Бекітемін Қазақстан Республикасы іім шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанайакадемиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Нурушев 2018 ж. Оқу жұмыс бағдарламасы



бет8/49
Дата24.01.2024
өлшемі178.93 Kb.
#489613
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49
399017333 (1)

5. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


1 тақырып. «Педагогика тарихы» курсы пәні және міндеттері.
«Педагогика тарихы» ғылым ретінде. Педагогика тарихының пәні және міндеттері. Педагогика тарихының әдіснамалық негізі. Педагогика тарихының философиямен, мәдениет тарихымен, азаматтық тарихпен, әлеуметтанумен, мәдениеттанумен, әдебиетпен және басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика тарихындағы тарихи - педагогикалық зерттеулердің ғылыми әдістері және педагогика тарихына қатысты дерек көздері.


2 тақырып. Алғашқы қауымдағы тәрбие. Тәрбиенің пайда болуы. Ежелгі мектеп пен тәрбие.

Алғашқы қауымдағы тәрбие генезисі тұжырымдамасы. Тәрбиенің әрекеттің ерекше түрі ретінде пайда болуы. Жанұяның пайда болуы. Жанұядағы бала тәрбиесі. Тәрбиенің ұйымдасқан формасының пайда болуы.


Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқу. Ежелгі Египет мектебі. Ежелгі Үндістандағы мектеп пен тәрбие. Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы. Жерорта теңізіндегі Антикалық әлем тәрбиесі мен мектеп. Ежелгі Грециядағы мектеп пен тәрбие. Эллин дәуіріндегі тәрбие мен білім беру. Ежелгі Римдегі мектеп пен тәрбие.


3 тақырып. Ортағасыр дәуіріндегі тәрбие мен мектеп және педагогикалық ойлар.
Византиядағы мектеп пен тәрбие. Тәрбие мен білім беру жүйесі. Византиядағы педагогикалық ойлар. Ортағасырлық Үнді және Қытайдағы тәрбиелеу мен оқыту. Қайта өрлеу және реформация дәуіріндегі педагогикалық ойлар.


4 тақырып. Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие (ХYII ғасырдың ортасы - ХYIII ғасырдың аяғы)

Жаңа дәуірдің басындағы педагогикалық ойлар. ХYII-ХYIII ғасырлардағы ағарту ісі жайлы педагогикалық ойлар. Француз революциясының педагогикалық идеялары мектеп жобалары. Мектепте білім берудің дамуының тенденциясы және оқу-ағарту мекемелерінің жаңа типтері.


Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы. Дж. Локк және Ж. Ж. Руссоның педагогикалық көзқарастары. К. А. Гельвецийдің педагогикалық мұрасы. Мектептік білімнің даму тенденциалары және оқу мекемелерінің жаңа түрлері. (типтері). (Педагог - филантроптардың оқу - тәрбие мекемелері).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет