Бейорганикалық химия практикумы


Сыртынан суытылатын спираль тәрізді тоңазытқыштар



бет9/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Сыртынан суытылатын спираль тәрізді тоңазытқыштар (6 а сурет) көбінесе тіке тоңазытқыштар сияқты, әсіресе жоғарыдан төменге түсетін тез ұшатын сұйықтардың буларын конденсациялау қажет болғанда қолданылады. Ішінен суытылатын спираль тәрізді тоңазытқыштарда (6 б сурет) суытылатын су иректеме арқылы ағады. Тоңазытқыштардың бұл түрі кері

6-сурет.
Спираль тәрізді тоңазытқыштар

тоңазытқыш ретінде шар тәріздіге қарағанда тиімділігі жоғары.Ішінен суытылатын кері тоңазытқыштар (6 в сурет) төмен бағытталған және кері

тоңазытқыштар ретінде қолданылады.
Ылғалсорғыштар (7-сурет) ауадан ылғалды тез тартып алатын

заттарды сақтау және кептіру үшін қолданылады. Ылғалсорғыштарды қарапайым (шүмексіз) және вакуумды (шүмекпен) деп екіге бөледі. Ылғалсорғыштың ішіне, кептірілетін зат салынған ыдысты қоятын қораптың тарылған бөлігінің үстіне тесігі бар кәрлен ендірме қояды. Кептірілетін зат кептіргіштің үстіндегі осы ендірмеге қойылады. Кептіруді бөлме





температурасында жүзеге асырады. Вакуум-ылғалсорғыштарда су сорғыш зат ретінде күкірт қышқылын қолдануға

7-сурет. Ылғалсорғыш

тиым салынады. Ылғалсорғыштардың қырналған бөлігіне вазелин жағу керек. Оның ішіндегі ыстық зат суығанда аздаған сиреу пайда болады да, қақпақ қорапқа тығыз жабысады. Сондықтан ылғалсорғышты ашу үшін алдымен қақпақты бір жағына қарай жылжыту керек, сонда ол жеңіл ашылады.


1.3.1.2. Өлшеуіш лабораториялық ыдыстар
Сұйықтардың көлемін өлшеу үшін сыртында сыйымдылығы көрсетілген белгісі бар өлшеуіш ыдыстар қолданылады. Өлшеуіш ыдыстарға өлшеуірлер, өлшеуіш құтылар, тамшуырлар, өлшеуіш цилиндрлер, өлшектер және бөлікке бөлінген құтылар жатады. Өндірісте жасалынып шығарылатын өлшеуіш ыдыстардың дәл белгілері көрсетіледі және оның сыйымдылығы мемлекеттік стандартқа сәйкес келу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет