20
сарынды болып келіп, оқушыларды жалықтырады және пәнге деген қызығуын
төмендетеді.
Ал шығармашылықпен жұмысты мынадай тәсілдерді пайдалана отырып өткізуге
болады:
-Мәтінді өзгертіп баяндату. Мысалы: “Менің ойымша”, “Мен өз тәжірбиеме
сүйеніп айтып отырмын”, сияқты сөз тіркестерін қолдану;
-Мәтіннен іріктеліп алынған сөздерге морфологиялық талдаулар жасата отырып,
түбірлес сөздерді анықтату. Бұл жұмыс түрлері өтілген грамматикалық ережелерді
есте сақтау, іс жүзінде пайдалана білуге жаттықтырады;
-Тілді жақсы білетін оқушылар үшін белгілі бір сөйлемнің
құрамындағы сөздерді
синонимдермен алмастыруды тапсыруға болады;
-Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің ретін алмастыра отырып,
ауыстырылған
сөйлемдерді орын, орнына қою арқылы әңгіме құрастыру. Берілген сөйлемдерді
оқиға желісіне сүйене отырып, әңгіме құрастыру.
Жұмыстың бұл түрі мәтін құрамындағы әрбір сөздің мән –
мағынасын нақты
түсінуге, яғни сөздікпен жұмыс істеуге ықпал етеді.
- Берілген мәтінге сүйене отырып диалог құрастыру.
Мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстың басқа түрлері де өте көп.
1. Оқылған әңгіменің мазмұнын қысқаша, тұжырымды түрде әңгімелету.
2. Мәтін ішінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді табу.
3. Белгілі бір жоспар бойынша мазмұнын айту.
4. Мәтін бойынша сурет cалғызу.
Мысалы: 8–сыныпта “Great Britain” тақырыбын өткенде оқушылар мәтінді
төмендегі сатылай кешенді талдау арқылы әңгімелей алады.
Great Britain
1. Country Great Britain
2. Population 57 million
3. Capital. London
4. The area of UK 244.100 square kilometres