Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы Молдабаева Роза Аппакбайқызы Нұрғалиева Сәуле Мұқанқызы



Pdf көрінісі
бет32/63
Дата01.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#500233
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63
Beisenbekova

Әлеуметтік жағдайының дамуы. Әлеуметтік жағдайының өзгеруі келесідей:
-
қоғамдық қатынастар жүйесінде баланың орны өзгереді. Мектеп жасына дейінгі бала 
мектеп оқушысына айналады. 

үлкендермен қарым –қатынасының типтері өзгереді. (талаптар күшейеді). 

құрбыларымен қарым –қатынасының типтері өзереді. Құрбыларының ортасында 
баланың жағдайы бағалаумен анықталады. 
Кіші мектеп оқушысы жасындағылардың жетістіктері: психикалық процестердің 
ырықтылығы, ішкі әрекет жоспары, өзің -өзі бақылау, рефлексия. 
Рефлексия – латынша «бейнелеу» деген сөз. Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан 
дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы. 
Жетекші іс-әрекеті. Оқу –іс-әрекеті. Адамның іс-әрекеттерін белгілі бір білімді, 
дағдыларды, іскерліктерді, мінез-құлық пен іс-әрекеттің формаларын меңгерсем деген 
саналы мақсат басқаратын жерде оқу болады. Оқу адамға ғана тән іс-әрекет, осының 
өзінде ол адам өз іс-әрекеттерін саналы мақсатпен реттей алатын болған кездегі адам 
психикасының даму сатысында ғана мүмкін. Мұндай қабілет баланың мінез –құлқы 
мен іс-әрекетінің бұған дейінгі түрлерінің – ойынның , сөйлеу қарым –қатынасының , 
практикалық іс-әрекеттерінің негізінде қалыптасады. 
Оқу іс-әрекеті дегеніміз не? кез келген іс-әрекет практикалық болсын, сөйлеу жүзінде 
болсын қайсібір физикалық іс-әрекеттердің жиынтығы. Демек, оқу да адамның түрлі іс-
әрекеттер жасауы, қиылдары, жазуы, сөйлеуі. т.б. арқылы жүзеге асады. Бірақ өмірлік 
байқаулар мен арнайы тәжірбиелер таза сыртқы , дәлірек айтқанда қозғалыс 
белсенділігі үйренудің әсте де міндетті шарты емес екендігін көрсетеді. Бір 
жағдайларда, ол маңызды роль атқаруы мүмкін ( мәселен , жазудың, сөйлеудің , сурет 
салудың қимл дағыдларын меңгеру үші) екінші жағдайда, ерекше маңыз болмайды ( 
мәселен, сөздерді не тектсі есте сақтау үшін, затты танып, ажырату үшін). 
Егер оқу іс-әрекет болса, онда ол сыртқы және көзге көрінетін формаларсыз жүзеге аса 
ала ма? Зерттеулер практикалық іс-әрекетпен қатар адамның тағы да айрықша 
гностикалық ( грекше гнозис- білім) іс-әрекетті жүзеге асырлатынын көрсетті. Оның 
мақсаты - айналадағы дүниені танып білу. Практикалық іс-әрекет секілді гностикалық 
іс-әрекет те заттық және сыртай іс-әрекет бола алады.(мәслен , заттардың қасиеттерін 
зерттеп білу үшін оларды бөлшектеу мен құрастыру, салмағын, тұқын өлшеу, 
орындарын ауыстыру). Мұның өзі сондай ақ перцептивалық іс-әрекет – қарау, тыңдау, 
қадағалау; символикалық іс-әрекет – бейнелеу, белгілеу, айту. 
Оқу іс-әрекетінің мотивтері. Белгілі зат , оқиғалар , жағдайлар немесе іс-әрекет 
адамның белгілі бір белсенділігінің түп негіздерімен байланысты болса іс-әрекеттің 
себептеріне айналады. Бұл түп негіздері үш негзігі категорияға айналады. 

ішкі негіздер (қажеттіліктер) 

сыртқы негіздер ( талаптар,күту,мүмкіндіктер) 

жеке түпкі негіздер. ( құндылықтар) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет