Көліктік жағдайында кешендер әртүрлі жағдайларда сақтау кезінде, сондай-ақ көліктің барлық түрлерімен тасымалдау кезінде ұсталады.
Көліктік жағдайында кешеннің элементтері (ұшыру құбырындағы зымыран, ұшыру механизмі, жердегі қосалқы тоқпен қоректендіру блогы және тасымалданатын электронды планшет) өз жәшіктерінде, ал байланыс құралдары қаптамада (чехол) болады.
Әуе қарсыласының шабуылынан тікелей қауіп болмаса, кешендер шеру кезінде және басқа қозғалыстарда жорықтық жағдайда болады.
Жорықтық жағдайында құбырдағы зымырандар, қосалқы жердегі қоректендіру көздері мен ұшыру механизмдері парктік жәшіктен шығарылған. Ұшыру құбыры қақпақтармен жабылған, көздеу тіреулері жинақталған. Ұшыру механизмі атқыш-зенитшінің белдігіндегі қаптамада (немесе құбырға түйістірілуі мүмкін), ЖРС-ң кодтары (ГИ, АМИ) қолданыстағы кестеге сәйкес келетін жағдайда, ЖРС-ң (НРЗ) тумблеры - ВКЛ. жағдайына орнатылған. Қосалқы жердегі қоректендіру блогы - атқыш-зенитшінің белдік белбеуіндегі жеке қаптамада, қорғаныш көзілдірік - атқыш-зенитшінің маңдайында (каскасында) немесе ҰМ-ң қаптамасында.
ТЭП жорықтық жағдайында құлыппен жабылған жоғарғы қақпақпен ұсталады, қоректендіру батареясы ұяшыққа орнатылған және қосылған, ТЭП және радиоқабылдағыштың жұмыс түрінің ауыстырып-қосқыштары - ОТКЛ. жағдайында, радиоқабылдағыштың астыңғы диапазонының ауыстырып-қосқыштары - жиілік кГц - мГц - белгіленген жиілікке сәйкес жағдайында.
Жорықтық жағдайындағы радиостанция қоректендіру көзі орнатылған күйде, қоректендіру және шуды басу қосқышы - ОТКЛ. төменгі жағдайында, жиілік қосқышы - тиісті берілген жиілік жағдайында ұсталады.
Кешен брустверге немесе окоп қуысына, қол астындағы құралдарға немесе жерге немесе ЖӘЖМ-ның арнайы төсегішіне салынуы мүмкін немесе атқыш-зенитшінің жанында «арқаға», «қолға», «тізелерге» жағдайларында болуы мүмкін.
Кешендер жауынгерлік тапсырманы орындау үшін жауынгерлік жағдайға келтіріледі.
ТЗЗК-ң жауынгерлік жағдайы жорықтық жағдайынан ұшыру механизмінің міндетті түрде құбырмен түйісуімен ерекшеленеді; кешен дереу қолдануға ыңғайлы жерде (окоптың брустверінде, жәшік үстінде және т.б.) орналасады.
Ұрыс жағдайында ЖРС-ң кодтары қолданыстағы кестеге сәйкес қойылған, ЖРС-ң тумблері ВКЛ. жағдайында, механикалық көздеуіштің тіреулері көтерілген, алдыңғы және артқы қақпақтары шешілген, ұшыру механизмі қаптамасына салынған, тесу механизмінің рычагы - ИСХОДН жағдайында, тесу тетігінің тұтқасы 90 градусқа көтерілген жағдайда.
ТЭП жауынгерлік жағдайда көкжиек тұстарына бағдарланған, жоғарғы қақпағы ашық, антенна көтерілген және антенна ұяшығына бекітілген, қоректендіру көзі қосылған, топобайланыс координаттары енгізілген, жұмыс жиілігі белгіленген.
Әуе жағдайына және орындалатын жауынгерлік тапсырмаға байланысты барлық кешендер атысты ашуға дайындықтың үш дәрежесінің бірінде болуы мүмкін: Дайындық №3, дайындық №2, дайындық №1.
Дайындық №3:
- жауынгерлік құралдар көліктік немесе жорықтық жағдайында болады;
- көмекші құралдар - жорықтық жағдайында;
- атқыш-зенитшілер бөлімшенің орналасқан жерінде сабақтарда немесе демалыста болады.
Дайындық №2:
- жауынгерлік құралдар жауынгерлік жағдайда;
- көмекші құралдар - жорықтық жағдайда;
- атқыш-зенитшілер командир көрсеткен орындарда орналасқан (зымыранды ұшыру орнында, ЖӘЖМ – да және т.б.), кешен траншеяның брустверінде немесе нишада, ЖӘЖМ – да қозғалыс кезінде кешен атқыш-зенитшінің тізесінде немесе арнайы қойылатын орында болады.
Дайындық №1:
- жауынгерлік және көмекші құралдар жауынгерлік жағдайда;
- атқыш-зенитшілер берілген секторларда немесе бағыттарда нысананы іздеуді жүргізеді, радиостанция (радиоқабылдағыш), тасымалданатын электронды планшет, радиопеленгатор қосылады, ал жердегі радиолокациялық сұранымшы (НРЗ - С2) өшірулі тұрады, зениттік кешен "иыққа" жағдайына келтіріледі (немесе траншеяның брустверінде жатады).
Дайындық дәрежесін тағайындау немесе өзгерту үшін бөлімше (взвод) командирі пәрмен береді: "Бәріне дайындық - бір" немесе "Бірінші дайындық - бір, екінші, үшінші, дайындық - екі".
Команданы орындағаннан кейін бөлімше командирлері: "Бірінші (екінші, үшінші) дайындықта - бір" немесе "Бірінші дайындықта - бір (екінші, үшінші дайындықта -екі)" деп баяндайды.
Атқыш-зенитшінің кешеннің «иыққа» күйінде 40 минуттан артық болуы оның шаршауына және зымыранды ұшыруға дайындық және оны ұшыру кезінде сенімді әрекет ету қабілетінің төмендеуіне әкелетінін есте сақтау қажет.
3. Өткен сұрақ бойынша сұрау жүргіземін, жауаптарын нақтылаймын, бағалаймын.
1. Оқу сұрағын және оны өткізу тәртібін жеткіземін.
2. Оқу материалын презентация мен қажетті құралдарды қолдана отырып түсіндіремін:
Зениттік зымыран взводының атысын басқару:
- атыс міндеттерін түсіну;
- әуе, фондық және кедергі жағдайын бағалау;
- бағынысты және өзара іс-қимыл жасайтын бөлімшелердің (кешендердің) атыс мүмкіндіктерін бағалау;
- атуға шешім қабылдау;
- зениттік бөлімшелерге атыс тапсырмаларын қою және олардың орындалуын бақылау;
- атыс нәтижелерін бағалау және аға бастыққа баяндау.
Достарыңызбен бөлісу: |