21. АЛЮМИНИЙ
ғ 79 жұмыс. Алюминийдің суға әсері
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: екі алюминий пластинка, зімпара қағазы, Hg(NO3)2 тұзының ерітіндісі.
|
Екі алюминий пластинасын алып, зімпара қағазымен мұқият тазартып, сумен шайып, құрғатыңдар. Бір пластинканы дистилденген суға батырып, екіншісінің бетін Hg(NO3)2 тұзының ерітіндісімен ылғалдаңдар. 2-3 минуттан кейін пластинканың бетіндегі сынап тұздарын аластап, (сумен жуып, дистилденген суы бар стаканға батырыңдар) не байқалатынына көңіл аударыңдар.
Бірінші және екінші жағдайда байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Алюминийдің оттекпен және сумен әрекеттесу реакцияларын жазыңдар. Реакцияның жылу эффектісін көрсетіңдер.
ғ 80 жұмыс. Алюминийдің қышқылдарға
және сілтілерге әсері
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: алюминий (түйірлері, сым түрінде кесілген түрлері), 1н және концентрлі тұз, күкірт, азот қышқылдары және натрий гидроксиді.
|
Үш сынауыққа 3 мл 1 н тұз, күкірт және азот қышқылдарын құйыңдар да, оған 2-3 түйір алюминий түйірлерін салыңдар. Қай қышқылда реакция шабытты жүретіндігін көрсетіңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Осы тәжірибені концентрлі қышқылдармен қайталаңдар. Алюминийдің 1 н натрий гидроксидімен әрекеттесуін зерттеңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
ғ 81 жұмыс. Алюминийдің пассивтенуі
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: алюминий пластинасы, 2 н тұз қышқылы, азот қышқылы (конц.).
|
Алюминий пластинаны қысқышпен бекітіп 20 мл 2 н тұз қышқылына батырыңдар. Сутек бөлінуіне назар аударыңдар. Пластинаны ерітіндіден шығарып, 2-3 минут уақытқа 20 мл концентрлі азот қышқылына салыңдар. Одан кейін ерітіндіден шығарып, сумен шайып, қайтадан 2 н тұз қышқылына салыңдар. Енді сутек бөліне ме? Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |