Бейорганикалық химия практикумы


Магний хоридінің гексагидратын алу



бет143/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

1. Магний хоридінің гексагидратын алу. Көлемі 100 мл стаканға 50 мл 20% тұз қышқылын құйыңдар да, оған магний оксидінің есептелген мөлшерін салыңдар. Егер ерітінді мөлдір болмаса, онда сүзіңдер де, сулы немесе құмды жылытқышта бастапқы көлемнің жартысына дейін суалтыңдар. Оны суытқыш қоспаға (натрий хлориды қосылған мұзға) салып, хлорсутек ағынын жіберіңдер. Түзілген кристалдарды сүзіп, бөлме температурасында шыныда кептіріңдер. Тұнбаны таразыда өлшеп, пайыздық шығымын анықтаңдар. Магний хлоридінің гексагидратының аздаған мөлшерін отбақырашқа салып, қыздырыңдар. Не байқалады? Тұздың ыдырауын соңына дейін жүргізіңдер. Оны қалай білуге болады? Отбақырашты суытып, оған 1-2 мл су құйыңдар. Суда ерімей қалған заттың құрамы қандай? Байқалатын құбылысты түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.


2. Сусыз магний хлоридін алу.



Қажетті жабдықтар және реактивтер: МgCІ2(6H2O кристалдары және NH4CІ, отбақыраш, газ жанарғысы немесе муфель пеші, ылғал сорғыш, металдарды хлорлауға арналған аспап, технохимиялық таразы, кәрлен қайықшасы, магний үгіндісі, кварц немесе кәрлен түтігі ( =2,5 см, d =1,5-2 см) Кипп аппаратынан алынатын көміртек диоксиді, хлор ағыны, шыны шақша, стакан.

Массалық қатынастары 1:2 болатын MgCl2(6H2O және NH4CІ кристалдарын жақсылап араластырыңдар. Қоспаны отбақырашқа салып, газ жанарғысының жалынына қыздырыңдар. Отбақырашты ішіндегі затымен ылғалсорғыштың ішінде суытыңдар. Неліктен?


Металдарды хлорлайтын аспапты (46-сурет) жинаңдар да, оның герметикалығын тексеріңдер. Алдын-ала өлшенген кәрлен қайықшасында 1 г магний үгінділерін өлшеп алып, оны аспаптың кварц немесе қиын балқитын шыныдан жасалған түтігіне салыңдар. Жүйені 10-15 минут құрғақ көміртек диоксидінің (Кипп аппаратынан) ағынында кептіріңдер. Барлық құрылғыны хлормен толтырып, түтіктің кәрлен қайықшасы тұрған жерін газ жанарғысы жалынында қыздырыңдар. Реакция басталғанан кейін құрғақ хлор ағынын жібере отырып жанарғыны алып тастаңдар. Егер реакция толығымен жүрмесе, магнийді тағы да жалын пайда болғанша қыздырыңдар. Аспапты хлор ағынында суытыңдар. Хлорды құрғақ көміртек диоксидімен ығыстырып шығарыңдар. Көміртек диоксидін жіберуді тоқтатпай түзілген затты өлшенген құрғақ шыны шақшаға ауыстырып салыңдар. Шыны шақшаны алынған затпен өлшеп оның шығымын пайыз бойынша есептеңдер.
Кішкене стаканға 3-5 мл су және алынған магний хлоридінің аздаған мөлшерін салыңдар. Не байқалады? Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет