Бейорганикалық химия практикумы


Реактивтер және оларды қолдана білу



бет6/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

1.2.3.Реактивтер және оларды қолдана білу
Реактивтер мен олармен жұмыс істеу туралы мыналарды есте сақтаған жөн:
1.Реактивтерді ластанудан сақтау керек.
2.Реактивтерді үнемдеп жұмсау керек.
3.Реактивтер мен барлық ыдыстарда реактивтің және оның тазалық дәрежесі көрсетілген этикеткасы болуы керек.
4.Жарық әсерінен өзгеретін реактивтерді тек қана сары немесе қоңыр ыдыста сақтау керек.
5.Улы, отқа қауіпті немесе зиянды заттармен, концентрлі қышқылдар мен сілтілермен жұмыс істегенде ерекше сақ болу керек.
6.Отқа қауіпті реактивтермен оттан және қосылып тұрған қыздырғыш аспаптардан алыс жұмыс істеу керек.


1.3. Химиялық ыдыстар және басқа құрал-жабдықтар
Қазіргі жағдайда лаборатория тәжірибесінде химиялық ыдыстардың және лабораториялық құрал-жабдықтардың көп түрі қолданылады. Олардың барлығын суреттеу мүмкін емес және ол осы оқулықтың басты мақсаты да емес. Сондықтан біз тек бейорганикалық химия лабораториясында дәстүрлі, кеңінен қолданылатындарына ғана тоқталамыз. Олардың сипаттамасы мен сызықтық өлшемдері көптеген арнайы басылымдарда келтірілген (25(.


1.3.1. Химиялық ыдыстар.
1.3.1.1. Шыныдан жасалған химиялық ыдыстар
Химиялық лабораторияда көбінесе шыныдан жасалған ыдыстар қолданылады. Өзінің коррозияға тұрақтылығы, төзімділігі, мөлдірлігі және жылу кеңейткішінің сызықты коэффицентінің салыстырмалы аз болуына байланысты шыны лабораториялық ыдыстар, аспаптар және аппараттар дайындау үшін, сонымен бірге олардың арасын байланыстыратын элементтер ретінде бағалы конструкциялық материалдар пайдаланылады. Шынының мөлдірлігі реакциялық ыдыстағы жүріп жатқан процестерді үздіксіз көруге мүмкіндік береді, ал шыны бетінің тегістігі ыдысты жууды жеңілдетеді.
Шынының кемшілігі-оның сынғыштығы, температураның кенет ауытқуына және кейбір агрессивті ортада (сілтілердің концентрлі ерітінділері, фосфор, фторсутек қышқылдары және кейбір басқалары) тұрақтылығының аздығы.
Сынауықтарды реактивтердің аз мөлшерімен жұмыс істеу үшін қолданады. Сынауықтардың формасы мен диаметрі әртүрлі пішінде болады: қарапайым цилиндрлі, конус тәрізді, өлшемді центрифугалы және бүйіріне иілген. Жұмыс істегенде сынауықты 1/8-1/4 көлемге дейін толтыру керек. Сынауықтағы реактив көлемі оның жартысынан аспауы керек. Сынауықты спирт шамының үстінде қыздырғанда ұстағышпен немесе арнайы қысқышпен ұстап, жаймен ғана біркелкі температурада газ көпіршіктері пайда болғанша қыздырады. Одан кейін сынауықты спирт шамы жалынында емес, оның жанында немесе үстінде ұстау керек. Мұнда сынауықтың ашық жағы тәжірибе жасаушыдан басқа жаққа қаратылып ұсталуы тиіс.
Стақандар қарапайым химиялық операцияларды жасауға және қосымша ыдыстар ретінде қолданылады. Оларды ішіндегісімен ашық жалында немесе электр плитасында ашық қыздыруға болмайды. Қыздыруды тек қана талшықтас торы арқылы немесе жылутасушы жылытқышта (мысалы, су жылытқышында) қыздыру керек. Шыны стакандарды ерітінділерді буландыру үшін қолдануға болмайды. Сыртқы ортаның жағдайларынан қорғау үшін заттарды өлшеуге қолданылатын қырналған стакандарды шынышақша деп атайды.
Лабораториялық тәжірибеде әртүрлі өлшем мен пішіндегі құтылар кеңінен қолданылады. Жазық түпті, конус тәрізді (Эрленмейер құтысы) және дөңгелек түпті құтылар аналитикалық жұмыстарға, атмосфералық қысымда қарапайым операцияларға, сұйықтарды сақтауға және т.с.с. арналады. Оларды қабылдағыш ретінде айдау жұмыстарында ғана қолданады. Конус тәрізді құтылар өзінің формасына байланысты аз булануды қамтамасыз етеді, сондықтан да оларды заттарды кристалдау үшін қолданады. Жазық түпті құтыларды жоғары температурада және төменгі қысымда жүргізілетін жұмыстар үшін қолдануға болмайды.
Тубусты құтыларды әдетте (Бунзен құтысы) төменгі қысымда сүзгенде қабылдағыш ретінде қолданады. Оларды қалың қабатты етіп жасайды, себебі вакуум астында сүзгенде олар атмосфералық қысыммен жаншылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет