13
сурет бойынша әңгіме құрастыру, әр түрлі жағдаяттарға байланысты сұрақ қоя білу
мен схема бойынша
сөйлемдер
құрастырып айту жұмыстары басты рөл атқарады.
Оқу біліктілігін меңгеру мақсатында ортадан жоғары деңгейде жұмысты
күрделендіріп, көптеген жұмыстарды іске асыруға мүмкіндік туады. Сондықтан
ауызша сөйлеуді меңгеруде мәтінмен жұмыстың да маңызы зор. Мәтінді ауызша
мазмұндау үшін тіл үйренушілерді жазбаша
сұрақтарға жауап беруге
дағдыландыру, жоспар құруға, сондай-ақ белгілі бір суретке тақырып қоя білуге,
сол суретке қарап сөйлем құрауға,
өздерінің ойларын, қызықты іс-әрекеттерін
әңгімелеуге үйрету, жаңа технологиялар және тәсілдерді қолдана отырып, ауызша
сөйлеу дағдыларын дамыту әдістері қолданылады.Көлемді мәтінді оқып қана
қоймай, көру арқылы мазмұнын түсініп мәтіннің мазмұны бойынша түсінгенін
айта білу. Сондай-ақ өз бетімен әңгіме құрап,
мәтінге байланысты қанатты
сөздерді, мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы сөйлеуге дағдыландыру. Бұқаралық,
ақпараттық хабарларды оқып түсіну (газет, журнал материалдары, теледидар
хабары) мен талқылауда белсенділік танытып, біліктілікті жоғарылату жұмыстары
басшылыққа алынады
Сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін, оқыған үзінділері бойынша негізгі
кейіпкерлерге
сипаттама беру, роман, эсселердің тақырыбын, идеясын талқылау,
пікірсайыс, дебат барысында өз ойын әдеби тілде еркін жеткізе білуге
дағдыландыру басты мақсат болып табылады .
Достарыңызбен бөлісу: