7
баланың тиісті мінез –құлқын (сөзін, ісін) тексеру. Бұл кейкездері «кесінді»
ретінде
жүргізіледі. Кесінді дейтін себебі бақылау үздіксіз жүргізілмейді, керек деген мезгілде (
аз уақыттың ішінде) жүргізіледі .
Байқау әдісі деп- таңдамалы және жоспарлы түрде
адамның психикалық әркеттерін үйреншікті жағдайларда зерттеп және психикалық
әркеттердің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттауды айтамыз.
Бұл әдіс бойынша , зерттеуші адам, зерттелушінің әркеттерін сырттай бақылап жазып
отырады. Оны жүргізу шарты: жоспарлап алу, мақсат қою, жүйелі түрде жүргізіліп
отыруы тиіс кездейсоқ болмай, байқауды қалай жүргізу керектігін алдын ала белгілеп
алу және оған қортынды беру. Байқау
жаппай және
ішнара болып бөлінеді.
Бала психологиясы тарапынан жасалынатын эксперименттер
мектепке дейінгі және
мектеп жасындағылармен түрліше жүргізіледі.
Эксперимент – деп баланың психикасының даму заңдылықтарын бірнеше рет өзгертіп,
құбылтып, кейде жасанды жағдайда зерттейді.
Эксперимент әдісі арқылы кейбір
жеке психикалық функцияларды даралап және дәл зерттеуге болады.
Эксперимент түрлері екіге бөлінеді:
Табиғи эксперимент және Лабораториялық .
Табиғи эксперимент күнделікті дағдылы жағдайда балалардың арасында ойын, сабақ,
оқу, еңбек әрекеті кезінде жүргізіледі.
Табиғи эксперименттің 1910 жылы орыс
педагогі А.Ф.Лазурский (1874-1917ж) негізін қалады. Лабораториялық - арнайы
лабораторияларда жүргізіледі.
Жас ерекшелік психологиясында мынандай эксперимент түрлерін де қолданамыз.
Констатциялау – тексерілген мәселенің бағытын аладын ала білу
Қалыптастырушы- балаларды осы психикалық процестер мен сапалары
қалыптастыруға бағытталған әдіс.
Сонымен бірге
«көлденен кесу», «бойлай» зерттеу әдістері бар ерттеуші психиканың
қалыптасуның нақ сол сәттегі психологиялық ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде
бала психикасының дамуын көлденен кесу әдісмен зерттейді.
Кейде психологтар бір
сыналушының өзін, оның психологиясындағы,елеулі өзгерістерді жүйелі тіркей
отырып, ұзақ уақыт зерттейді. Бұны бойлай зерттеу әдісі дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: