Бекітемін Қазақстан Республикасы іім шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанайакадемиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Нурушев 2018 ж. Оқу жұмыс бағдарламасы



бет27/49
Дата24.01.2024
өлшемі178.93 Kb.
#489613
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49
399017333 (1)

Джон Локк (1632-1704)-белгілі ағылшын философы, жаңа буржуазияның өкілі. Кішкене қала адвокатының, 40-жылдардағы реврлюцияда ағылшын короліне қарсы шыққан парламент армиясының капитаны отбасында дүниеге келді. Білімді Вестминистрлік грамматикалық мектепте және Оксфорд университетінде алды. Бұл оқу орынан өлі классицизмге деген жек көрінішті сезімді алып шықты. Жаңа философияны (Бэкон, Декарт), медицина мен жаратылыстануды өз бетінше оқып, зерттейді. Осыдан кейін саяси қызметкердің баласы мен немересін біраз жыл бойы тәрбиелейді. Көп саяхаттайды, ұзақ уақыт Францияда өмір сүреді, мұнда Монтеннің пікірлерімен танысады. 1683 жылы абсолюттік реакцияның кезінде, Стюарттардың реставрациялық әрекетінің кезеңінде Д.Локк Англиядан Голландияға буржуазиялық-демократиялық либералды оппозицияның жетекшісінің соңынан кетуіне мәжбүр болады.
5 тақырып Батыс Европа елдеріндегі ХIХ-ХХ ғасырлардағы мектеп пен тәрбие.
1. Мектептердің дамуының негізгі бағыттары. ХIХ - ғасырдың педагогика классиктері.
2. И.Г.Песталоццидің, Ф.А.Вильгельм Дистервегтің педагогикалық теориясы мен тәжірибесі.
3. Қазіргі педагогикалық ойлардың дамуының негізгі бағыттары. Оқу мен тәрбие жүйесін реформалау.


1. ХIХ-ХХ ғасырлардағы мектептердің дамуының негізгі бағыттары.
Мектеп тарихында негізгі күрт өзгерістер кезеңдері ХІХ ғасырдың соңғы үшінші жартысында ұлттық білім беру жүйелерін құруға мектептің өзін өзгертудің бағыттары мен жолдарын іздестіру болды. Бұл жылдар мектептерді басқарудың орталықтандыру мен қаржыландыру, бастауышқа білім беру мерзімін ұзарту, бастауыш пен орта звеноаралық қосымша мектеп құру сияқты өзгерістер мен белгіленді. Әр ұлттың білім беру жүйесінің өзінің мәселелері пайда болды.
АҚШ-та ауыл мектептерінің қаладан артта қалуы, орта мектептің оқу жоспары мен бағдарламаларының уақыт талабына сай келмеуі;
Англияда - халыққа білім берудің ортақ болмауы, бұқаралық мектептердің көбейіп кетуі, бастауышта білім берудің утилитаризмдегі классикалық орта білімнің дәстүрленуі;
Германияда - оқыту мазмұны мен әдістерінде догматизммен верболизмнің сақталуы халық ағарту ісіне шіркеудің белсенді араласуы;
Францияда - басқа батыс Европа елдерінен кәсіптік білім беру саласында едәуір артта қалу.
Бірақ жалпы осы мемлекеттердің алдында бір-ақ мәселе тұрды. Мектепті дәуірдің экономикалық және саяси талаптарына сай ету.
Мектепті қайта құру жолдарын іздестіру адамға тәрбие мен білім беру мәселесін талқылау жағдайында өтілді.
ХІХ ғасырдың соңында Батыс Европаның күрделі мемлекеттерімен АҚШ-тың қоғамдық-экономикалық қарым-қатынастардың өндірістік ғылыми техникалық қайта қалыптасуы мен әлеуметтік институттардың жетілуін талап ететін деңгейге жетуімен белгіленді. Мұндай жағдайларда қоғамда ертеректе байқалған дәстүрлі мектептің оқыту мен тәрбие іс-тәжірибелерінің жаңа экономикалық және саяси талаптарына сай еместігі айқындалады. Ең алдымен ескі мектептің балалардың белсенділігі мен өз бетінше ойлауына ықпал болды.
Жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген дамып келе жатқан өндіріс өзіне жаңа құрал-жабдықтарды қолдана алатын білікті жұмысшыларды қажет етті.
Мектеп ісі мен жаңа экономикалық жағдайлар арасындағы қарама-қайшылықты мектеп реформасын талап ететін педагогтық қозғалыстарды тудырды.
Қоғамдық көзқарасқа зерттеудің дәстүрлі обьектілері - мектеп пен отбасымен қатар оқушылардың еңбек қызметі, бос уақыты және қарым-қатынастарын зерттеу кіре бастады.
Бұл ағымдардың арасында ең белгілі болған «ерікті тәрбие», «еңбек мектебі», «іс-әрекет мектебі» және т.б. жақтаушылардың қозғалысы. Қиындық келтіретін жағдай - осы барлық ағымдардың жіктеуі себебі, бұлардың концепцияларында ортақ және әрқайсысына өзіне тән ерекшеліктері бар.
Дамыған ғасырдың соңында барлық Европа елдерімен Америкада міндетті бастауыш білім туралы заңдар шықты.
Англиядағы білім туралы заңдардың авторларының бірі. Г.Фарстер дамыған елдердің барлығының сол кездегі жалпы уайымын білдіреді. Оның айтуынша егер олар өз жұмысшыларын қараңғылықты (білімсіз) қалдырса және оларды кәсіптік қызметке даярламаса, онда бұл елдер әлемдік бақталастықта жеңіліске ұшырайды.
Жаңа адамды тәрбиелеу, оқушылардың арналуы және жалпы даму арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу, міндетті мектептегі оқушы санының өсу жағдайында оқушының жеке тұлғасының шығармашылық мүмкіндігін дамыту және оқу үрдісінің сапасын көтеру педагогикалық теория алдында жедел мәселе қойды -мектеп жүйесін өзгертудің тиімді жолдарын табу, білім, тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруын және мақсаттарын, мазмұнын, әдістерін қайта қарау. Білім берудің мазмұны мен тәрбие әдістерін модернизациялау мәселесі классикалық және табиғи-ғылыми білім беру өкілдерімен қоса осы екі бағытты қосуға әрекет жасағандар арасында да қызу таластар туғызды. Педагогикалық пікір-таластың ортасында болды. Сол уақыттағы педагогиканың маңызды мәселелерін шешу үшін жаңа теориялық көзқарастар, білікті мамандар алдыңғы педагогикалық теория мен білім беру тәжірибесін қайта бағалау қажет болды. Пайда болған жаңа философиялық концепцияларға еліктеу педагогика мен мектеп тәжірибесі саласындағы реформаторлық қозғалыстың өзінде көзқарастардың әртүрлі болуына әкеліп соқтырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет