Бейорганикалық химия практикумы


ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР



бет136/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: қалайы (ІV) хлориді ерітіндісі, қалайы (ІІ) сусыз хлориді, 10% аммиак, Бюхнер құйғысы, тұз, азот (40-50%), күкірт қышқылдары мен натрий гидроксиді ерітінділері, хлор алатын құрылғы, концентрлі күкірт қышқылы құйылған Тищенко шынысауыты, натрий гидроксиді құйылған Тищенко шынысауыты, айдауға арналған құрылғы.



1.(-қалайы қышқылын алу.
Қалайы (ІV) хлоридіне толық тұнба түскенше 10% аммиак ерітіндісін қосыңдар. Алынған тұнбаны хлорид иондарын аластағанша декантация әдісімен сумен шайып, Бюхнер құйғысында сүзіп алыңдар. (-қалайы қышқылының суға, қышқылдарға және сілтілерге әсерін байқаңдар.


2. (-қалайы қышқылын алу.
0,5 г қалайыға 40-50% азот қышқылын қосып, қыздырыңдар. Алынған тұнбаны декантация әдісімен сумен шайыңдар. (-қалайы қышқылының сілтілер мен қышқылдарға әсерін анықтаңдар.


3. SnCІ2-ден SnCІ4 алу.
Сусыз өнімді сусыз SnCІ2-ні хлорлау арқылы алуға болады. Конус тәрізді құтыға (60 сурет) 200 г сусыз SnCІ2 салып,





60-сурет. SnCІ4 алуға арналған құрылғы

минутына 60-70 көпіршік болатындай хлор ағынын (тартқыш шкафтың астында) жіберіңдер. Хлорды алдымен концентрлі күкірт қышқылы құйылған Тищенко шынысауыты арқылы жіберіңдер. Хлордың артық мөлшері натрий гидроксиді құйылған Тищенко шынысауытында жұтылады. Реакция қоспаның өте күшті қызуымен (70-800С) жүреді де, SnCІ2 кристалдық массасы сұйықтыққа айналады.


Реакцияның аяқталғанын температураның біртіндеп төмендеуінен көруге болады. Алынған сұйықтықты айдауға арналған құтыға құйып, еріген хлорды байланыстыру үшін қалайы қосып, жаймен айдап, 112-1140С қайнайтын фракцияны жинап алыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет