Бейорганикалық химия практикумы


ғ 47 жұмыс. Бромды сутектің алынуы және қасиеттері



бет96/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

ғ 47 жұмыс. Бромды сутектің алынуы және қасиеттері



Қажетті құрал-жабдықтар және реактивтер: калий бромиді, күкірт қышқылы (конц.), қызыл фосфор, тамшылатқыш құйғы, бром, U-тәрізді түтік, шыны мақта, сынауық, мұзы бар стақан, газтәрізді түтік, электр плитасы, магний ұнтағы, мырыш ұнтағы, кальций карбонаты, күміс нитратының ерітіндісі.

а) Құрғақ сынауыққа 0,5 г калий бромидін салып, аздап 70% күкірт қышқылын құйып, абайлап қыздырыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы әдіспен алынған сутек бромиді немен ластануы мүмкін?
б) Құрылғыны жинаңдар (42 - сурет). Бірінші сынауыққа 2 тамшы сумен ылғалданған 1 г қызыл фосфор салыңдар. Тамшылатқыш құйғыға (2) 3-5 мл бром құйыңдар. U-тәрізді түтіктің төменгі бөлігіне (3) қызыл фосформен араластырылған шыны мақтаны орналастырыңдар (не үшін?). Қабылдағыш ретіндегі сынауыққа (4) 3 мл су құйып, оны мұзы бар стақанға батырыңдар. Газшығаратын түтік қабылдағыштың суына батырылмау керек (неліктен?), бірақ



оның саңылауы судың бетіне өте жақын болу керек. Бром әрекеттесіп үлгеру үшін бақылай отырып, бромды фосфорға жаймен тамшылатып құйыңдар. Бром мен фосфор арасындағы реакция аяқталғанда сынауықты 3-5 минуттай

42-сурет. Бромсутек алуға арналған құрылғы

қыздырып, қабылдағышты шығарыңдар да, алынған қышқылдың металл (магний

және мырыш) мен кальций карбонатына әсерін сынаңдар. 1 мл HBr ерітіндісіне 1-2 тамшы күміс нитратының ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Бұл тәжірибеде өтетін барлық процестер үшін реакция теңдеулерін жазыңдар.


ғ 48 жұмыс. Сутек фторидінің алынуы және қасиеттері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет