Бейорганикалық химия практикумы



бет95/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

2. KІ ерітіндісінің бірнеше тамшысына бром суын, бензол қосып, сілкілеңдер. Бензол сақинасының түсін түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.


3. Йод суының бірнеше тамшысына крахмал ерітіндісінің бірнеше тамшысын қосып, сынауық ішіндегіні сілкілеп, крахмалдың көк түсі кеткенше натрий тиосульфатының (Na2S2O3) ерітіндісін қосыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.


4. Екі сынауыққа 1 мл бром, йод суын құйып, органикалық еріткіштің (хлороформ, CCl4, бензол) бірнеше тамшысын қосып, жақсылап сілкілеңдер. Екі сынауыққа хлор суын тамшылатып қосып, тез араластырып органикалық еріткіш қабатының түсінің өзгеруін бақылаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.


5. Сынауыққа калий бромиді мен йодидінің ерітіндісін және 3-5 тамшы органикалық еріткішті тамшылатып қосыңдар. Оған хлор суын қосып, жақсылап араластырып, еріткіштің түсінің өзгеруін бақылаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.


6. 2-3 тамшы бромдылау қышқылды калийдің қаныққан ерітіндісін 1-2 тамшы сұйытылған күкірт қышқылымен араластырып, бромдылау қышқылының ерітіндісін дайындаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Ерітіндіге йодтың ұсақ кристалдарын салып, сынауық ішіндегіні араластырып, ерітіндіні бірнеше рет жуып, оған органикалық еріткіштің бірнеше тамшысын қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Галогендерді галоидты сутектерден және олардың тұздарынан, сонымен қатар олардың оттекті қосылыстарынан бірін-бірі ығыстыру қабілетіне байланысты қатарға орналастырыңдар. Галогендердің электронға ынтықтылығы тұрғысынан осы қасиетін түсіндіріңдер.


Галогенсутек қышқылдарын алу және олардың қасиеттерін зерттеу.
ғ 46 жұмыс. Сутек хлоридін алу


Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті(

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сақинасы бар тұрғы, U-тәрізді түтік, сусыз кальций хлориді, жазық түпті құты, ұшы ұзын құйғы, тығыны бар 50 мл арналған қабырғасы қалың құрғақ шынысауыт, капилляры бар тығын, кристаллизатор, натрий хлориді, күкірт қышқылы (70%).

41 суретте көрсетілгендей құрылғы жинаңдар. Реакциялық құтыға 5-6 г натрий хлоридін салып, 70% күкірт қышқылын құйыңдар. U-тәрізді түтікте сусыз кальций хлоридін





салыңдар. Көлемі 25-50 мл қабырғасы қалың құрғақ шынысауытты бөлініп жатқан хлорсутекпен толтыр-ыңдар. Оның газға толға-нын қалай анықтауға болады? Шынысауытты ұшы ішіне қаратылған капилляры бар тығынмен жабыңдар. Газы бар

41-сурет. Хлорсутек алуға арналған құрылғы

шынысауытты түбін жоғары қарата аударып, оның аузын суы бар астауға батырыңдар.

Осы құбылыстарды түсіндіріңдер. Хлорлы сутектің судағы ерігіштігі қандай? HBr және HІ қалай алынады? Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет