Бейорганикалық химия практикумы


Қажетті жабдықтар және реактивтер



бет197/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Қажетті жабдықтар және реактивтер: мыс тиыны немесе сымы, зімпара қағазы, стақан, сынап тұзы, кәрлен табақша, сынап, концентрлі азот қышқылы, 10% сынап (ІІ) нитраты, натрий гидроксиді, қалайы (ІІ) хлориді, сынап (ІІ) нитратының кристалдары, сынауықтар, 25% азот қышқылы,
1 н азот қышқылы, 10% натрий хлоридінің, қалайы (ІV) хлоридінің, алюминий сульфидінің ерітінділері.



1. Сынаптың тотықсыздануы. Зімпара қағазымен мыс тиынын немесе сымын тазалап, сумен шайып, сынап тұзының ерітіндісіне салыңдар. Не байқалады? Затты ерітіндіден шығарып, дистилденген сумен шайыңдар. Оның бетін сүзгіш қағазбен сүртіңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. Сынап (ІІ) нитратын, оксидін және гидроксидін алу және олардың қасиеттері.
Кәрлен табақшада 1-2 тамшы сынапты 3 мл азот қышқылының концентрлі ертіндісімен (тартқыш шкафта!) қыздырыңдар. Егер сынап түгел ерімейтін болса, онда тағы да қышқыл қосыңдар. Алынған (сұйытылған) сынап (ІІ) нитратының ерітіндісіне натрий гидроксидінің ерітіндісін қосыңдар. Сары түсті сынап (ІІ) оксидінің түзілгенін байқаңдар. Тұнбаның артық мөлшердегі сілті және сұйытылған азот қышқылына әсерін зерттеңдер. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Жеке сынауықтарда тұнбаның сілтінің артық мөлшеріне және сұйытылған азот қышқылына әсерін зерттеңдер.
Сынап (ІІ) нитратының 1-2 кристалын суда ерітіңдер. Оған бастапқыда аздап, одан соң қалайы (ІІ) хлоридінің артық мөлшерін құйыңдар. Не байқалады? Осы реакция сынап (ІІ) қосылыстарының қандай қасиеттерін көрсетеді? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
3. Сынап (І) нитратын алу. Сынауыққа 1 г сынап металын салыңдар да, оған 1,5 мл азот қышқылының 25% ерітіндісін құйыңдар. Кристалдар түзілгенше қоспаны 1-2 сағатқа қалдырып қойыңдар. Не себептен тәжірибені сынаптың артық мөлшерімен жүргізеді? Қандай жағдайда сынапты азот қышқылында ерітіп сынап (І) нитратын және сынап (ІІ) нитратын алуға болады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
4. Сынап (І) қосылыстарының қасиеттері.
Алдыңғы тәжірибеде алынған тұздың 2-3 кристалын суда ерітіңдер. Не байқалады? Тұнбада қандай зат түзіледі? Бұл тәжірибеден нені көруге болады? Сынап (ІІ) нитратының бірнеше кристалын 1-2 мл азот қышқылының ертіндісімен қышқылданған 5 мл суда ерітіңдер. Бұл жағдайда тұнба түзіле ме? Байқалатын құбылысты түсіндіріңдер. Алдыңғы тәжірибеде (2) алынған ерітіндіні 3 сынауыққа бөліп құйыңдар. Бірінші сынауыққа 1-2 мл натрий хлоридін, екіншіге-1 мл қалайы (ІV) хлоридін, үшінші сынауыққа 1 мл алюминий сульфидін қосыңдар. Не байқалады? Байқалатын құбылыстарды түсіндіріңдер. Түзілетін тұнбалардың құрамдары қандай? Реакция теңдеулерін жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет