Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы Молдабаева Роза Аппакбайқызы Нұрғалиева Сәуле Мұқанқызы


Баланы мектептегі оқуға психологиялық дайындығы



Pdf көрінісі
бет29/63
Дата01.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#500233
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63
Beisenbekova

Баланы мектептегі оқуға психологиялық дайындығы. Баланы мектепке апарар 
алдындағы міндет болып оны жалпы түсініктермен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен 
бірге саналы ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Ең бастысы, баланың оқуға психикалық 
дайындығы қамтамасыз етуі, қызығушылық және жаңаны танып, есте сақтау, 
логикалық ойлау, жігер, тырысу қабілеттерін дамыту. Ал, бұл міндет тек арнайы оқыту 
жолымен емес, қоршаған өмірмен танысу нәтижесінде жүзеге аспақ. (ойында, еңбекте, 
үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынаста). Мектепке дайындық комплексті 
тәсілді яғни ақыл –ой белсенділігін арттыру арқылы баланың «епті» болуына ықпалын 
тигізетін, түсінуге жеңіл арнайы білім қорын жинауға , сөйтіп оған психологиялық 
сапаларды игеруге көмектесуді талап етеді. 
Мектеп оқушысына тән мінез-құлық ережелері мектепке баратын балаларға қойылатын 
талаптар: 

бала оқушы болуға қалыптасып, оқуға талпыну үшін мектеп туралы дұрыс ұғымы 
болуы керек. 

мектеп ережелері мен қойылатын талапты дұрыс түсінуі керек. 

тапсырманы орындауына байланысты үлкендердің бағалауына дұрыс мән беруі 
керек. 


37 

өз жұмысын немесе құрбысының жұмысын дұрыс бағалай алатын болуы керек. 

оқу әрекеттінің кейбір дағдыларын меңгеру, қолының жазуға дағдылануы, сөзді 
байланыстырып сөйлеуге үйренуі және жетілдіруге үлкендер тарапынан көмектесу 
керек. 
6 жаста балаларда жауапкершілік сезімі ұлғаяды. Ақыл- ойы дамып, ерік сапалары 
қалыптасады. Мектепке келген соң өзара қырым-қатынас балалар бақшасына қарағанда 
әлдеқайда күрделеніп , өзінше бір мәнге ие болады. 
Мектептегі оқуға дайындығы : 

жеке бастық 

интеллектуальдық 

әлеуметтік
Жеке бастық дайындығы - Белгілі бір құқық және міндеттері жүйесі бар, мектеп 
оқушысының жағдайын жаңа әлеуметтік позицияларға баланың даярылығын 
қалыптастыру. Бұл жеке бастық дайындық баланың мектепке , оқуға, мұғалімге, өз-
өзіне деген қатынасын айқындайды. Жеке бастық дайындық дамудың мотивационды 
және эмоциональды сфераның даму деңгейімен анықталады. 
Интеллектуальдық дайындығы – баладан нақты білім қорын, ой-өрісін талап етеді. 
Бала жоспарлы бөлшектелінген қабылдауды, аналитикалық ойлауды, логикалық есте 
сақтауды, сөйлеудің ырықтылығын, белгілерді қолдану барысында танып білуге 
қабілеттілігі болуы тиіс.
Әлеуметтік дайындығы – Баланың қарым-қатынасқа деген қажетсінуінің дамуын және 
де балалар тобының ережелеріне және қызығушылықтарына бағынуды меңгереді . 
Олардың басқалармен, мұғалімдермен қарым-қатынас орнатуына ықпалы бар сапалар 
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет