздар қоспасының ерітіндісін тартқыш шкафта отбақырашқа құйыңдар да, оны кәрлен үшбұрышына бекітіп, ерітіндіні құрғағанша суалтыңдар. Отбақыраштағы қалдықты алғашқыда бәсеңдеу, сонан кейін ақ түтіннің бөлінуі толық біткенше қыздырыңдар. Ақ түтіннің бөлінуі тоқтағаннан кейін отбақырашты суытып, құрғақ қалдықты 6 тамшы суға ерітіп, аммоний тұздарының толық жойылғанына көз жеткізіңдер. Аммоний тұздарының толық жойылғанын Несслер реактивімен (К2[НgJ4] және КОН қоспасы) тексеруге болады. Ол үшін кәрлен пластинкаға зерттелетін ерітіндінің бір тамшысын тамызып, оған 3 тамшы Несслер реактивін қосыңдар. NH4+ ионы бар болса қызыл-қоңыр тұнба түзіледі немесе ерітінді сары-қоңыр түске (NH4+аз мөлшерде болса) боялады.
Егер амоний тұздары толық аласталынбаса тұздар ерітіндісін қайтадан буландырып, қалдықты қайта қыздыру керек.


Аммоний тұздарының қыздыруға қатынасы


5. Аммоний хлоридін термиялық ыдырату.
Ұзындығы 20 см және диаметрі 1 см шыны түтікке амоний хлоридін салыңдар. Екі шыны таяқшаның көмегімен, оны түтіктің ортасына 3 см болатындай қысып нығыздаңдар. Алынған қабаттан 2-3 см қашықтықта тағы да аздап аммоний хлоридін салыңдар. Түтіктің екі шетіне көк және қызыл лакмус қағаздарын қойыңдар. Түтікті ұстауыш арқылы тұрғыға қисайтып бекітіңдер де, нығыздалған қабаттан төмен орналасқан аммоний хлоридін қыздырыңдар. Лакмус қағаздарының түстері неліктен өзгереді? Аммоний хлоридінің термиялық диссоциациясының теңдеуін жазыңдар. Газдардың диффузия жылдамдықтары мен олардың молекулалық массалары қалай байланысқан? Аммоний хлоридінің ыдырау нәтижесінде түзілген газдардың қайсысы тез және қанша есе диффузияға ұшырайды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет