Лекция-5. Химиялық реакциялардың кинетикасы.
Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Әрекеттесуші массалар заңы.
Ле-Шателье принципі.Ерітінділер.
Жоспар:
Химиялық реакциялар
Химиялық кинетика
Температураның реакция жылдамдыгына әсері.
Ле –Шателье принципі. Химиялық тепе-теңдік.
Химиялық реакциялар. Химиялық реакциялар әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі. Ол төмендегі кестеде келтірілген.
Химиялық реакциялардың типтері.
Химиялық кинетика. Химиялық кинетика химиялық процесстердің жылдамдығы мен механизмін зерттейді, реакция жылдамдығының температураға, қысымға, концентрацияға тәуелділігін қарастырады, реакция жылдамдығы мен механизмін білу процесстерді толық меңгеріп оларды ең ыңғайлы жағдайда жүргізуге мүмкіндік береді.
Химиялық кинетиканы зерттеудің теория мен практика үшін маңызы зор. Химиялық кинетиканың басты мақсаты — химиялық реакциялардың жүру жылдамдығының әр түрлі факторларға тәуелділігін сипаттап, соған орай заңдылықтарды ашып беру.
Реакциялардың жүру жылдамдығы әртүрлі болады. Кейбіреулері тез өтеді /мысалы, қопарылыс/, басқа біреүлері баяу, олардың нәтижесін байқау үшін айлар, жылдар, тіпті ғасырлар керек болады /мысалы, геохимиялық реакциялар/.
Химиялық реакциялардың жіктелуі
Прцестің қайтымдылығы. Қайтымды және қайтымсыз реакциялар
Бастапқы және түзілген заттардың құрамы мен саны.
Жылу эффектісі
Бастапқы және түзілген заттар құрамына кіретін элемент атомының тотығу дәрежесінің өзгеруі.
Эндотермиялық
Гидролиз
Тотығу – тотықсыздану
Экзотермиялық
Достарыңызбен бөлісу: |