Бекен Манзура Кеңесқызы


Төртінші сұрақ: Оркестр дегеніміз не,түрлерін ата және қазақстан композиторлары оркестрге арнап қандай шығармалар жазды?



бет2/5
Дата10.02.2024
өлшемі1.4 Mb.
#491529
түріСабақ
1   2   3   4   5
Ән-күйсіз көңіл - күңгірт, өмір - бұлдыр

Төртінші сұрақ: Оркестр дегеніміз не,түрлерін ата және қазақстан композиторлары оркестрге арнап қандай шығармалар жазды?

Жауабы:

Оркестр дегеніміз— аспаптардың қосылып ойнауының жиынтығы. Оркестрдің симфониялық, ұлт аспаптар, фольклорлық, үрмелі түрлері бар. Қазақстан композиторлары оркестрге арнап 1940 жылдан бастап мынандай шығармалар жазды: А. Жұбанов — «Абай», Е. Брусиловский— «Сарыарқа», М. Төлебаев — «Той», Н. Тілендиев —«Ата толғауы», К.Күмісбеков—«Фараби сазы» және т.б.

Бесінші сұрақ: Опера мен ария дегеніміз не?

Жауабы:

Опера дегеніміз —театр сахынасында қойылатын музыкалық драмалық шығарма.Операның драматургиялық шешімі барлық музыкалық желілер, оркстр, хор, балет , әсіресе рөлдерді атқарушы әншілердің орындайтын жеке әндері арқылы айқындалады. Ария дегеніміз — операда оркестр сүймелдеуімен жалғыз әнші орындайды, көбінесе кейіпкер бейнесі сиптталады.

Алтыншы сұрақ: Қай қазақ әншісі Париж қаласында өнерін көрсетті және қай жылы?

Жауабы:

1927 жылы Әміре Қашаубаев Париж сахнасында домбырамен ән салып, екінші орынға ие болды. Ал бірінші орын ешкімге берілмеді.

Жетінші сұрақ: Қандай Қазақстан композиторларын білесіңдер, аттарын ата?

Жауабы:

Н. Тілендиев, Е.Брусиловский, Л. Хамиди, М. Төлебаев, М. Ержанов, Ш. Қалдаяқов, Ә.Еспаев, Б. Байқадамов, және т.б.

Сегізінші сұрақ: Ахмет Жұбанов кім, қандай шығармасы бар?

Жауабы:

А.Жұбанов-академик,профессор,өнертану ғылымының докторы, қазақтың алғашқы кәсіби композиторы. Әр жанрда жазған көптеген музыкалық шығармалардың және музыкатану ғылымында баға жетпес «Ғасырлар пернесі» , «Замана бұлбұлдары» кітаптарының авторы. Алғашқы ұлт аспаптар оркестрін құрушы, дерижер. Латиф Хамидимен бірігіп «Абай», «Төлген Тоқтар» операларын жазған.

Тоғызыншы сұрақ: «Ана туралы жыр» әнінің әні мен сөзін кім жазды?

Жауабы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет