Бекітемін 1-ші мар командирі


-«Біріншіге, жауапты сектор 44-тің сол жағында, 47-нің оң жағында»



бет8/9
Дата23.04.2024
өлшемі57.24 Kb.
#499570
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
черновик кафелра жоспар

-«Біріншіге, жауапты сектор 44-тің сол жағында, 47-нің оң жағында».
Қозғалыста жауапты секторлар қозғалыс бағытына қатысты тағайындалады:
-«Екіншіге, жауапты сектор сол жақта (оң жақта, алдымызда, артымызда)».

Жауапты секторда зениттік зымыран взводының (зениттік бөлімшенің) командирі әуе жағдайын бағалау негізінде жою үшін нысананы таңдайды, бұл ретте мыналарды басшылыққа алады:


- атыс жүргізу жөніндегі әскери бөлімнің ӘШҚҚ бастығының (взвод командирінің) нұсқауларын;
- бірінші кезекте неғұрлым маңызды нысаналарды жою қажеттілігін;
- нысаналардың неғұрлым көп санын атудың қажеттілігін;
- атыстың неғұрлым тиімді жағдайларын (ең аз параметр, нысана мен күн арасындағы ең үлкен бұрыш және т.б.).


Әуе нысаналары әртүрлі бағыттардан бір мезгілде шабуылдауы кезінде зениттік зымыран взводының командирі команда береді:
«Гранит», нысаналарды өз секторларыңда, жой».
Жауапты сектордан тыс жерде ату зениттік зымыран взводы (зениттік бөлімше) командирінің командасы бойынша өз секторында нысаналар болмаған кезде жүргізіледі. Секторлар атыс жұмысы барысында нақтылануы (өзгеруі) мүмкін.
Алдын ала жоспарланған атыс тапсырмасын орындауға арналған сигнал қалыптасқан әуе жағдайы жоспарланған жағдайға сәйкес келгенде беріледі:
„Гранит"„ОРЕЛ"(шартты сигнал)» немесе «Біріншіге „ОРЕЛ"(шартты сигнал)».
Атысты тоқтату үшін зениттік зымыран взводының (зениттік бөлімшенің) командирі команда береді: «Тоқтат».

Зениттік зымыран взводының (зениттік бөлімшенің) командирі атыс тапсырмаларының орындалуын бақылауды көзбен шолып және зениттік бөлімшелер командирлерінің (атқыш-зенитшілердің) баяндамалары бойынша жүзеге асырады.


Атыс кезінде командирлер (атқыш-зенитшілер) атыс нәтижелерін үздіксіз бақылауға тиіс. Атысты бақылау нәтижелері есепке алынуы тиіс:
- атыс тиімділігін анықтауда;
- бастапқы деректерді, ұшыру аймағының шекараларын, фондық жағдайды бағалауда болған қателіктерді қайталамауда.
Әуе нысаналарын ату тиімділігінің белгілері нысананы зақымдау (нысананың құлауы, жарылыс, оттың пайда болуы және т.б.) болып табылады.
Атқыш-зенитші ату нәтижесін анықтағаннан кейін, бұрын жіберілген қателерді ескере отырып, келесі атуларға түзетулер енгізеді.
Атыс нәтижелері белгіленген мерзімде команда бойынша баяндалады.
3. Өткен сұрақ бойынша сұрау жүргіземін, жауаптарын нақтылаймын, бағалаймын.

Взвод атысын басқару кезінде командирлердің беретін командалары мен атқыш-зенитшілердің баяндамалары бойынша жаттығу ұйымдастырамын.


Оқытушының әрекеттері:
1. Оқу мәселесін және оны пысықтау тәртібін жариялайды.
2. ЗЗВ құрамында жаттығу тәртібін түсіндіреді.
3. Студенттермен жаттығулар өткізеді.
4. Зерделенген материал бойынша бақылау сауалнамасын жүргізеді.
Командалар мен баяндамаларды қайталау бойынша жаттығу тәртібі
Жаттығу ЗЗМ құрамында ұйымдастырылады және оған студенттер тартылады. Жаттығу мынадай ретпен жүргізіледі:
- Жалғыз нысанаға ату кезінде.
- Топтық нысанаға ату кезінде.
- Бірнеше (2-4) бірдей маңызды нысанаға ату кезінде.
- Атуды басқа нысанаға ауыстыру үшін.
- Жауапты секторды бір орнында тағайындау.
- Қозғалыста жауапты секторды тағайындау.
- Әуе нысаналарының әртүрлі бағыттардан бір мезгілде шабуылдауы кезінде.
- Алдын ала жоспарланған атыс тапсырмасын орындауға белгі беру кезінде.
- Зымыранды ұшыруды тоқтату үшін.
Әскери қызметшілердің әрекеттері:
1. Оқытушыны баяндалған материалдың барысы бойынша тыңдайды.
2. Жаттығуға белсенді қатысады.
3. Өткен материалдың барысы бойынша сұрақтар қояды.
4. Оқытушының сұрақтарына жауап береді.

1. Әскери қызметшілердің сабақ барысында туындаған сұрақтарына жауап беремін.


2.Бағаларын жеткіземін.
3. Олардың назарын сабақтағы тәртіпке аудара отырып, сабақты қорытындылаймын.
4.Өзіндік дайындыққа тапсырма беремін.
Сабақты қорытындылау кезінде тақырыпты, сабақтың мақсаты мен оқу сұрақтарын еске саламын, көптеген қиындықтар туғызатын күрделірек сұрақтарды және материалды түсіну кезіндегі қайталанатын қателерді көрсетемін.



Өзіндік дайындыққа тапсырма:
1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттер бойынша “Дайындық дәрежелері. Взводтың атысын басқаруды” зерделеу.
2. Дәптерге “Дайындық дәрежелері. Взводтың атысын басқару” бойынша материалдарды енгізу.
3. Дәптердегі бұрынғы жазбалардың дұрыс және толық толтырылуын тексеру және қажет болса толықтыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет