2. ОҚЫТЫЛАТЫН ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ
«Педагогика тарихы» оқу пәнін жалпы және педагогикалық мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде оқыту педагогикалық ой-пікірдің негізгі даму бағыттары туралы түсінік береді. Ол тарихи дамудың әр түрлі кезендеріне сәйкес қоғам мен мектептің өзара қарым - қатынасының сипатын, сонымен бірге білім сферасының адамзат өміріндегі жинақталған мәдени және әлеуметтік қундылықтарды молайтудағы және оңы сақтаудағы рөлін түсінуге мүмкіндік береді. Мектеп пен педагогика елеулі дәрежеде мәдиниет пен қоғамның прогресін анықтайды.
Бұл оқу бағдарламасында Батыс Европа, Ресей және Қазақстандағы түрлі тарихи кезеңдердегі тәрбие және білім беруді талдайтын педагогика тарихының мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар қоғамның материалдық және рухани өмір жағдайларының оларға әсері; балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы мектептегі білім берудің орны; діни шіркеулік білім беру; тәрбие тәжірибесіндегі педагогикалық теориялар және олардың жүзеге асырылуы қарастырылады.
Курстың обьектісі: 5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша жалпы педагогикалық даярлықтың жүйесінде құрамды бөлігі ретінде «Педагогика тарихы»курсының мазмұны болып табылады.
Курстың пәні: Қазақстан Республикасының жоғары білім беру мемлекеттік стандартына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жалпы педагогикалық және арнайы кәсіби білім, білік, дағдыларын қалыптастыру процесі болып табылады.
Курс курсанттарының теориялық - әдіснамалық даярлығына бағдарланған, мектептің педагогикалық процесін ұйымдастырудың ғылыми негіздерін және басқаруды игеруін көздейді. Сонымен қатар жалпы педагогикалық ой - өрісін кеңейтуге ықпал жасап, өткеннің педагогикалық тәжірибесіне дұрыс қатынасты жасап шығарады.
Аталған курс төрттараудантұрады:
Педагогика тарихыкурсыныңтеориялық - әдіснамалықнегіздері;
Шетелпедагогикасы мен мектептерініңтарихы;
Ресейтарихындағытәрбие, мектеп және педагогика;
Қазакстантарихындағытәрбие, мектепжәнепедагогикалық ой – пікірлер.
Семинар сабақтарына дайындықтын маңызды формасы - өзіндік жұмыс болып табылады. Семинар сабақтарына ең күрделі және маңызды мәселелер бойынша курсанттардың баяндамалары және рефераттары талданып, пікірталастары жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |