Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Аса қанық ерітінді әзірлеу



бет88/189
Дата05.11.2022
өлшемі5.26 Mb.
#464071
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   189
химия дәрістер (1) (1)

2. Аса қанық ерітінді әзірлеу

а) Құрғақ пробиркаға 5–6 г шамасында натрий тиосульфатының ұнтағын салып, оның үстіне 1 мл су құйыңыз да, пробирканы стақандағы ыстық суға салып, ішіндегі тұзды әбден ерітіңіз. Пробирка қабырғасында ерімей қалған тұз кристалдары болмасын. Пробирканың аузын мақтамен жауып, оны үй температурасына дейін салқындатыңыз. Пробирканы ашып, оған осы тұздың бірнеше кристалдарын салыңыз. Аса қанық ерітіндідегі тұз кристалдана бастайды. Кристалдану барысында ерітіндінің температурасы көтеріледі (қолмен байқауға болады).


Аса қанық ерітінді кристалданғанда жылу бөлінетіндігі неліктен? Ерітіндіні арнаулы ыдысқа құйыңыз.
ә) Осындай тәжірибені натрий ацетаты, тотияйын, калий бихроматы тұздарымен де жасап, байқалған құбылыстарды жазып алыңыз.
3. Мыс купоросындағы кристалданған судың мөлшерін анықтау

Кристаллогидраттар дегеніміз – құрамына судың бір не бірнеше молекуласының қосылуынан кристалданатын заттар. Кристаллогидраттардың көпшілігі белгілі температурада қыздырғанда кристалданған суынан айрылады. Мысалы, мыс сульфатының кристаллогидраты 2200С-де толық сусызданады. Ал сусызданған мыс сульфаты 6500С температурада ыдырай бастайды.


Тәжірибенің орындалуы. Алдымен фарфор тигельді қыздырып эксикаторда салқындатыңыз да, оны 0,02 г дәлдікпен технохимиялық таразыда өлшеңіз. Тигельге 1,0–1,3 г мөлшерінде ұнтақталған мыс купоросын салып әлгі тигель өлшенген таразыда қайта өлшеңіз. Алынған тұздың салмағын есептеңіз. Ішінде тұзы бар тигельді құм ваннасына қойып 220 – 2400С температурада толық сусызданғанша қыздырыңыз. Тұздың түсіне назар аударыңыз. Тұз әбден сусызданып ағарғаннан соң, тигельді қысқашпен ұстап, ваннадан алып, толық салқындағанша эксикаторда сақтаңыз. Тұзды салқындату үшін ауада неге қалдыруға болмайды? Салқындаған тигельді эксикатордан алып өлшеңіз. Тигельді тұзымен құм ваннасына екінші рет 10 – 15 минут уақытқа қойып, эксикаторда салқындатып, қайта өлшеңіз. Соңғы екі өлшеуде тигель салмағының айырмасы 0,02 – 0,03 грамнан аспайтын болсын.


Бақылауларды жазудың үлгілері

Бақылағанды және өлшелінген заттарды лабораториялық журналға (дәптерге) жазу:


1. Тигельдің салмағы (г) – m1;
2. Тұзы бар тигельдің салмағы (г) – m2;
3. Тұздың салмағы (г) – m3= m2m1;
4. Тұзы бар тигельдің бірінші қыздырудан кейінгі салмағы (г) – m ;
5. Тұзы бар тигельдің екінші қыздырудан кейінгі салмағы (г) – m ;
6. Тұзы бар тигельдің үшінші қыздырудан кейінгі салмағы (г) – m ;
7. Тұзы бар тигельдің тұрақты салмағы (г) – m4;
8. Бөлінген судың салмағы (г) – m5 = m2m4;
9. Сусыз тұздың салмағы (г) – m6 = m4m1.
Сусыз тұздың 1моліне сәйкес келетін судың мөлшерін есептеп, мыс купоросы кристаллогидратының химиялық формуласын табыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет