Бейорганикалық химия практикумы


Магний гидроксидін алу және оның қасиеттері



бет142/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

2. Магний гидроксидін алу және оның қасиеттері. Магнийдің қандай да бір тұзына сілті ерітіндісімен әсер ете отырып, сынауықта магний гидроксидін алыңдар. Оны үш бөлікке бөліп, магний гидроксидінің 10% қышқыл, сілті, және аммоний хлоридіне әсерін анықтаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
3. Берилийдің негіздік карбонаты.
Берилий сульфатының 4-5 мл ерітіндісіне тамшылатып аммоний карбонатының қаныққан ерітіндісін құйыңдар. Тұнбаның түзілуін және оның реактивтің артық мөлшерінде еруін түсіндіріңдер. Алынған ерітіндіні қайнатыңдар. Ерітіндіні қайнатқанда неліктен тұнба түзілетінін түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
4. Магнийдің негіздік карбонаты (ақ магнезия). 500 С дейін қыздырылған магний сульфаты немесе хлориді ерітіндісіне (4-5 мл) тұнба толық түскенше натрий карбонатының ерітіндісін құйыңдар. Түзілген заттың құрамы қандай? Түзілген тұнбаны сүзіңдер де, дистилденген сумен шайып, сүзгіш қағазымен бірге ауада кептіріңдер. Оның құрамы қандай? Сүзіндіні қайнағанша қыздырыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
5. Магний-аммоний фосфаты. Сынауыққа 4-5 мл магний хлоридінің 3 % ерітіндісін құйып, оған аммиак ерітіндісін қосыңдар. Қандай өзгерістер байқалады? Соның үстіне тұнба ерігенше аммоний хлоридінің қаныққан ерітіндісін тамшылатып құйыңдар. Тұнбаның жойылып кеткенін қалай түсіндіруге болады? Сынауыққа 1 мл натрий ортофосфатын құйыңдар. Не байқалады? Түзілген кристалдарды сүзіп алып, олардың пішінін микроскоппен көріңдер. Кристалдардың құрамдары қандай? Осы кристалдар бар сынауыққа тұз қышқылын құйыңдар. Не байқалады? Байқалған құбылыстарды түсіндіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар.
ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР


Тітіркендіргіш әсері бар, денсаулыққа қауіпті. Абайлаңдар! Қорғағыш көзілдірікпен жұмыс істеңдер.



Қажетті жабдықтар және реактивтер: 100 мл химиялық стакан, 50 мл цилиндр, құйғы, 250 мл конус тәрізді құты, кәрлен табақша, сулы немесе құмды жылытқыш, Вюрц құтысы, газ өткізгіш түтігі бар сифон, технохимиялық таразы, отбақыраш, муфель пеші, 20% тұз қышқылы, магний оксиді, суытқыш қоспа (натрий хлориді қосылған мұз), құрғақ натрий хлориді, концентрлі күкірт қышқылы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет