Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы Молдабаева Роза Аппакбайқызы Нұрғалиева Сәуле Мұқанқызы



Pdf көрінісі
бет27/63
Дата01.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#500233
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63
Beisenbekova

Танымдық өрісінің дамуы. Мектепке дейінгі шақ- баланың сезімдік 
тәжірбиесінің орасан зор молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың адамға тән 
формаларын игеру, қиялдың күшті даму, ырықты зейін мен мағыналы естің 
бастамалары қалыптасу кезең болып саналады. 
Үш жастан жеті жасқа дейінгі көру, есту, тері-қимыл сезгіштінің табалдырықтарының 
едәуір төмендейтіні байқалады. Көздің көргіштігі, түстер мен олардың пеңктерін 
ажырату нәзіктігі артып, фонематикалық және оғары дыбысты естуі дамиды, қол 
белсенді сезіну мүшесіне айналады. Бірақ бұл барлық өзгерістер өздігінен бола 
салмайды. Олар баланың болмыстағы қзаттар мен құбылыстарды олардың сан алуан 
қасиеттері мен қарым-қатынастарын тексеруге бағытталған қабылдаудың жаңа іс-
әркеттерін игеруінің нәтижесі болып есептеледі. Мектепке дейінгі балалық шақта 
қабылдаудың дамуы үшін, В.Запорожец пен оның қызметкерлерінің еңбектерінде 
көрсетілгендей, балалардың сенсорлық эталондар жүйесін игеруінің ерекше маңызы 
бар ( сенсорлық эталондар –спектр түстері, геометриялық формалар, музыкалық 
дыбыстар , тіл фонемалары т.б. жүйесі тәрізді адамзат белгілі бір жолмен бөліп алған 
заттар қасиеттерінің жіктелген және өзара байланысқан үлгілері). Бірақта, мектепке 
дейінгі балалық шақтың соңында бала көпшілік мақұлдаған эталондарды әлі игермейді. 
Оның қабылдау өлшемі нақтылы жақсы таныс заттардың қасиеттері туралы елестер 
болады. Бұл мәселен, баланың заттардың қасиеттеріне беретін сөздік атауларыныан 
байқалады. Мысалы үш бұрышты анықтай отырып, бала «үй сияқты , «шатыр 
сияқты».деп жауап береді. 
6-
7 жасқа қарай балалар әуенді тәп –тәуір қайта жаңғырта алады. Қабылдаудың жетіле 
түсуімен тығыз байланысты баланың ойлауы да дамып отырады. Егер сәбилік шақта 
ойлау заттық іс-әрекет процесінде жүзеге асса, мектеп жасына дейінгі балада ол 
практикалық әрекетің алдын алады. Бұлай болу себебі, бала бұрынғы тәжірибеде 
жасалған әрекет тәсілін басқа, бірақ алғашқыға дәлме-дәл келмейтін жағдайға 
ауыстыруды үйренеді. 
Мектепке дейінгі шақта бала өмірлік мәселелерді үш түрлі: көрнекі-әсерлі, көрнекі 
– 
бейнелі және ұғымдарға сүйенген логикалық пікірлесу, тәсілдерімен шешеді. Бала 
неғұрлым жас болған сайын, ол соғұрлым практикалық байқап көрулерді жиі 
қолданады, есейген сайын ол көрнекі – бейнелі және кейін логикалық тәсілдерге 
көбірек жүгінеді. 
Екі жас пен жеті жас арасында ақыл –ой тұрғысынынан міндеттерді шешу нақтылы 
ақыл-ой эксперименті ретінде өте алатыны Ж.Пиаженің тәжірбиелерінде көрсетілген 


35 
болатын. Ол бала ойының қайтымдылығының болмауы және міндеттің шешілу 
барсында көрнекі жағдайдың ықпал етуі сияқты балалар ойлауының ерекшеліктерін 
байқаған еді. Қабылдау бейнесі әлі әлсіз, тұрақсыз ұғымдардан күштірек болып 
шығады. Дегенмен, баланың бейнелі ойлауы белгілі бір жағдайларда дұрыс болмай, 
қателіктерге ұрындыратынына қарамастан, ол қоршаған дүниені танып білудің күшті 
құралы болып, балаға нәрселер мен құбылыстар туралы жалпылама ұғымдар жасау 
мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл толық мөлшерде мектепке дейінгі оқыту процесінде 
байқалады. 
5-
6 жаста бала топтастыру қасиетіне ие болады. Айталық , шелек,тостаған,аяқ,т.б. бала 
«ыдыс»деген ұғымға жатқызып, осыларды әр түрлі нәрселерден мысалы, 
орындық,стол,керует т.б. ажыратады. 
Мектепке дейінгі кезеңде тілдің сөздік құрамы өсе түседі. Сәбилік кездегімен 
салыстырғанда мектеп жасна дейінгі баланың сөздік қоры үш есе өседі. 
5-
6 жастан бастап, сөздің жеке дыбыстарын кйбір кректі дыбысты созып айту сияқты 
белгілі амалды үйренген болса сөзге толық дыбыстық талдау жасай алады.
Мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл 
мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болады. 
Мектепке дейінгі жастағылардың ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз еске 
түсіруі – ес жұмысының бірден –бір түрі. Есте сақтау мен еске түсірудің ықтиярлы 
формалары мектепке дейінгі естияр шақта қалыптаса бастайды және мектепке дейінгі 
ересектерде жетіледі. Бұл кезеңде балалрдың кейбіреулерінде эйдетикалық ес деп 
аталатын көру есінің ерекше түрі байқалады. 
Баланың қиялы ойын үстінде қалыптасады. 3-4 жастағы балалардың ойынында 
балалмалардың заттың орнына тұруға тиісті заттың ұқсастығы басты орын алады. 
Мектепке дейінгі балалардың қиялы ықтиярсыз келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет