Иоганн Фридрих Гербарт (1746-1841) философ, псижолог, математик және ХІХ ғасырдың әйгілі неміс педагогы.
Оның педагогикалық мұрасы мына негізгі еңбектерінде сақталған: «Тәрбие мақсаттарының негізіндегі жалпы педагогика»(1806), «Психологияны педагогикаға пайдалану жөніндегі хаттар»(1831), «Педагогика лекцияларының очеркі»(1835).
Гербарттың пікірінше тәрбиенің мақсаты – адамдағы ізгілік пен жақсылықты қалыптастыру, бұл ізгілік пен жақсылық та мәңгі және өзгермейді деп тұжырымдады.
Гербарт бүкіл тәрбие процесін үш салаға бөлді: басқару, оқыту және адамгершілі тәрбие.
2. И.Г.Песталоццидің, Ф.А.Вильгельм Дистервегтің педагогикалық теориясы мен тәжірибесі.
XVΙΙΙ ғасырдың ортасында Швейцария артта қалған феодалдық мемлекет еді. Иоганн Генрих Песталоцци жас кезінен Швейцария шаруаларының ауыр тұрмысын өз көзімен көрді. Оларды, бір жағынан, дворян-помещиктер қанаса, екінші жағынан, тоқыма өндірісінің иелері қанады. Пестолоцци әуелі неміс бастауыш мектебінде, кейін латын орта мектебінде оқыды. Мектептен кейін қоғамдық ғылым беретін жоғары оқу орны – коллегиумге түседі. тБұл оқу орынындаға профессорлардың ішінде француз ағартушыларының пікірін қуаттаушылар болатын. Олар жастарды философиялық және саяси әдебиеттермен таныстыратын.
Жан-Жак Руссоның «Эмиль» және «Қоғамдық шарт» атты еңбектері Песталоцциге үлкен әсер етті. Оның халыққа қызмет ету жөніндегі ойын нығайта түсті.
Песталоцци 1774 жылы «кедейлер үйін» ашып, оған елеуге тарта жетім және панасыз балаларды жинады. Балалардың өздері еңбек етіп, тапқан табыстарымен бұл үйді ұстауға болады деп есептеді. Балалар ауыл шаруашалық еңбегімен және тоқыма кәсібімен шұғылданды. Өзі балалардың оқу, жазу және санауға үйретті. Сөйтіп, Пестолоцци оқуды еңбекпен ұштастырды. Ол еңбекті жан-жақты тәрбие берудің құралы деп бағалады.
ΧΙΧ ғасырдың бас кезінде жарияланған «Гертруда балаларын қалай оқытуды» , «Аналар кітабы», «Бақылау азбукасы», «Сан жөнінідегі көрнекі ілім» атты еңбектерде Песталоцци бастауыш білім берудің жаңа әдістерін ұсынды.
Швейцария педагогі, демоқрат, бастауыш оқудың дидактикалық негізін салушылардың бірі. Ол тәрбие табиғатган туыңдайтын болуы тиіс, сондықтан тәрбие адам бойындағы табиғат берген рухани және дене күшін баланың сапалық ерекшелігімен, оның жан-жақты талпыныстармен үштас-тыруы тиіс екенін дәлелдеді. Песталоцийдің элементарлық білім беруі ақыл-ой, адамгершілік, дене және еңбек тәрбиесімен үштасып, өзара байланыста адамның гармоникалык дамуын қамтамасыз етуін талап етгі.
Достарыңызбен бөлісу: |