Бекітемін Қазақстан Республикасы іім шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанайакадемиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Нурушев 2018 ж. Оқу жұмыс бағдарламасы


тақырып. Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие (ХYII ғасырдың ортасы - ХYIII ғасырдың аяғы)



бет26/49
Дата24.01.2024
өлшемі178.93 Kb.
#489613
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49
399017333 (1)

4 тақырып. Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие (ХYII ғасырдың ортасы - ХYIII ғасырдың аяғы)
1.Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы.
2.Дж. Локк және Ж. Ж. Руссоның педагогикалық көзқарастары.
3.К. А. Гельвецийдің педагогикалық мұрасы. И.Г.Песталоццидің, Ф.А.Вильгельм Дистервегтің педагогикалық теориясы мен тәжірибесі.

Орта ғасыр мен жаңа дәуірдің, феодалдық және капиталистік формациялардың аралығында өмір сүрген Я.А.Коменскийдің (1592-1670) көзқарасы сол дәуірлердің ерекшеліктері мен қайшылықтарына байланысты қалыптасты. Шығармаларына оның дидактикасына XVI-XVII ғасырдағы жаңа философиялық (Джердано Бруно, Галилей, Леонардо да Винчи т.т.) әсіресе ағылшын материализмін бастаушы Бэкон (1561-1620) философиясының әсері болды. Мұнда реалистік те, материалистік те көзқарастар да болды. Бірақ оқыту мен тәрбиенің жүйелерін құруда маңызды болатын таным проблемасын шешуде оның көзқарасы екі жақта болды. Ақиқаттың бір саласы – логикалылық, оның көзі–діни сипатта. Екінші саласы табиғатты танудан шығады. Коменскийдің көзқарасы антикалық философия мен протестанттық діни ағым арасындағы, Қайта өрлеу дәуірінің мәдениеті мен «чех бауырластарының» қозғалысының арасындағы қарама-қарсылықтар негізінде қалыптасты. Оның пікірі жаңа мен ескі ой-пікірлердің байланысынан тұрды, бірақ гуманизм мен прогрессті, демократизмді ұстанды, еңбек етуші халыққа деген ықыласы жақсы болып, өмірге құштарлық пен оптимизм, балаларға ізгілікті қарым-қатынас, сүйіспеншілік тудыруды қажетсінді.


2. Я.А.Коменскийдің есімін дүние жүзіне танытқан «Ұлы дидактика» еңбегі еді. Бұл Я.А.Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды. «Ұлы дидактикада» ақыл-ой адамгершілік тәрбиесінің мәселелері, сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері зерттелді. Ол өмірге пайдалы іске қажетті білімдерді оқытуды талап етті. Сондықтан мектептің мақсаты – ақылды адамды тәрбиелеу. Я.А.Коменский тәрбиенің ықпал ету күшін: «Адам болу үшін ол білім алуы тиіс», «Білімділер нағыз адам» - деп осылай көре білді.
Бүкіл тәрбие ісі Я.А.Коменский пікірінше табиғатқа тән, жалпы заңдылықтарға сәйкес болуға тиіс. Кейіннен Я.А.Коменский атанған бұл идея педагогикада «Табиғатқа сәйкестілік қағидасы» деп аталды. Бұл принцип оқудағы схоластика мен догматизмге қарсы күресте мәнді болды. Ол құрғақ жаттау мен догматизмге қарамаө-қарсы оқытудың бала табиғатына, оның мүмкіндігіне сәйкес болуын талап етті. «Табиғатқа сәйкестілік қағидасы» негізінде Коменскийдің жас ерекшелігі кезеңдері, мектептер жүйесі, оқыту мен тәрбие мазмұны, мектептегі оқытуды ұйымдастыру, сынып-сабақ түрінде ұйымдастырылған оқу сабақтарынан тұратын педагогикалық жүйесі құрылды. Осы қағидаға сүйеніп тәрбиенің мақсаты, міндеттерін анықтады. Адам табиғатына қарап Коменский жас кезеңдерін төртке бөліп көрсетеді.
Әр кезеңге Коменский білімнің белгілі бір деңгейін, мазмұнын анықтап, оқулық әзірлейді.
Бірінші кезең ананың жетекшілігінде өтеді. «Ана мектебі» оқулығын әзірлейді.
Екінші кезеңде барлық балалар ана тілі мектебіне барады. «Суреттерден сезім арқылы қабылданатын заттар әлемі» оқулығын пайдаланады.
Үшінші кезеңде - жас өспірімдер латын мектебіне, немесе гимназияға барды. «Тілдердің және барлық ғылымдардың ашық есігі» оқулығы қолданылды. Ересектер үшін әр мемлекетте академия немесе университет ашылды. Академияны тәмәдаған ересек жас әлемге саяхатқа шығады.
Я.А.Коменский батыл түрде педагогикаға жаңа бағыт, жаңа жол сала білді. Сондықтан ол «Тәрбиенің Галилейі» - деген әділ атаққа ие болды. Жаңа ғылым мен философияның ізімен жүре отырып, ол алғашқы рет дидактиканың жүйесін құрды, оған зор мәні бар, тың идеялар енгізді. Я.А.Коменский мектеп оқушыларының оқуына жаңа, әр салалы, ғылыми, реалды білімді енгізуге тырысты, ол табандылық пен мектеп өмірінің барлық күн тәртібін өзгертуді талап етті. Дидактиканың негізгі принциптерін зерттеу Я.А.Коменскийдің атымен байланысты, сондықтан ол қазіргі дидактиканың атасы болып есептеледі.
3. Славян халқының ұлы педагогы Я. А. Коменскийдің еңбектері дүние жүзінің барлық елдерінің педагогикалық ойы мен мектеп тәжірибесіне күшті әсерін тигізді. Ол жаңа өмірді байқай білген практик-оқытушы, өз дәуірінің мектептері мен имұғалімдерінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін дарындылықпен қорыта білген жаңашыл педагог болды. Бірнеше елдердің тілдерінде аударылған Я. А. Коменскийдің оқулықтары ХVII ғасырдың өзінде көп елдерге кеңінен тарады.Олар 150 жыл бойы бастапқы оқытудың ең жақсы оқу кітаптары ретінде басқа прогресшіл педагогтарға үлгі болды. Я. А. Коменский Россияға XVII ғасырдың аяғында-ақ белгілі еді. XVII ғасырдың екінші жартысында оның оқулықтарын Москва университеті және басқа ғылыми орындар бірнеше рет қайта бастырып отырды.
Я.А.Коменскийдің еңбектерін орыстың алдыңғы қатарлы өкілдері педагогика ғылымына қосылған асыл қазына ретінде қабылдады. Қазақтың тұңғыш демократ-педагогы Ы. Алтынсарин де және оның замандастары болған басқа халықтардың Гогебашвили, Чавчадзе сияқты прогресшіл педагогтары да өз еңбектерінде Я. А. Коменскийдің идеяларын насихаттап отырды. Бірақ орта ғасырлық дәстүрлердің ұзақ уақыт тәрбие мен мектеп өміріне кең түрде қатаң үстемдік құруына байланысты Я. А. Коменскийдің жаңашыл педагогикалық идеялары мекткп тәжірибесіне тым шабан, ескі мектеппен тіркескен күрес үстінде еніп жатты. Сөйте тұрса да Я.А.Коменский жаңа заман педагогикасының қалыптасуына, әсіресе дидактиканы дамытуда, өте зор, тарихи рөл атқарды.
Я.А.Коменский өзінің тамаша шығармасы «Ұлы дидактиканы» барлық халық жастарын бүкіл білім салаларына жаңа жолмен, оңай және ұғымды етіп қыту үшін жазды, онда өзінің алдына оқытудың жолын жаңа негізге салу мақсатын қойды. Я.А.Коменский мектеп үшін жалпы бағдармалар, оқулықтар, оқыту әдістерін жасап шығару ісін ең негізгі міндет деп санады. «Ұлы дидактикада» төмендегідей төрт дидактикалық сұраққа жауап берілді

  1. Қалай жақсы оқытып, тәуір оқуға болады?

  2. Оқыту мен оқудың жеңілділігі.

  3. Оқыту мен оқудың негізділігі.

  4. Тез оқытудың ережесі мен тәсілдері.

«Ұлы дидактиканың» арнаулы тарауларында оқыту ісіне қойылатын басты-басты дидактикалық талаптар баяндалды.
1. Оқытуға қолайлы уақытты таңдау.
2. Оқушыларды сабақ оқуға ынталандыру.
3. Материалды біртіндеп күрделендіру (Дәйектілік, жүйелілік)
4. Анық пайда келтіретін нәрсені ғана оқыту.
5. Саналы түрде меңгеретін нәрседен басқаны жаттатпау.
6. Бала табиғатын ескеріп отыру, қалаған нәрсені немесе оның меңгере алатын нәрсесін ғана оқыту.
7. Материалды меңгерту үшін мүмкіндігінше сыртқы сезімдерді де қатыстырып отыру.
Осыдан 430 жылдай бұрын өмір сүріп, шығармашылықпен қызмет жасаған Я.А.Коменскийдің айтып кеткен педагогикалық ой-толғамдары өзінің ғылыми негіздерін сақтап келеді. «Ұлы дидактикада» балалармен оқу жұмысын ұйымдастыру мен оның теориясының негізгі мәселелерін қарастырды. Балалардың адамгершілікті тәрбиесіне көп көңіл бөлді. «Ана мектебі» оқулығында негізінен отбасы тәрбиесі туралы сөз қозғалады. «Ұлы дидактиканы» ол 1627-1638 жылдар аралығында жазды. Қазіргі күнгі оқыту мен тәрбиелеу жүйесіндегі мәселелердің көпшілігі оның дидактикасынан туындады: қазіргі күнгі мектеп, жаппай білім беру (ұлттық, класстық, жыныстық ерекшеліктерге бөлмей оқыту), көрнекі оқыту әдісі, дыбыстық әдіс, шет тілінің алдында ана тілінің маңыздылығы, мектептегі білім берудегі күн тәртібі, дене жаттығуларының маңызы, мектеп пәндерінің ішінде музыканың міндеттілігі, сабақ пен дем алудың реттілігі, мектеп алдындағы бақша немесе алаң болуы т.т. Мектеп, Коменский пікірінше, қуаныш үйі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет